Сабақ барысы Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе 5мин



Дата11.07.2017
өлшемі74,91 Kb.
#21069
түріСабақ

Пән: әдебиет

2-сынып

күні 11.03.2015.

Тақырыбы:

Кім болғым келеді?

Мақсаты:

Әр мамандықтың маңызын біледі

Күтілетін нәтиже:

А. Өлеңді мәнерлеп оқи алады және мазмұнын түсінеді.

Мамандық түрлерін ажыратып жазады. В.Таныс емес мамандықтар туралы ақпараттарды өлеңнен тауып, кесте толтырады.

С..Өзі қызықтырған мамандықтарға шолу жасай алады


Керекті жабдықтар:

интерактивті тақта,компьютер,ресурстық парақ, маршруттық карта.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

5мин


А) "Психологиялық тренинг" өткізу:

Оқушылар шеңберде тұрып,есімдерінің бастапқы әрпіне байланысты жақсы сөздер немесе мінездері туралы айтады.

.

Ә)Топқа бөлу.



Парақшаларға суреттер жасырып,топтастыру арқылы бөлу..

1-топ мамандықтар тобы(әр түрлі мамандықтардың суреті беріледі)

2-топ оқу-құралдар.(оқу –құралдардың суреттері)

3топ жемістер.(жемістердің суреті)


Үй тапсырмасын « сұрақтарды ұстап ал» әдісі арқылы сұраймын,

Б) Сабақтың мақсаты хабарланады.

Ендеше бүгін сабағымызда топ болып жұмыстанамыз





*Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, өз атының бастапқы әрпіне байланысты сөздер айтады..
*Оқушылар суреттерге қарап,топтарын тауып,3 топқа бөлінеді.

*топтағы балаларға жекелеген тарау бойынша сұрақтар қойылады. Сонымен қатар үйге берілген «Мен қорқынышты қалай жеңдім» деген тақырыпта жазып келген күлдіргі шығармасын оқыту. Әр топтан екі оқушыдан.




Тұсау кесу

3мин


Сабақты бастамас бұрын жаңа сабақтың мазмұның ашып алу үшін слайд көрсетіледі.

Оқушылардан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай болмақ екенің әр топтан сұрау.



Әр топ оқушылары слайдты көре отырып, жаңа тақырыпты табады.

Негізгі бөлім

10мин


7мин

8мин
7мин

5мин


Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мұхтар Құрманалиннің «Кім болғым келеді?»өлеңімен танысамыз.

Мозайка әдісі арқылы әр топ бірінші топта жекелеп оқиды. Содан соң бір-біріне түсіндіреді.Топтағы қай оқушы өлең бойынша толық,мағынасын ашып түсіндіре алды,сол оқушыны топ таңдап айқызады.

Кеңейтілген тапсырма:

. Өлеңдегі таныс емес мамандықтарға (кенші,елші,токарь) ресурс парақтары беріліп,топта оқып,талдап шығады.Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Жұмыс алгаритімі немесе (маршруттық карта) мен жұмыс жүргізіледі.

В-деңгейдегі оқушыларға:

1.Оқулықтағы мамандықтардан басқа қандай мамандықтарды білесің?

2.Қазақстандағы кім деген атақты әншілерді білесің?

3.Мамандықтарға байланысты қандай мақал білесің?

4.Өлеңдегі мамандық иелерінің қайсысы қызықтырады,несімен?

Адеңгейдегі оқушыларға:

1.Қазақстанның ғарышкер ағаларын жаз

2.Өлеңдегі мамандықтардың қайсысы өнер адамы?

3.Мақалды жалғастыр:

Еңбек түбі-----------

Жақсы болсаң озарсың,---------------------

4.Өлеңдегі қызықтырған мамандықты жаз.

.С-деңгейдегі балаларға өздері ұнатқан мамандыққа төрт жол өлең құрату.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы әр топқа бір-бірден сұрақ қойылады.


Жеке және топпен жұмыс. Өлеңді оқи отырып, топпен талдап,негізгі ойын талқылайды.Әр оқушы өз ойын топта білдіреді,топта кімнің ойы ұшқыр шықты сол ортаға шығып айтады.


Өлеңдегі таныс емес мамандықтарға байланысты ресурс парақтары беріліп,жеке оқып, топта талдайды.Топта ақылдасып бір оқушы шығып түсіндіріп береді.Топтағы балдар толықтырады.

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Маршруттық картамен

жұмыс.


А,В деңгейіндегі балаларға тапсырмалар беріледі.Жеке жұмыстанады.С деңгейіндегі оқушыларға өздері ұнатқан мамандық бойынша төрт жол өлең құрастыру беріледі.

«Критериалды бағалау»


Алдымен жеке,содан соң жұпта

Өздерінің ең үздік деген жауапты таңдайды. Топта жауап береді.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.




Қорытынды 3мин

«Қосу-алу-қызық» әдісі арқылы қорытынды жасалынады. Тақтаға маған сабақта не ұнады?

Маған сабақта не түсініксіз болды?

Мен үшін не қызықты болды?деген сұрақтар қойылады.


Оқушылар берілген сұрақтарға жауапты стикерге жазып , іледі.

Жақсы жазған оқушыларды қолпаштау.



Үйге тапсырма 2 мин

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. «Кім болам» тақырыбына эссе жазу.







Сабақтың талдауы
Кіріспе бөлімінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасының қалыптастыру мақсатында психологиялық «Өз атыңды тани біл» атты тренинг өткізу кезінде оқушылар өздерінің есімдерінің бастапқы әрпіне байланысты мінездерінің қасиеттерін айтты.Түрлі парақшалардағы суреттерге байланысты 3 топқа бөлінді.

1-топ мамандықтар тобы,ал 2-ші топ оқу-құралдар,3-ші жемістер тобы болып бөлінді.Үй тапсырмасын «сұрақты ұтып ал» әдісі арқылы сұрадым .Тарау бойынша өтілген тапсырмалар бойынша жетелеген сұрақтар қойылды.Қосымша «Мен қорқынышты қалай жеңемін» атты күлдіргі шығармаларын оқыды.



Тұсаукесер кезінде жаңа сабаққа ену мақсатында интерактивті тақтадан мамандықтарға байланысты слайд көрсеттім.Слайдқа байланысты әртүрлі сұрақтарға жауап ала отырып, сабақтың мақсаты түсіндіріліп, айқындалды. Сонымен жаңа сабағымыз не туралы болуы мүмкін?-деген сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы «Кім болғым келеді?» деп аталатының оқушылар өздері тапты.

Негізгі бөлімде
Жаңа сабақты «Мозайка»әдісі бойынша жүргіздім.Осы әдіс кезіңде Адеңгейдегі оқушым Ұлан мені таң қалдырды. Берілген тапсырма бойынша нақты ,дұрыс жауап бере алды. Сабақта әрі қарай кеңейтілген тапсырмалар берілді.

1. Өлеңдегі таныс емес мамандықтар бойынша оқушыларды ресурспен жұмыс жасауға жұмылдырдым. Енді әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша, жұмыстанды. Бұл тапсырманы оқушылар тез әрі қызыға орындады. 1-топқа елші мамандығы,2-топқа токарь ,3-ші топқа кенші мамандықтары бойынша ресурс парақтары берілді. Уақыт беріліп,алдымен жеке ,содан соң топта талқылауға уақыт берілді. Өздеріне берілген мамандықтарды басқа топқа түсіндіріп береді. Топпен жұмыс кезінде оқушылар бірлесе орындады. Осы ресурстық парақпен жұмыста жоспарлаған «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»бағалауымды ұмытып кетіппін..

Содан соң А,В,Сдеңгейдегі оқушыларға тапсырмалар берілді.А,В деңгейдегі оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бойынша маршруттық тапсырмамен жұмыстанса,С деңгейдегі оқушыларға өздері ұнатқан мамандықтары бойынша 4 жол өлең құрастыру берілді. Бұл тапсырмаға 8минут уақыт берілген,бірақ оқушыларым уақытында жұмыстарын аяқтай алмады.Асемгүл,Динара,Мейрамбек деген оқушылар маршруттық картада берілген 4сұрақтың тек екеуің жауап берді. Сабақ біткен соң осы оқушыларыммен сөйлескенімде олар тапсырмаға дұрыс түсіне алмай қалғанын айтты.Айнара,Ерболат,Шыңғыс мені бүгін таң қалдырды.Бұл оқушылар берілген тапсырманы уақытында орындап,түгел сұрақтарға дұрыс жауап берді.С деңгейіне берілген тапсырманы оқушылар өте жақсы орындады.Тек бір ғана оқушы Әнуар өлеңді аяқтамаған. Әнуар негізгі С деңгейдегі оқушы, бірақ өте жай оқушы.Қатысқан мұғалімдер өлең шығарған оқушыларымды мақтап кетті.

«Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар берілді. Алдымен жеке,содан соң жұпта орындады. Осы тапсырма кезіңде А деңгейдегі балалар дарынды балалардың тасасында қалып қойды.Топта жұмыстарын қорғаған кездеде ,сол дарынды оқушылар белсене қатысты. Сабақ аяқталған соң оқушыларыммен сөйлестім. Топ ережесін біріге отырып есімізге түсірдік. Енді ондай қателіктер жасамайтындықтарын, топпен біріге жұмыстанатындарын айтты.



Қорытынды бөлімде

«Қосу-алу-қызық» әдісі бойынша сабағымды қорытындыладым. Тақтаға

маған сабақта не ұнады?

Маған сабақта не түсініксіз болды?

Мен үшін не қызықты болды?деген сұрақтар қойылды.Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып жапсырды.

Мысалы:бүгінгі сабақта маған ұнағаны жаңа тақырыптың ашылуы, мамандық бойынша өлең шығарғанымыз т,б десе,маған сабақта не түсініксіз болды деген сұраққа манағы жоғарыда айтып кеткен оқушыларым, маршруттық картамен жұмыс жасау қиын болды деген.Ал не қызықтырды деген сұраққа кей оқушылар маршруттық карта мен жұмыс,ресурс парағымен жұмыс қызық болды деп жазған.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет