Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал Сөзжұмбақ



Дата17.06.2018
өлшемі22,71 Kb.
#43006
түріСабақ
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты:
1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы - әр адамның шағын Отаны.
Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін түсіндіру.
2. Балалар әке - шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Сөзжұмбақ.
1. Мемлекеттік рәміздің бірі.
2. Еңбек құралы.
3. Ең жақын адам.
4. Уақыт өлшемі.
5. Ырыс алды -
Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /
апа, ата, ана, іні, аға./
Жұмбақ отбасы туралы
1. Балдан тәтті не?
( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы?
(ата)
4. Үйдегі алтын адам кім?
( ана)
5. Ұлдардың кішісі
(іні)
2. Кіріспе сөз
- Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады.
- Отбасы дегеніміз не? (Оқушылар сызбаны толтырады.)
- Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
- Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
- Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
• Отбасын жанұя, шаңырақ деп атайды.
• Отбасы деген сөздің өзі отбасы ошақ қасы деген мағынаны білдіреді.
• Отбасы екіге бөлінеді шағын және үлкен
• Шағын отбасы ол анасы мен әкесі бала-шағасымен тұрады.
• Үлкен отбасы ол атасы мен әжесімен тұратын
- Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ.
3. Пап пен мама сөзіне түсінік беру.
- Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой.
- «Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстың немесе басқа да славян халықтарының төл сөздері емес. «Папа» сөзі көнедегі гректің «papas» сөзі мен латынның «papa» сөздерінен шыққан. Католиктік шіркеуде дін қызметкерлерінің ең лауазымды, ең жоғары қызметкеріне «Папа» деген атау берген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт VIII деген сияқты. Сөйтіп орыстар арқылы қазақ еліне де жетті.
- «Папа» сөзі — орыстардың сөзі» деуге болмайды. Өйткені ол сөздің орыстар арқылы жеткені болмаса, түп тамыры латын тілінде жатыр. Орыстардан басқа әлемнің қаншама ұлты әкені «папа» деп атайды. Мама сөзі де солай: әлемнің көптеген ұлттары ананы «мама» деп атайды. Бірақ «мама» сөзінің мағынасы ертедегі шіркеулерге қатысты емес.
- Мама — латынша «mamma (мағынасы: әйелдің емшегі)» сөзінен шыққан. Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын тілінен шыққан деуге толық негіз бар.
Барлық тілде дерлік баламасы бар
- Байқасақ, аты белгілі, бір - екі ауыз сөзі таныс тілдердің барлығында дерлік» папа» мен «мама» сөздеріне балама боларлық арнайы сөздер бар. Ондай сөздер қазақ тілінде де бар: әке, ата, ана, шеше. Егер әкесін «папа», анасын «мама» дейтін қазақтарды шектен шыққан адамдарша жетесіздер мен арсыздар қатарына жатқызсақ, онда елдегі үш адам екеуі немесе төрт адамның үшеуі жетесіз болып шығады. Әрине, олай деу тым артық кеткендік болады. Керсінше, ілік іздеп, әрбір сөздің мыңдаған жылдар бұрынғы астарына үңілу жетесіздікке ұқсайды емес пе?! Оның үстіне, көне мағынасы қазақтың тіліне де діліне де жат қаншама сөз бар. Ол аз десеңіз, «папа» дейтін баланы кінәлап, солай айтуына жауапты ата - анасын кінәләмайтындар бар. Бесіктен белі шықпаған баланың тілі мен тәрбиесіне жауаптылар — ата - анасы.
- Иә, қазақ баласының тілі қазақша шығып, әкесін «әке» деп, анасын «ана» деп атағанына не жетсін, шіркін. Қазір «папа» мен «мама» сөзіне құлағымыз үйреніп, ол сөздерді санамыздың сіңіріп алғаны соншалықты, «әке» мен «ана (анашым)» дейтін балалардың сөзін естігенде жалт қараймыз. Неге? Өйткені қазақтың кейбір төл сөздері қазақтарға жат болып қалған, күнделікті тіршілікте қазақтың төл сөздерін қолданатындар өте аз. Тіпті жасы үлкен, сүтті биелерді «мама бие «деп атаған.
4. Ойын кезеңі.
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Шаңырақ сөзін қалай түсінесің?
3. Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім?
4..... не отбасынан басталады.
5. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
6. Ұлдардың үлкені
7. Нағашы жұрт деген кім?
8. Жезде деген кім?
5. Отбасына арналған өлең - жырлар оқылады.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
- "Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек" – деп отбасына арналған жыр шумақтарымен сынып сағатымызды аяқтайық.

Тақырыбы: Халықтың байлығы тілде.
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір – қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге, тілге деген құрмет барлығымыздың бойымызда болуы керек екені туралы айту.
Түрі: Интеллектуалдық ойын
Әдісі: Сайыс
Көрнекілігі: Қанатты сөздер
Барысы.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім бар да айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, - деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – халықтың жаны, сәні тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі өте бай тіл. Осы бай тіл – біздің мақтанышымыз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді, ана тілімізді қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек.
- Міне осындай ұлағатты сөздерден кейін тебірене отырып «Сөз мерген» ойынымызды бастайық.
Ойынның шарты:
«Мақал – сөздің мәйегі» мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
«Білгенге маржан» берілген сөздердің омоним, синонимдік қатарларын табу.
«Тіл байлығы» тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
«Сөз байлығы» «Ана тілім – айбыным» тақырыбына шағын ой толғау.
Сұрақ – жауап. Тілге егемендікке байланысты сұрақтарға жауап.
«Ұшқыр ой» «Қанағаттандыралық» сөзінен сөздер құрау.
- Ойынымыздың бірінші бөлімі бойынша «Мақал – сөздің мәйегі» мақал – мәтел жалғасын табу.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...(шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет (елге құрмет)
Екінші бөлім «Білгенге маржан» ұяшықтарда сөздер жазылған сол сөздердің синоним, омоним қатарларын табу.
Ой
Көлеңке
Қасы
Қоспа
Ер
Шаңырақ
Қол
Ашу
3 бөліміміз «Тіл байлығы». Ұяшықта жасырылған тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
Бетінің кіріне бес ит тойғандай ( кір, лас)
Жүрегі аузына тығылды( қорқу)
Тайға таңба басқандай (анық, дәл)
Қоян жүрек ( қорқақ)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Тонның ішкі бауындай (жақын)
Қас пен көздің арасында ( лезде, жылдам)
Маңдай терімен тапты ( өз еңбегімен)
Кірпік қақпады (ұйықтамады)
Терісіне сыймады ( ашуланды)
4 бөлім «Сөз мерген». тіл туралы тақырыптар берілген, яғни тіл туралы шағын ой толғау жазу керек. Уақыт 3 минут.
«Ана тілім – айбыным»
«Қасиет пен құт дарытқан ана тіл»
«Мемлекеттік тіл – достық пен бірлік тілі»
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
«Түркі тілдерінің ішіндегі ең гаухары – қазақ тілі»
«Тілім – тірегім»
«Өнер алды – қызыл тіл»
Келесі бөліміміз «Сұрақ - жауап».

1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Қазақстан Республикасының нышандарын ата
Келесі бөлім «Ұшқыр ой» бөлімі. Тапсырма: «Қанағаттандыралық» сөзінен 3 минут уақыт ішінде сөздер құрап шығару. Ең көп сөз құраған ойыншы ойынымыздың жеңімпазы болмақ.
Жеңімпазды анықтаймыз.
Қорытынды: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.
Тіл жайында толғанбайды кім бүгін,
Тіл жайында үгіттейді кімді – кім.
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым,
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет