«Толқытқан ойлар көп мені» деген тақыпта ойтолғау
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарынан алған білімдерін жинақтап еске түсіру; Оқушы ізденісі арқылы сын есім туралы білімдерін тұжырымдап, сын есімдердің тіліміздегі ролін көрсету; Қазақ тілінің байлығын таныту; Оқушылардың танымдық білімін арттыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Десант сабақ
Сабақтың әдісі: СТО жобасы БЛУМ жүйесі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту
Оқушылар, сіздер қазақтілі патшалығын еркін аралап, сөз әлемінің түрлі сырларымен, қасиеттерімен таныстыңыздар. Әуелі бұрыннан өзіміздің білетінімізді еске түсірейік. Сөздер өздерінің мағыналарына қарай түрлі топтарғағ яғни, сөзтаптарына бөлінеді.
Топтастыру стратегиясы
Зат есім
Сан есім Сөз таптары Сын есім
Етістік
Ассоциация стратегиясы
Сын есім дегенде ойларыңа не келеді?
Түрі Түсі Сыны Сапасы
Сын есім
Көлемі Мөлшері Пішіні Дәмі
Мағынаны тану
Блум таксономиясы
Есте сақтау (білу)
Ассоциациядан сын есімнің ережесін қорытып шығару
Заттың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.
Түсіну
430-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді табу, сұрақ қою, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау (сызба арқылы)
Қолдану
432-жаттығу Берілген сөздерден сын есімдер жасау, оларды қатыстырып сөйлем құрау
Талдау
433, 434-жаттығу жұмбақты оқып шешу. Сын есімдерді тауып, заттың қандай белгісін көрсетіп тұрғанын анықтау, осы топты толықтыру.
Түсі Сапасы Дәмі
Жасыл Қап-қатты Тәп-тәтті
... ... ...
Сергіту сәті
«Тізбек» ойыны
Шарты: Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын сын есім айтып, тізбекті жалғастыру
Мысалы: Ақ – қара - ...
Жинақтау
435-жаттығу
Мәтінді әуелі толық, содан соң сын есімдерсіз оқу. Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айту.
(Заттардың сыны айқын емес)
Бағалау
Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндіру
(Ойдың көркемдігі, айқындылығы, бейнелілігі үшін, заттың сыны мен сапасын көрсету үшін, т.б.)
Толғаныс
Бес жолды тұжырым
Қорытынды
Ассоциацияны толықтыру
Бағалау
Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгей: 431-жаттығу Шарты: Сөз таптарына талдау
Мүмкіндік деңгей: Грамматикалық ертегі құрастыру
Сабақтың тақырыбы: «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: Талдау, пікірталас, жинақтау
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
«Жақсы тілек – ақ пейілдің шашуы»
(Жолдастарына жақсы тілегін арнау, тілектердің қайталанбау шарты қойылады.)
Пікірталас
«Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл статусына лайық па?»
Осы бағыттағы елдегі нәтижелі жұмыстар қандай деп ойлайсыз?
Қандай түйткілді мәселелер бар?
Проблемаларды шешудің жолдары, нәтижелері қандай?
Проблемаларды шешудің қандай жаңа жолдары бар?
Бұған қосар өз үлесім
Толғаныс
«Бүгінгі сабақтан не түйдім?»
Тақырыбы: Компьютер жанындағы жанжал
Мақсаты: Шығармадағы негізгі ойды ашу арқылы қандай уақытта да адамгершілік қасиеттердің жоғары тұратынын таныту;
Мәтіндегі жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін дамыту;
Өз пікірін дәлелді қорғай білуге үйрету арқылы сөз мәдениетін қалыптастыруға баулу;
Түрі: Дебат сабақ (десант сабақ)
Әдісі: Сөздікпен жұмыс, болжау, пікірталас
Барысы: Ұйымдастыру
Балалар, біз ана тілінен «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» бөліміндегі шығармаларды оқи отырып, неге үйрендік?
Ата-ананы сыйлауға;
Үлкендерді құрметтеуге;
Олардың өнегелі істерін үйренуге;
Өнерлі, білімді болуға;
І. Қызығушылықты ояту
Тірек символдар
Алдарыңызда берілген суреттерді (балалар, компьютер, нота, кітапхана) бір-бірімен байланыстыра пайдаланып, әңгіме құрайық.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Болжау кестесі
Не болады деп ойлайсыз
|
Сізде оған қандай дәлел бар
|
Не болды
|
1.
|
|
|
Түсіндірме сөздік
(Қолдарына естелік ұсынылады.)
Сега – электрондық ойын.
Компьютер – (ағыл.-есептеуіш) электрондық есептеу машинасы – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина.
Клавиш – дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік тақта.
Джойстик – (ағыл. Басқару тұтқасы) ЭЕМ-нің дисплей экранында курсорды әр түрлі бағытта жылдам жылжытуға арналған қолтұтқа түріндегі құрылғысы.
Дискет – компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалған шағын есте сақтау құрылғысы.
Радиотелефон – арнаулы станциядағы қашықтықтан электромагнит толқындары арқылы дыбыстар мен белгілерді қабылдайтын және сымсыз хабарласатын телефон.
Интернет – (интер-өзара әрекет, бір-біріне бағытталу, нет-желі) компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.
Шифр – шартты әліппе, кітапханадағы кітаптардың тіркелу белгілері.
Квитанция – түбіртек қағаз, ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды, пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат.
Торонто университеті – Канададағы ең ірі университет.
Канада – Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.
Америка – АҚШ, Солтүстік Америкадағы мемлекет.
Поп жұлдызы – музыка жанрының шебері
Майкл Джексон – әнші
ІІІ. Ой толғаныс
Дебат
Айдын мен Ләззаттың жанжалына компьютер кінәлы ма?
Топта ақылдасу, қорғау, дәлелдеу
Дебатты аяқтау
Үй тапсырмасы
Міндетті деңгей
Әңгімені оқып, түсінгенін айту
Әңгімеге сүйеніп, Айдынға мінездеме беру (дискуссиялық карта)
Мүмкіндік деңгейлі тапсырма
1. Шығармада аталған Америка, Канада елдері жөнінде деректер жазып келу
Достарыңызбен бөлісу: |