Сабақ беріп көру практикасы



бет6/15
Дата28.01.2022
өлшемі444,5 Kb.
#115415
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ниязметов Санжар практика
3 дәрістер жинағы
Оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.

Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат.[1] Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.



Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет