Курмангалиева Умит Тезекбаевна еңбек жолын 1994 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді. Ол 2005 жылы ШӘПУ-ін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған.Білімі жоғары, екінші санатты ұстаз. Еңбек жолында мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ұстаздардың бірі. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін ибалы ұстаздардың бірі.. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Много языков на свете разных» атты апталықта 9 сыныппен өткізген «Обобщающий урок по теме БСП» тақырыбындағы ашық сабағы жақсы деңгейде бағаланды. «Использование игровых элементов на уроках русского языка» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап, оны үнемі сабақта қолдануда. Шәкірттері сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың қатарынан.
Сонымен қатар Умит Тезекбаевна мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол жасының келгеніне қарамастан өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі ұстаздардың бірі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың аяулы анасы, 2 немеренің сүйікті әжесі.
Курмангалиева Умит оқушының білімін жетілдіруде талмай еңбек етуде деп сенім білдіреміз.
Мектеп директоры: Ғ.Байзахов
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калыбекова Жумакыз Аскаровнаға