Мінездеме
Калыбекова Жумакыз Аскаровна еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ізденімпаз ұстаз. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызмет етеді.
Жоғары білімді, І санатты ұстазымыз мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі қызметін қоса атқаруда. 2015-2016 оқу жылында 6 сыныпта «Второстепенные члены предложения» тақырыбындағы ашық сабағы, «Лидер ХХІ века» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды. 2015-2016 оқу жылының басында І деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтап сертификатталған үлгілі ұстаз.
Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген ынтасыменен ерекшеленетін ұстаздардың бірі. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кең пайдалана біледі. Бос уақытын біріншіден өз пәні бойынша білімі төмен оқушылармен жұмысына арнайды. Білім көрсеткіштері пән бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.
Калыбекова Жумакыз Аскаровна білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қабылдап, мектеп ұжымын да өзгертуге үлесін қосады деп сенеміз.
Мектеп директоры: Ғ.Байзахов
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Давлетова Лаззат Узакбаевнаға
Мінездеме
Давлетова Лаззат Узакбаевна еңбек жолын 1996 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді. Ол 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған.Білімі жоғары, екінші санатты ұстаз. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін кішіпейіл,инабатты ұстаздардың бірі. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Много языков на свете разных» атты апталықта 5 сыныппен өткізген «Язык мой-друг мой» тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс сабағы жоғары деңгейде бағаланды. «Применение игровых элементов на уроках русского языка» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап, оны үнемі сабақта қолдануда. Шәкірттері сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың бірі.
Сонымен қатар Лаззат мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі, жанашыр ұстаздардың бірі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың аяулы анасы, сүйікті жар.
Давлетова Лаззат 2015-2016 оқу жылының аяғында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. Алған білімін оқушының бойына сіңіруде талмай еңбек етеді деп сенім білдіреміз.
Мектеп директоры: Ғ.Байзахов
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибрагимова Пакизат Сатынбековнаға
Достарыңызбен бөлісу: |