Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда сындарлы сабақтардың мәні зор.
Бұл жинаққа «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 21 жалпы білім беру орта мектебі» ММ мұғалімдерінің «Жеті модуль бағдарламасы» бойынша топтық жұмыс түрлері мен формативті бағалау әдістерін қолдана отырып өткізген сабақтары мен тренингтері енгізілген. Баланың Сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту сабақ үрдісінде көрініс тапқан.
Мектептің Даму Жоспарына сай жасақталған сындарлы сабақтар оқушыларды зерттеуге , талдауға және салыстыруға , ой толғауға, бағалауға үйретеді. Осы арқылы дарынды балаларды анықтап, көшбасшы дайындауға жол ашады. Жинақ мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.