Қызылорда қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы №10 қазақ орта мектебі
Өзбергенова Ғазиза Есқалиқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ашық сабақ «Белгісіздік есімдігінің түрленуі» 7-сынып
Сабақтың мақсаты.
а) Білімділік: Белгісіздік есімдігі, оның жасалу жолы, өзіндік ерекшелігі, түрленуі туралы түсіндіру.
ә) дамытушылық: өзіндік ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, шығармашылық жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі. Сызбалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. 103-жаттығу Төмендегі өлең жолдарына синтаксистік талдау жасау.
Өзің болып сыбырластым желменен,
Өзің болып күбірлестім көлменен.
Өзің болып жымыңдастым жұлдызбен,
Өзің болып тайталастым селменен.
(Қ.Мырза әлі)
Сұрақтар:
Өздік есімдігі дегеніміз не?
Өздік есімдігі қалай түрленеді?
Өз есімдігін тәуелде.
Өз есімдігін септе.
Оқушыларға есімдігі бар өлең шумақтарын жаттау берілген. Өлең шумақтарынан есімдіктің қай түрі екенін табу, морфологиялық талдау жасау.
Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса.
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлыттан ашылса.
Абай Құнанбаев
-Бұл өлеңде қандай есімдіктің түрі бар?
-Белгісіздік есімдігі.
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Белгісіздік есімдігі.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Белгісіздік есімдігінің ерекшеліктері:
Затты сындық белгіні, сан-мөлшерді нақты емес, жорамалдап нұсқау, меңзеу мағынасында көрсететін белгісіздік есімдіктері көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдайды.
Белгісіздік есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:
Жақ
|
Біреу
|
Бірдеме
|
І
|
біреу-ім
|
бірдеме-м
|
|
біреу-іміз
|
бірдеме-міз
|
ІІ
|
біреуің
|
бірдемең
|
|
біреуің
|
бірдемелерің
|
|
біреуіңіз
|
бірдемелерің
|
|
біреуіңіз
|
бірдемелеріңіз
|
ІІІ
|
біреуі
|
бірдемелері
|
|
біреуі
|
бірдемелері
|
р/с
|
Белгісіздік есімдіктері
|
Сөз табының орнына қолданылуы
|
Мысалдар
|
1
|
Әркім, әлдекім, әрне, әлдене, біреу, кейбіреу, бірдеме, бірдеңе, кімде-кім
|
Зат есім
|
Алыстан біреу көрінді.
|
2
|
Бірнеше, әлденеше, біраз
|
Сан есім
|
Бірнеше қыз мектепке бара жатыр.
|
3
|
Бір, кейбір, әр, әрбір, қайсыбір
|
Сын есім
|
Әрбір оқушы сабақты жақсы оқуы керек.
|
4
|
Әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай, әрқашан
|
Үстеу
|
Ол мектептен әлдеқашан келген.
|
Есімдік есімдік
|
Есімдік зат есім
|
Бірге жазылады
|
Бөлек жазылады
|
әркім
|
әр адам
|
әлдеқашан
|
әр нәрсе
|
қайсыбір
|
әр бала
|
әрбір
|
әр кез
|
105-жаттығу . (Ауызша орындау)
Өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерге мән беріп, талдап, түрленуіне тоқталып өтіңдер.
Әркіммен-белгісіздік есімдігі, әркім-күрделі түбір, -мен-көмектес септігінің жалғауы.
Біреуден – белгісіздік есімдігі, біреу-дара түбір, -ден-шығыс септігінің жалғауы.
Кейбіреулер – белгісіздік есімдігі, кейбіреу-күрделі түбір, -лер-көптік жалғауы.
Біреуге – белгісіздік есімдегі, біреу-дара түбір, -ге-барыс септігінің жалғауы.
Топтық тапсырмалар:
1-топ. 106-жаттығу. Есімдіктерді көшірі жазып, мағыналарына қарай топтау.
2-топ. 107-жаттығу. Берілген есімдіктерді пайдаланып сөйлем құрап, морфологиялық талдау жасау.
3-топ. 108-жаттығу. Әзіл өлеңдегі белгісіздік есімдігінің түрленуіне назар аудару.
Шығармашылық тапсырмалар:
І. Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, жасалу жолын түсіндір.
... ор қазба, ... түсесің. (Біреуге, өзің)
... ексең, ... орасың. (Не, соны)
... ісі көп болса, (Кімнің, соның)
... күші көп.
... тойып секіреді,
... тоңып секіреді. (Біреу)
Қазаншының еркі бар,
... құлақ шығарса. (Қайдан)
... шыққан тауы биік.
Ұят ... болса, иман ... . (Кімде, сонда)
ІІ. Жаңылтпаштардан есімдікті тауып, түрлеріне қарай ажырат.
Бұл бір сылдыр жігіт,
Сырты жылтыр, іші бұлдыр жігіт.
Мына әңгелек
Өзгерек әңгелек,
Ең дөңгелек әңгелек.
Ол жолда түсті,
Үйіне тұспа-тұс түсті.
Кім білгір?
Бұл – білгір.
Ол – білгір,
Кіл бір білгір.
Қалай қабар?
Қалай қалар?
Байланбаса ит
Талар,қабар.
ІІІ. Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен есімдіктерді табу.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпез болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Қиыстырып мақтайсыз,
Ойласаң не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлденеге бастайсыз.
ІҮ. Сабақты қорыту
Кесте толтыру
Нені қайталадық?
|
Нені оқыдым?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
Ү. Үй тапсырмасы. Белгісіздік есімдіктерін қолдана отырып, өлең жолдарын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |