Сабақтың тақырыбы:
Етістікті қайталау
Білімдік мақсаты:Етістікті қайталай отырып,мағыналық түрлерін (болымды, болымсыз) ажырату
Дамытушылық мақсаты: Етістіктің тұлғасын, құрылысын талдау, мақал- мәтелдердің оқушы тілінде аясын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты:Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Әдістер:Талдауды қолдану, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырма, тест сұрақтары, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Ойын, жұмбақтар, интерактивтік тақта.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу
Ә)Оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
А)Үй жұмысын тексеру
Сұрақтар :
1.Дара ,күрделі етістік дегеніміз не ?
2. Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
3.Сабақты, салт етістік дегеніміз не ?
4.Етістер дегеніміз не ?
5.Есімше дегеніміз не ?
6.Көсемше дегеніміз не?
7. Оның жасалу түрлері қандай?
3.Жаңа сабақты түсіндіру .
Етістікті қайталау(болымды, болымсыз түрі)
Лексика – грамматикалық мағынасына қарай талдау
Берілген сөз: Барма
1.Бұл сөз екі құрамнан тұрады: бар-ма
2.Тұлғасына қарай:туынды
3.Құрылысына қарай: дара
4.Мағынасына қарай: болымсыз етістік
5. Жаттығу орындау:
266- жаттығу. (Етістіктің мағыналық түрлері)
Болымды: келіссөздер басталды, тағам (ды) (нені?) әзірлетіп, қонақасыларын ала келді, пешін (нені?)әкеліп, сапалы екенін (нені?) көрсетіп, нені? кесіп, нені? дайындап жатты, тұздықты (нені?) құйыпты.
Сабақтыны , салт етістіктіктерді екі бағанға бөліп жаз.
6. Етістіктің түрлері
Негізгі етістік: оқы, кел, ал
Туынды етістік: келмес, алмас
Көмекші етістік: алып тұр, келе жатыр
Болымды етістік: бар, кел, ал
Болымсыз етістік: барма , келме, алма
Дара етістік : жаз, айт, сүрт
Күрделі етістік: барып кел , айтып кел.
7.Туынды етістіктің жасалуы:
Берілген зат есімдерден етістік құрастырып, жасалу жолын анықта.
Жұрнақтар: Мысалдар:
-ла, - ле ой, сөз
-да, - де тұз, гүл
- та, -те бас, іс
Сөйлем мүшелеріне талда және сөздерге морфологиялық талдау жаса.
1-топ 2-топ
Саудагерлік жер танытады. Бүгін кесіссөздері
басталады.
Танытты басталды.
«Жуынды» сөзін жекеше, көпше түрде жікте.Бұл сөздің омоним екенін дәлелде. .(ауызша морфологиялық талдау)
«Айтқыз» сөзін жекеше, көпше түрде жікте.(ауызша морфологиялық талдау)
8.Тест
1 «Отыр» қандай етістік?
А)күрделі
Ә)болымсыз
Б)дара
2 «Сызба» сөзі қай етістік?
А) болымды
Ә)болымсыз
Б) күрделі
3Жалпылау есімдігін көрсетіңіз:
А) қанша?неше?
Ә)әрбір, әркім
Б) барлық , бүкіл
4Жіктеу есімдігін көрсетіңіз:
А) барлық , бүкіл
Ә)өзім, өз
Б) мен,сен
5 Өткен шақта есімшені көрсетіңіз
А) Мен оны көргенмін.
Ә)Ол саған айтар.
Б) Айтатыным жоқ.
6 Тұйық етістікті тап:
А)келемін, айтамын
Ә)оқу, жазу, ойлау
Б) айтқан, жазған
9.Сұрақтар арқылы қорыту (тірек – сызба арқылы)
1.Етістік қандай сұраққа жауап береді?
2.Етістіктің қандай түрлері бар?
3.Етістік сөйлемнің қандай мүшесі?
4.Болымды етістік дегеніміз не?
5.Болымсыз етістікке мысал келтір.
Әңгіме құрастыру
Өздеріңе ұнайтын ұлттық тағамның дайындалуы туралы әңгіме құрастыр.
Өзіңе ұнайтын мамандықтың ерекшелігі туралы әңгіме құрастыр.
10.Үйге тапсырма:Етістікті қатыстыра отырып «Көмек » тақырыбына әңгіме жазу.
11.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |