Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезені. Тақырып пен мақсатымен таныстыру. Әнұран орындау



Дата08.09.2017
өлшемі30,75 Kb.
#31742
түріСабақ
Қызылтаң орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты: «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!»

6 сынып.

Өткізген: Салыкова С.Т.

2016-2017 оқу жылы

Тақырып: Ұрапқтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

Мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлумат беру, оқушылардың ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау, Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштікке, елжандыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезені.Тақырып пен мақсатымен таныстыру.

Әнұран орындау.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрбір қазақстандықтардың жүрегіне жақын.

Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан да өскелен ұрпақты аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қахармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналады.

3. Ой ашар сұрақтары: 1. Балалар, біз қандай елміз?

2.Қай жылы тәуелсіздік алдық?

3. Қай жылы Отан соғысы басталды?

4.Біздің елімізден қанша адамдар қатысты?

5. Алғашқы қыз батырлар?

4. Ой қозғау. Слайд көрсету.

5. «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнің мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған. Өзіміздің Қызылтаң ауылының орталығында Сағынтай ағамыздың демеушілігімен орнатылған ескерткішімізде ауылымыздың сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлеріміздің есімдері қашалған.

Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы

9 – мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Оқушылардын сөздері айтылады.

6. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.



1 минут үнсіздік.

7. Иә, бүгінгі күн көптеген күткен салтанатты күн, зымырыған уақыттың қанатында Жеңістің міне 72 көктемі де келіп жетті. Осындай бақытты күнді, елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.



Оқушылардың өлең жолдары тыңдалады.

8. Жазылған жоқ откен күн жаралары

Сиреп кетті-ау қарттардың аралары

Бабам жауға бермеген туған жерді

Қорғайды әлі бабамның балалары.

Ендігі кезекті батырлар, ер, ерлік туралы мақал-мәтелдер тыңдалады.

9. Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескендердің арманы мен ұраны,



Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

6 сынып оқушылардың орындауында ән.

10. Қортынды: Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие отырып,ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту болашақ мына біздің қолымызда. Еліміз үшін, жеріміз үшін құрбан болған батырларымызға мың тағзым!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет