Сабақ барысында мына кестені толтырасыздар: Адам эволюциясы кезеңдерінің сипаттамалары



Дата24.04.2017
өлшемі14,03 Kb.
#15169
түріСабақ
  • Орынханова Сауле Ауезханқызы
  • Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
  • №3 мектеп-интернатының
  • жоғары санатты биология пәні мұғалімі.
  • АНТРОПОГЕНЕЗ
  • ЖАҢА БІЛІМДІ ИГЕРУ САБАҒЫ
  • Бүгін сіздер адамның эволюциялық шығу тегін өз беттеріңізше оқып-үйренесіздер.
  • Кез-келген мәліметке өте мұқият болыңыздар.
  • Дәптерлеріңізді дайындаңыздар.
  • Сабақ барысында мына кестені толтырасыздар:
  • Адам эволюциясы кезеңдерінің сипаттамалары:
  • Возраст находок
  • Морфологические особенности
  • Особенности культуры
  • Ведущие факторы эволюции
  • Дарвин өзінің «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» (1871) деген еңбегінде адамның маймылтектес адамдардан шыққандығы жайлы қорытынды жасады.
  • Ежелгі адамдардың денесін түк басқан,құйрығы мен үлкен құлақтары болған. Олар ағаш басында өмір сүрді. Қазіргі заманғы адамдардың пайда болуы қалай жүрді? Арғы ата тектер қандай болды?
  • Үш эволюциялық бағыт үщ түрлі жолмен көрсетілген:
  • қызыл - Homo туысы,
  • жасыл - австралопитек ,
  • Көк - австралопитек массивный.
  • Үзік сызықтармен нақты емес және күмән тудыратын жайлар.
  • Ғалымдар біздің ғаламшарымызда(планета) 14 млн жыл бұрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды.Бұлар – рамапитектер.Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен.Қорегін іздеу, жұлып алу, қазу т.б кездерде үнемі еңкейіп, иіліп не тік тұрып, қолдарымен көптеген қимыл-қозғалыстар жасаған.
  • РАМАПИТЕК
  • Дриопитектер(Dryopithecinae)-бұдан 25-14 млн жыл бұрын тіршілік еткен адамтектес маймылдардың бір тобы. Олар көбіне ағаш басында , кейде жерге түсіп тіршілік еткен.
  • ДРИОПИТЕК
  • АВСТРАЛОПИТЕК
  • АЛЫП Австралопитек
  • АВСТРАЛОПИТЕК АФАРЕНСИС –
  • тік жүретін адам.Ежелгі адамдардың арғы тегі боп есептеледі. 10-5 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Маймылдарға қарағанда бойын тік ұстап жүрген және ми сауытының көлемі ұлғайған. Топ болып тіршілік етті, еңбек құралы ретінде үнемі табиғи заттарды (сүйек, таяқ, тас)пайдаланған.
  • ПИТЕКАНТРОП
  • Ежелгі адамдар
  • 1891 жылы нидерланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты.
  • Бұл қалдықты Э.Дюбуа «маймыл-адам»-
  • питекантроп
  • деп атады.
  • Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адам) жатқызады.Олар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар арасында тіршілік еткен.
  • Жер бетінде бұдан 1,0-0,7 млн жыл бұрын тіршілік еткен тік жүретін адам (Homo erectus) түріне жататын адамдар.
  • ПИТЕКАНТРОП
  • Ежелгі адамдар:
  • питекантроптар, архантроптар, синантроптар (Homo erectus)
  • СИНАНТРОП
  • Синантроптар (қытай адамы) – Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен.Қаңқа қалдықтары 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды.Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және отты пайдаланған.
  • НЕАНДЕРТАЛДЫҚ
  • Ертедегі адамдардығылыми тілде палеонтроптар , кейде неандерталь адамдары деп атайды.
  • Палеонтроптар бұдан 1,5 млн.-250 млн. жыл бұрын өмір сүрген.Бойының ұзындығы 155-165 см, ал миының көлемі 1400 см³ болған.Ми сыңарларының маңдай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақ сүйегі кішірейген.
  • Сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған.1856 жылы Батыс Германия жерінде Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды.Ертедегі адамдардың қалдықтары, құрал жабдықтары Қазақстан жерінен де көптеп табылды.Мысалы: Қаратау өңірінен, Орталық Қазақстаннан, Алтай, Семей, Арал, Маңғыстау аймақтарынан.
  • 26-мыңжылдық ине: неандертальдықтар пайдаланған ине ,адамдардың бірнеше онжылдықтар бұрын киім тіге білгенінің (D.Johanson, B.Edgar, "From Lucy to Language", 99 бет).
  • НЕАНДЕРТАЛЕЦ
  • Ле-Мустье үңгірінде
  • жас неандертальдықты жерлеу кезі.
  • Неандертальдықтар алғаш рет өлген адамдарды жерлеу үрдісін пайдаланған адамдар.
  • КРОМАНЬОНЕЦ
  • Алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.Кроманьон адамдары бұдан 50-30 мың жыл бұрын өмір сүрген.Оларды ғылыми тілде неоантроптар деп атайды.Неоантроптардың бойының ұзындығы 170-180 см, 30-40 жыл өмір сүрген. Бас сүйегіндегі ми сауытының көлемі шамамен 1400-1600 см³.Алдыңғы ми сыңарларының самай, маңдай бөлімдері өте жақсы дамыған.
  • Кроманьон адамы -
  • КРОМАНЬОНДЫҚ
  • Батыс Германиядан табылған адам
  • Бас сүйек қаңқасы, Сахара/Африка
  • Ер адамның бас сүйегі
  • (Германия)
  • КРОМАНЬОНДЫҚ
  • Кроманьондықтар мүйізді, сүйекті, тасты өңдеп әлдеқайда жетілдірілген құрал-саймандар жасады. Тайпа болып тіршілік етті.Тұрғын жайлар салды, әдет-ғұрыптар пайда болды.Өнер дамып, қыштан ыдыстар жасады.Егіншілікпен айналысты.
  • Кроманьондықтар алғаш рет жануарларды қолға үйрете бастады.
  • Кроманьондықтар әртүрлі тастардан түрлі бұйымдар жасай білді.
  • Зерттеулерге қарасақ кроманьондықтар қазіргі адамдарға өте ұқсас болған екен.
  • Ғалымдардың пікірінше біздің арғы ата- тектеріміз осындай эволюциялық жолмен өткен.
  • Көріп отырғандарыңыздай ата-тегіміз біртіндеп дамып отырған.
  • Адамдардың биологиялық эволюциясы осы деңгейде тоқтады.
  • Адам – органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған түр.
  • Қазір сіздерге адам эволюциясы жайлы қорытынды жасауға 3 минут уақыт беріледі.
  • Сабақ барысында өздеріңіз құраған кестені талдай отырып, мәтін жазуға дайындалыңыз.
  • Дайындық үшін уақыт-
  • 2 минут.
  • Қорытынды
  • Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата-тектерімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды.Оны антропоморфоз деп атайды.Еңбек – адам эволюциясындағы ең негізгі қадам.Антрпогенездің биологиялық факторларына – тұқымқуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу жатады.
  • Қоғамдасып тіршілік ету, сөйлеу , ойлау , ақыл – ой – адам эволюциясындағы әлеуметтік қозғаушы күштерге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет