Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарымен сәйкестендіру
Жұмыс бағдарламасы
2. Практика өтетін мектеп, сыныптарды (Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда практика өтетін өзге орындарды) анықтау, студенттерді мұғалімдерге (Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда практика жетекшілерін) бекіту.
Мектеп басшыларымен, мұғалімдерімен (Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда практика жетекшілерімен) танысу кездесу (оффлайн немесе онлайн).
Мектепке, сыныптарға (Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда практика өтетін өзге орындарға) бөліну кестесі.
1сыныпта 20баладан аспау керек.
Қыз бала болып және 1 сыныпта (а,ә,б,в)болып сыныпқа бөлінеді.1сыныпта 20баладан аспайды.
Бекітілген сыныптарының мұғалімі, оқушыларымен, сабақ кестесі, тақырыптык күнтізбелік жоспарларымен танысу (оффлайн немесе онлайн).
*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда сынып мұғалімі, оқушыларымен танысу міндетті емес, қажетті материалдар өзге көздерден алынып, қарастырылады.
Сабақтарға қатысу (оффлайн немесе онлайн), әңгімелесу (оффлайн немесе онлайн) т.б.
*Ескерту: Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда сабақтарға қатысу интернет ресурстар арқылы видеосабақтарды көрумен алмастырылады.
Сабақ кестесі, тақырыптық - күнтізбелік жоспар көшірмесі т.б.
Жеке пәндерді оқыту әдістемелері бойынша студенттің практикадан өтуге дайындығының диагностикасын жасау.
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар. Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.
Дайындықтар көрсеткіштерін анықтап, кажетті нұсқаулар беру (оффлайн немесе онлайн).
Практикаға дайындығының картасы.
Ұйымдастыру конференциясын өткізу (оффлайн немесе онлайн)
- әдістемелік күн, сабаққа қатысу графиктерін белгілеу. (Мектеппен қарым-қатынас жасау мүмкін болмаған жағдайда аталған график талап етілмейді)
Конференцияға қатысу (оффлайн немесе онлайн). Практикадан өтудің жеке жоспарын жасау.
Күнделік көркемдеу.
Студенттердін жеке жоспары.
Практика күнделігі.
Таным дегеніміз— нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары шындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан больш жатады. Әйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сиякты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек.
Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психиқалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоцияльқ қызмет тән. Ол "сана"деп аталады. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады.