Сабақ барысы: Мақсаты: болып жатқан оқиғаларға қатысын көрсету, әр нәрсені жан-жақтан көруге үйрету



Дата22.10.2019
өлшемі18,75 Kb.
#50430
түріСабақ
Байланысты:
қатыгездікпен қараудан қорғау құқығы

Тақырыбы: «Қатыгездікпен қараудан қорғау құқығы»

Мақсаты: түрлі зорлық-зомбылық көрсетуден қорғану және қауіпсіз іс-әрекет туралы ойлануға мүмкіндік беру.

Сабақ барысы:


  1. Мақсаты: болып жатқан оқиғаларға қатысын көрсету, әр нәрсені жан-жақтан көруге үйрету

Оқушылар жайланып шеңберге отырады және рет бойынша айтылған сөзге көршісі ретпен жақсы немесе жаман (теріс) айтады. Мысалы: бірінші оқушы «Аспанды бұлт торлады - ол жақсы, күн денеңді күйдірмейді десе екінші оқушы сөйлемді аяғына дейін тыңдайды да «жаңбыр жауа бастайды, жер балшық болады - ол жаман» тағы солай жалғасып кете береді.

  1. Түсінік жұмыстары.

Балаға қатысты зорлық –бұл дене немесе эмоционалды қатал қарым-қатынас, сексуалды қорлық, қаңғыбастық немесе ата-ана міндеттенінен ауыту, қанау, баланың денсаулығын, дамуына немесе намысына, сеніміне зиын келтіретін барлық формалардың түрлері.

Бала құқығы туралы Конвенция балалардың барлық зорлық түрлерінен қорғалуға құқығы бар, балаларға қатысты зорлық көлемінің ауқымын мойындайды және көрсетеді. Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, өлім, жарақат алу түсінігі жатыр.

Зорлық-зомбылықтың түрлері:


  • Физикалық зорлық: соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен не болмаса басқа да нәрсемен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып-соғу, қару-жарақ қолдану, отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық көмектің жәбірленушіге қолжетерлік жағдайда болмауы т.б.

  • Жыныстық зорлық: күшпен қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру, зорлау, жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б.

  • Психологиялық зорлық: Сөзбен кемсітушілік, бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқан-лоқы, жеке заттар мен үй жануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту; аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің араласатын ортасын бақылау; зәбірленушіні әртүрлі орындарында болуын, достарымен араласуын білім алуын, жұмысын бақылау т.б

  • Эмоциялық зорлық: Жәбірленушіні өзін кемсітетін әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің күн тәртібіне бақылау жасап отыру т.б

  • Экономикалық зорлық: Балаларды қамтамасыз етуден бас тарту; табысты; отбасылық қаражатты оң-солды жұмсау, көптеген қаражаттық шешімдерді өз бетімен қабылдау (азық-түлік алуда балалардың қажеттіліктері есептелмейді).

  • Балалар еңбегін қанау: Күшпен жұмыс істету, құлдық, қорқытып алу, қайыршылық.

Ауызша біріктіру: «Қатыгездікпен қарау» түсінігіне ой жүгірту. Әр қатысушы өз ойларын айтады.

  • Енді осы қатыгездік сөзіне қарама-қарсы сөзді тауып көрейік. Балалар әр түрлі айтуы мүмкін. (жақсылық, достық, адамгершілік, мейірімділік)

  • МЕЙІРІМДІЛІК-сөзін түсіндіруін сұраймын. Балалардың өз ойлары, жауаптары тыңдалған соң слайд арқылы мейірімділік туралы толықтырылады.

  • - Мейірімді, мейірімділік деген сөзді қалай түсінесіздер?
  • - Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?


  • - Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?



  • «Мейірімділік» ― адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу

  • Адамгершілік деп адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді бала кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет.

  • Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезді, балағат сөз айту, үлкенді сыйламау, тыңдамау, сөзін бөлу, қастандық жасау, ренжіту, ауыр сөздерді айту- бұл мейірімсіз, адамгершілігі төмен адамдарға тән мінездеме.

  •  Адам бойындағы сондай бір жарқын, ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі - мейірімділік. Бұл қасиет адам баласын тек жақсы қырынан көрсетіп, адамгершілікке жат қылықтардан аулақтатады.

  • Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан-дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

Суреттерді құрастыру арқылы 2 топқа бөлу

І топқа «Мейірімділік», ІІ топқа «Қатыгездік» туралы мақұлданатын болжамдарды жазу ұсынылады. Әр топтан шығып өздеріне берілген тапсырманы қорғайды.

Рефлексия. Өзіміздің алғашқы «зорлық-зомбылық» деген ұғымға берген түсінікке қайтадан оралайық, сіздің білмегендеріңіз болды ма, нені бүгін білдіңіз, қандай жаңалықты игердіңіз. Балалар жауабы.

Соңы: “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді қасиеттер ақ жүректен шығады”





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет