Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары



Дата20.05.2024
өлшемі19,6 Kb.
#202603
түріСабақ
Байланысты:
44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915


Тобы: 4асКШО-9
Пәні: Қазіргі қазақ ілі, әдістемесі, каллиграфия
Тақырып: Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолдану\
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен.
Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі.
Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттілігі.
Оқу процесініңдегі негізгі инновациялық технологиялар:

    1. Кейс-технология.

    2. Web- технология.

    3. Коммуникациялық технология.

    4. Ақпараттық технология.

    5. Интерактивтік әдіс технологиясы.

    6. Мультимедиа технологиясы.

    7. Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар
есте сақтау процесі үшін тиімді.
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.
6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады. Мектепте ақпараттық технология кеңінен қолданылады. Ең бастысы әр мұғалім мониторинг жүргізу негіздерін білуі керек.
Педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдаланып, жақсы жетістіктерге жету үшін, алдымен білім берудің жаңа технологияларын атап өтейік:

  • білім берудің ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амонашвили). Бұл технологияның мақсаты: оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, адамгершілік тәрбие беру.

  • тірек- белгілерді (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (Шаталов В.Ф.). Яғни, бұл технологияның мақсаты: білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдету. Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, блокпен оқыту, тірек қолдану, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: ойын арқылы қызықтырып, баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.

  • модульдік оқыту технологиясы. Мақсаты мен міндеті: оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу.

  • проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқу материалына оқушыны қызықтыратындай мәселе туғызу, оны шеше отырып, оқушылар білімді белсенді қабылдайды.

  • дамыта оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып, жеке тұлғаны және оның қабілеттілігін дамыту. Барлық оқушының дамуы жолындағы жұмыстарды қамту.

  • Түсіндіре басқарып, оза оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: барлық оқушыны табысты оқыту, сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқитындар қатыстырылады; бірте- бірте толық дербестікке жету, өзара көмек, білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту.

  • оқытудың комьютерлік технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: шәкіртті «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады: жеке қасиеттеріне қарай комьютерге бейімделеді.

  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту.

  • бағдарламалап оқыту технологиясы. Мақсаты мене мағынасы: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін артыру. Бағдарламаланған оқу материалдары кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы беріледі.

  • өздігінен даму технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: дербестікке тәрбиелеу. Әркім табиғат берген даму жолымен жүріп, өзін- өзі дамытады.

  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Мақсаты мен міндеті: білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой- толғаныс кезеңдерін түзіледі. Сабақ кезінде үйренуші не үйрегенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді; қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

  • шоғырландырып оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқу процесі құрылымының психологиялық табиғи ерекшеліктерін қабылдауға жағдай туғызу, сабақтарды блокқа біріктіру нәтижесінде пәндерді терең үйрену.

  • белсенді оқыту технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру, болашақ кәсіптік қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын модельдеу.

  • толық меңгеру технологиясы. Мақсаты мен мағынасы: меңгерген білімін тәжірибеде жүзеге асыру, қолдану.

Қазіргі заманға сай келетін мына технологиялардың барлық түрі дерлік өте тиімді. Түрлі технологияларды қолдана отырып, әр оқушының өзіндік қызығушылықтарын оята отырып, сабақ барысын, жаңа тақырыптарды тереңірек ұғынып, түсінуіне толық мүмкіндік береді. Өткізілетін ашық сабақтарда жаңа технологиялардан үзінді қосып отырылады. Қазақ тілі апт4 сыныбында«Құстың ұясы» сабағы. Сабақтың мақсаты:лексикалық тақырыпқа қатысты сөздік қорларын молайту, білімнің беріктігін орнықтыруды қамтамасыз ету және іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жетілдіру; оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін,қоршаған ортаға, табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Осы сабақта жоғарыда аталып кеткен «Коммуникациялық технология»,
«Ақпараттық технология», «Интерактивтік әдіс технологиясы»,
«Мультимедиа технологиясы», «Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы» сияқты технологияларды қолдана отырып, сабақтың мақсатына толық жетуге болады. Сабақта слайдтар арқылы тапсырмалар орындап, түрлі ойындар ойнай отырып оқушылар өз білімдерін көрсетеді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы сабақ түрлері мен педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі білім беру саласындағы қазіргі сабақ түрлері мен оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа сабақ түрлері мен педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.
Әдебиеттер:
1.Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2019 ж. 2. Г.Амандыкова. «Іет тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2017ж. 3. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2016 ж. 4. Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2012 ж. 5. Н.Байтерекова. «Мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану». // Білім. Алматы, № 4, 2018
Тапсырмалар:1. Берілген дәріс мазмұныме мұқият танысып талда.
2. Қазіргі сабақта қолданылатын жаңтехнологияларды атап жаз.
3. 3-сынып қазақ тілі пәні бойынша «Болымды және болымсыз етістіктер» тақырыбына жаңа технологияны пайдаланып, ҚМЖ жасақтап жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет