1943 жылы Әлия мергендер мектебін үздік бітіріп, өз еркімен майданға аттанды. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Алайда жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігінде Новосокольники ауданында қаза тапты.
Құрметті, барша қауым, Әлия апамызды және Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен орнымыздан тұрып еске алайық. (Слайд «Еске алу»)