Сабақ Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. қалап қана қойған аз, оны жасау қажет



Дата24.05.2017
өлшемі94,86 Kb.
#16818
түріСабақ
Педагогикалық кеңестіктегі заманауи сабақ
Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет.
қалап қана қойған аз, оны жасау қажет.
И.В.Гете

Мақсаты: Жалпы білім беру мазмұнын меңгеру үрдісінде әр бір оқушының қабілетін дамытуға, бейіміне назар аударуға, қызығушылықтары мен құштарлықтарын оятуға жағдай жасау барысында педагогикалық кеңістіктегі заманауи сабақтардың құрылымын және технология түрлерімен таныстыру.

І. Сабақтың құрылымы:

Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Мысалы: білімін жинақтау мен жүйелеу, дағдыларын нығайту, өзін бақылау мен ұқыптылықтың дағдыларын дамыту болуы мүмкін. Бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде күрделі.

Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн. Заманауи сабақ құзыреттіліктердің (автоматтылыққа дейін жеткен дағдылар) қалыптасуына бағытталған.

Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуына болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет. Мақсатқа жету «иә» және «жоқ» бағаларымен анықталады. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!

Сабақтың дидактикалық міндеттері оқу тапсырмалары арқылы (оқушыларға арналған тапсырмалар) жүзеге асырылады. Құлықтық дағдыларды қалыптастыратын тапсырмалар барлық оқушыларға міндетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Дамытушы дағдыларды қалыптастыратын міндеттер сабақта әр оқушыға өзінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақты осындай оқу тапсырмаларымен қамтамасыз етуге болады.

Оқу тапсырмалары анық, нақты және әр оқушыға түсінікті болуы қажет. Егер тапсырма қосымша түсіндіруді талап етсе, онда бұл толыққанды тапсырма емес. (МЕН-ОҚУШЫ НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ!)

ІІ. Сабақты өткізудің ұсынымдары: Оқушылар ақпаратпен танысқаннан кейін оқу тапсырмаларын орындауға кіріседі. Бұл жағдайда барлық оқушылар тепе-тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт.

Сабақта жұмыс жасауда оқушылар бір-біріне кедергі жасамауы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда, оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды. Сұрақты тыңдап, оқушыға жауап беруге асықпаңыз, оқушыға неге назар аудару керек екенін және жауапты қайдан іздеу керек екенін көрсетіңіз.

Сабақтың ережелерінің бірі мұғалімнің дайын жауаптарды бермейтіні, жауапты оқушының өзі табу керектігі болып табылады. Сабақтағы мұндай қызмет оқушыға білімді өзі алуға үйренуге көмектеседі.

Әр оқушы бірінші тапсырмадан бастайды және барлық сабақ бойынша жұмыс жасайды. Келесі тапсырмаға көшу үшін оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды және тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді, тек содан кейін барып қана оқушы келесі тапсырманы орындауға кіріседі. Мұнда көптеген амалдарды пайдалануға болады– өзара тексеру, шағын топта текесру.

Мұндай сабақта барлық оқушылар маңдай терін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол кәсіби шеберлігіне байланысты сабаққа дайындалады).



Бұндай сабақтарды талдау мектеп әкімшілігі, инспекторлар басқа да менеджерлер тарапынан жаңа көріністі қажет етеді, міне, құзыретті педагогика дегеніміз осы. Мұндай сабақтар әр оқушыға өзінің шығармашылық және интеллектуалды әлеуетін барынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Және мұндай сабақтардың нәтижелері тез көрінеді.

ІІІ. Сабақтың қорытындысы:

Соңы – барлық істің тәжі. Бұл қысқаша уақытта сабақтың мақсатына жеткен-жетпегенін анықтау және оқушылардың сабақтағы қызметін бағалау қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді. Ұсынылып отырған сабақта сабаққа қатысып отырған әр оқушы баға алады. Ол үшін мұғалімнің көп түрлері мен әдістері бар білімді бақылау ,өзара бағалау және т.б.

Бұл кезеңде оқушылардың маңызды құзыреттіліктердің бірі - өзін-өзі бағалауға үйренуі қалыптасады. Бұл құзыреттілік өмір бойына және әсіресе, өзінің білім траекториясын жобалаудың бастапқы кезеңінде қажетті болып табылады.
ІY. Сабақтың құрылымы:

І. Табысқа жетуге жағдай туғызу. /Ситуация успеха/

ІІ. Тақырыпқа шығу.

ІІІ. Пролемалық сұрақтар қою.

ІY. Мақсатты анықтау.

Y. Оқушылардың іс-әрекеті. /түрлі әдіс-тәсілдер арқылы/

YІ. Бекіту. /сызба түрінде/

YІІ. Рефлексия.


Y. Технология түрі:

Жекелей оқыту. /ТИСО- технология индивидуального способа обучения/

ТИСО- мұғалім сабақ үрдісінде оқушыларға бағдарлама материалдарын толық түрде жетік меңгеру үшін теориялық білімін және практикалық және шығармашылық біліктілігін, яғни стандарт деңгейінде және стандарттан жоғары деңгейдегі біліммен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын және әр оқушының өзіне берілген оқу парағымен өздігінен жұмыс істеуге бағытталған оқыту үрдісі.

Біздің көзқарасымызда жаңа технологияларды пайдаланудың түрлі бағыттарындағы ең бір өзектісі:


  • оқуға өздігінен және диференциялы түрде икемдеу;

  • өздігінен жұмыс жасау әрекеті, өзін-өзі оқыту

  • ынтымақтастықта жұмыс жасау;

  • құзыреттілкті қалыптастырып оқыту;

  • ақпараттық ізденісті жоспарлау;

«Жекелей оқыту» келесі мағынада:

Оқушылардың өздік жұмысы оқыту үрдісіндегі мынандай тәсілдерді көрсетеді:



1. оқушыларға оқу тапсырмалары мен орындау бағыттары беріледі;

  1. жұмыс мұғалімнің көмегімен жүргізілмейді, бірақ мұғалім бағыт береді;

  2. берілген тапсырмалар оқушылардан ойлау құзыреттілігін талап етеді.

  3. Өздік жұмысы оқушыларды өзінің құрылымымен және мазмұнымен белсендіреді.

Тапсырмалар әр деңгейде болуы тиіс: білу, түсіну, талдау, қолдану, сараптау, бағалау.

  • Бірінші деңгей «білу» – мақсаты ақпаратты пайдаға асыру, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерденалып, АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыру.

  • Екінші деңгей «ТҮСІНУ» – мақсаты пайдаға асырылатын білімді көптеген түрде ұсыну.

  • Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – мақсаты БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалану.

  • Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде талдау арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашу.

  • Бесінші деңгей «САРАПТАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде сараптау, салыстыру арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашу.

  • Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде нақты жағдайда қорытындылар жасау, яғни өмірде қажетті жағдайда пайдалана білу.


YІ.
МҰҒАЛІМ

ҮРДІС

ОҚУШЫ
Педагогикалық кеңістіктегі қазіргі сабақ .


4 тапсырма. Рефлексия


  • ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды: -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




  • нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдалылығы: ------------------------------------------------------------------------------------------------------




  • курс қаншалықты қызықты болды: ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




  • курсты практикаға енгізу үшін сіздің дайындық деңгейіңіз: --------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Құрметті әріптестер!


Егер Сізде заманауи сабақтың жаңа амалдарын меңгеруде сіз шеше алмаған сұрақтар туындаса, немесе бірдеңе қолыңыздан келмей жатса, хабарласуыңызға болады.

Сұрақтар қоя отырып, сіз өзіңізге ғана емес, осы курсты орындап жатқан әріптестеріңізге де көмектесесіз, сондықтан сіздің проблемаларыңыз мен сұрақтарыңызға жауап беруге әзірмін.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет