Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда



бет3/11
Дата02.02.2022
өлшемі25,1 Kb.
#116900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мінездеме
     Сұраншы Ақсулу Алтынбекқызы 31 мамыр 1979 жылы дүниеге келген. 8 сыныптан бастап Шымкент қаласындағы «Қазақ-түрік қыздар лицейінде» оқып 11 сыныпты аяқтаған. 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-тің ағылшын тілі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2010 жылы Шымкент университетін орыс тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша аяқтап шыққан. Еңбек жолын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған ізденімпаз ұстаз М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.

Жоғары білімді, І санатты ұстазымыз 2009 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастырған «Ағылшын тілі мұғалімдер олимпиядасына» қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп келді. Ол ана тілімен қоса орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген ұлағатты ұстаз. 2015-2016 оқу жылынан бастап қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері бірлестігінің жетекшісі қызметін қоса атқаруда. 2015-2016 оқу жылында ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында тілдер апталықтарын тиісті деңгейде ұйымдастырып, өткізе білді. 4 сыныпта «Главный праздник» тақырыбындағы ашық сабағы, «Үш тілді қатар үйренейік» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. 2016-2017 оқу жылының басында І деңгей бағдарламасы бойынша ПҚМК тақырыбында курсты аяқтап сертификатталған ұлағатты ұстаз.

2016-2017 оқу жылында орыс тілі пәні бойынша аудандық семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтілуіне атсалысып, белсенділік танытты. Семинарда жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сынып оқушыларымен «Транспортные средства» тақырыбында өткен ашық сабағы жоғары бағаланып, аудандық мақтау қағазымен марапатталды.

«Жыл мұғалімі-2017» мұғалімдер арасында өткізілген орыс тілі пәні бойынша аудандық олимпиадаға қатысып, ІІІ-орын жүлдегері атанып, АББ-нің Дипломымен марапатталды. 2017 жылы білім беру ұйымындағы жетістіктері үшін мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.

     Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады. 2017-2018 оқу жылында «Бастауыш» қоғамдастығын құрып, сабақты зерттеу тобына жетекшілік ететін көшбасшы мұғалім.



      Сұраншы Ақсулу Алтынбекқызын білім беру жүйесіндегі болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.

Мектеп директоры:       Г.Байзаков

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмасбекова Шолпан Мейрамхановнаға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет