Сабақ барысындағы рефлексия (Іс-әрекет барысындағы рефлексия):
Сабақтың өту қарқыны қандай? Сабақта уақытты қалай басқарамын?
Барлық оқушылар оқу процесіне қатыса ма? Оқушылардың қайсысына көмек керек?
Мен жақсы оқитын оқушылармен қалай жұмыс істеймін?
Оқушылардың әрекет ету формасын өзгерту керек пе?
Оқушылар материалды жақсы түсінеді ме?
Олар қандай қиындықтарға тап болады? Бұл немен байланысты?
Оқушылар менің нұсқауларым мен тапсырмаларымды толық түсіне ме? Егер түсінбесе, неліктен түсінбейді?
Оқушылардың қиындықтарды жеңуіне көмектесу үшін не істеуім керек?
...
Сабақтан кейінгі рефлексия (Іс-әрекеттен кейінгі рефлексия):
Бұл сабақта не нәрсе жақсы болды? Неліктен?
Менің оқушыларым сабақта бір нәрсе үйренді ме? Үйренген болса, бұл ненің арқасында жүзеге асты? Егер үйренбеген болмаса, оның себебі неде?
Не нәрсе дұрыс жүзеге аспады? Мен қандай проблемаларға тап болдым? Неліктен?
Оқушылар сабаққа қаншалықты қызығушылық танытты және белсенді болды?
Менің сабақ өткізу стратегияларым сәтті болды ма? Сабақты тиімді ету үшін оны қалай басқаша құрылымдауға болар еді?
Сабақта ерекше бір нәрсе болды ма? Егер болса, нақты не болды және неліктен болды?
Менің сабағым оқушылардың біліміне, тәжірибесіне және қызығушылықтарына қаншалықты сәйкес болды? Оны қалай жетілдіруге болады?
Сабақ барысын оқушылардың жауаптары мен мінез-құлқына қаншалықты бейімдей алдым?
Менің оқушыларым сабақта бірлесіп әрекет еткенімізге қалай қарады? Олар сабақтан қандай сезімдермен шықты? Олар сабақта өздерін жайлы сезінді ме?
Мен сыныпты тәртіпке бағындыра алдым ба? Менің сабақта тәртіпті қадағалау тәсілдерімнің қайсысы жақсы, қайсысы нашар жұмыс істеді? Неліктен? Нені басқаша істеу керек еді?
Маған нені басқаша істеу керек еді?
Сабақ барысында мен өзімнің эмоционалдық жай-күйімді басқара алдым ба? Егер басқара алмасаңыз, неліктен? Мен келешекте нені ескеруім керек?
Сабақта маған ең қиын болған не? Не нәрсе ерекше күш-жігер жұмсауымды қажет етті? Неліктен олай болды? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеу керек?
Менің оқыту тәсілдерім тиімді болды ма? Балалар дәл мен үйреткендей меңгерді ме? Келешекте нені ескеруім керек?
Бұл сабақты басқаша өткізуге болар ма еді? Егер солай болса, дәл қалай өткізу керек еді? Сабақтың қай тұсына көбірек мән беру керек: мазмұндық, әдістемелік, эмоционалдық?
Сабақта оқушылардың қандай мотивацияларына сүйендім? Мен олардың ішкі мотивациясын ескердім бе немесе көбіне сырттай ынталандыру әрекеттерін қолдандым ба? Оларды оқуға және табысқа жетуге тағы қалай ынталандыруға болар еді?
Оқушыларға оқу іс-әрекетін өз бетінше басқаруға мүмкіндік бердім бе? Егер мүмкіндік берген болсам, нақты қандай мүмкіндік болды? Егер бермеген болсам, неліктен олай болды және қалай жасау керек еді?
Сабаққа дайындалу және өткізу барысында белгілі бір оқыту теориясына сүйендім бе? Өткізілген сабақ таңдалған оқыту теориясына қаншалықты сәйкес келеді?
Осы сабақты өткізу нәтижесінде оқыту өнері бойынша қандай жаңа нәрсені түсіндім және ұғындым? Өткізілген сабақты және өзімнің іс-әрекетімді талдай отырып, өзім үшін қандай пайдалы тәжірибе жинақтадым? Табысты мұғалім болу үшін не істеуім керек?
Осы тәжірибеден келешектегі сабақтарымда көмектесетін қандай пайдалы нәрсе үйрендім?
...
Пайдаланылған материалдарға сілтеме:
https://www.cambridge-community.org.uk/professional-development/gswrp/index.html
А.А. Бизяева. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия (Ойланатын мұғалім психологиясы: педагогикалық рефлексия) - Псков: ПГПИ им.С.М.Кирова, 2004. - 216 б.