Сабақтың талдауы
Кіріспе бөлімінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасының қалыптастыру мақсатында психологиялық «Өз атыңды тани біл» атты тренинг өткізу кезінде оқушылар өздерінің есімдерінің бастапқы әрпіне байланысты мінездерінің қасиеттерін айтты.Түрлі парақшалардағы суреттерге байланысты 3 топқа бөлінді.
1-топ мамандықтар тобы,ал 2-ші топ оқу-құралдар,3-ші жемістер тобы болып бөлінді.Үй тапсырмасын «сұрақты ұтып ал» әдісі арқылы сұрадым .Тарау бойынша өтілген тапсырмалар бойынша жетелеген сұрақтар қойылды.Қосымша «Мен қорқынышты қалай жеңемін» атты күлдіргі шығармаларын оқыды.
Тұсаукесер кезінде жаңа сабаққа ену мақсатында интерактивті тақтадан мамандықтарға байланысты слайд көрсеттім.Слайдқа байланысты әртүрлі сұрақтарға жауап ала отырып, сабақтың мақсаты түсіндіріліп, айқындалды. Сонымен жаңа сабағымыз не туралы болуы мүмкін?-деген сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы «Кім болғым келеді?» деп аталатының оқушылар өздері тапты.
Негізгі бөлімде
Жаңа сабақты «Мозайка»әдісі бойынша жүргіздім.Осы әдіс кезіңде Адеңгейдегі оқушым Ұлан мені таң қалдырды. Берілген тапсырма бойынша нақты ,дұрыс жауап бере алды. Сабақта әрі қарай кеңейтілген тапсырмалар берілді.
1. Өлеңдегі таныс емес мамандықтар бойынша оқушыларды ресурспен жұмыс жасауға жұмылдырдым. Енді әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша, жұмыстанды. Бұл тапсырманы оқушылар тез әрі қызыға орындады. 1-топқа елші мамандығы,2-топқа токарь ,3-ші топқа кенші мамандықтары бойынша ресурс парақтары берілді. Уақыт беріліп,алдымен жеке ,содан соң топта талқылауға уақыт берілді. Өздеріне берілген мамандықтарды басқа топқа түсіндіріп береді. Топпен жұмыс кезінде оқушылар бірлесе орындады. Осы ресурстық парақпен жұмыста жоспарлаған «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»бағалауымды ұмытып кетіппін..
Содан соң А,В,Сдеңгейдегі оқушыларға тапсырмалар берілді.А,В деңгейдегі оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бойынша маршруттық тапсырмамен жұмыстанса,С деңгейдегі оқушыларға өздері ұнатқан мамандықтары бойынша 4 жол өлең құрастыру берілді. Бұл тапсырмаға 8минут уақыт берілген,бірақ оқушыларым уақытында жұмыстарын аяқтай алмады.Асемгүл,Динара,Мейрамбек деген оқушылар маршруттық картада берілген 4сұрақтың тек екеуің жауап берді. Сабақ біткен соң осы оқушыларыммен сөйлескенімде олар тапсырмаға дұрыс түсіне алмай қалғанын айтты.Айнара,Ерболат,Шыңғыс мені бүгін таң қалдырды.Бұл оқушылар берілген тапсырманы уақытында орындап,түгел сұрақтарға дұрыс жауап берді.С деңгейіне берілген тапсырманы оқушылар өте жақсы орындады.Тек бір ғана оқушы Әнуар өлеңді аяқтамаған. Әнуар негізгі С деңгейдегі оқушы, бірақ өте жай оқушы.Қатысқан мұғалімдер өлең шығарған оқушыларымды мақтап кетті.
«Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар берілді. Алдымен жеке,содан соң жұпта орындады. Осы тапсырма кезіңде А деңгейдегі балалар дарынды балалардың тасасында қалып қойды.Топта жұмыстарын қорғаған кездеде ,сол дарынды оқушылар белсене қатысты. Сабақ аяқталған соң оқушыларыммен сөйлестім. Топ ережесін біріге отырып есімізге түсірдік. Енді ондай қателіктер жасамайтындықтарын, топпен біріге жұмыстанатындарын айтты.
Қорытынды бөлімде
«Қосу-алу-қызық» әдісі бойынша сабағымды қорытындыладым. Тақтаға
маған сабақта не ұнады?
Маған сабақта не түсініксіз болды?
Мен үшін не қызықты болды?деген сұрақтар қойылды.Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып жапсырды.
Мысалы:бүгінгі сабақта маған ұнағаны жаңа тақырыптың ашылуы, мамандық бойынша өлең шығарғанымыз т,б десе,маған сабақта не түсініксіз болды деген сұраққа манағы жоғарыда айтып кеткен оқушыларым, маршруттық картамен жұмыс жасау қиын болды деген.Ал не қызықтырды деген сұраққа кей оқушылар маршруттық карта мен жұмыс,ресурс парағымен жұмыс қызық болды деп жазған.
|