Информация об участнике на конкурса



бет1/3
Дата31.12.2019
өлшемі0,7 Mb.
#53972
  1   2   3
Информация об участнике на конкурса

Ф.И.О

Кайр Гульнар Алдабергеновна

Абылгазина Акжайк Аманжоловна,



Должность

Учитель казахского языка и литературы

Язык работы

казахскиий

Полное найменование учебного заведение

Пресновская средняя школа им.И.П.Шухова

Область

Северо-Казахстанский Жамбылский район

с. Пресновка



Адрес электронный почты

kair-gulnara@mail.ru

abylgazina2015@mail.ru



Контактный телефон

8-715-44-2-02-45 87759793029

8-718-44-2-16-45 87053204142



Тема конкурного материала

70-летие Победы в ВОВ

«Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде»







Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.

(Слайдта заставка)

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған Әлияның өмірбаяны мен ерліктері туралы оқушыларға хабар беру. Оның ерлігін үлгі ете отырып, ел есінде мәңгі сақтау.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке - Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батыр қыздың бірі – Әлия Молдагулова.

Ендеше, бүгінгі «Қазақ қызы Әлияның ерлігі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.


1-оқушы ( на фоне музыки)
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

Аққу құстың бейне бір баласындай,

Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.


Әлия - ару қызы сен халқымның,

Әлия - батыр қызы сен халқымның,



Ерке құсы сен даламның!

(Слайд «Әлия»)


2 -оқушы
Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі  қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

3- оқушы


Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.

4 – оқушы



Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болады

(Слайд сегіз жасар Әлия)


5-оқушы

Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында ұлы Бағдат пен қызы Әлия қалады. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікеннің қолына беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейеді. Үй-іші Әлияны өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретіп, оған қыздар үй жұмысында көмектеседі, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бағады. Өз құрдастарына қарағанда, Әлияның мінезі қисық, қатал болған екен.



(Слайд Балалық шағы)

6-оқушы


Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жалқауларды жек көріп, бүкіл балалардың алдында сынап, ұрысатын. 6-7 сыныптарда Әлия староста болған. Үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген.
(Слайд Әлияның бағалары)


7 -оқушы

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды.


8-оқушы

Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...

(Слайд Ленигнград



Каталог: uploads -> doc -> 0e2d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e2d -> Акт-ны қолданып өткізілген «Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық галереясы» тақырыбындағы бейнелеу өнері сабағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет