Алғы сөз
Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм
Мақсаты: Эвфемизмдердің тілдік сипатын таныту;
Ұлттық салт-дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау, салыстыру
Барысы: Ұйымдастыру
«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.»
(Олжас Сүлейменов)
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да, таным- түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым-тәрбиесі де, білімі де, болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген.
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы
«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.»
(Олжас Сүлейменов)
Үй тапсырмасын тексеру
Жалпы, тіл ғылымынан сөздердің бірінің орнына бірі жұмсалу құбылыстары бар екенін білесіңдер. Қазір «Дөңгелек үстел» жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.
Ауыспалы мағыналы сөздер – Синонимдер – Табу сөздер
Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер – Бастапқы мағынаның негізінде туған туынды мағына – «Арыстан еді Исатай» - Ер жүрек
Синонимдер – Мағыналары жуық сөздер – Сұлу - Әдемі
Табу сөздер – Атауға тыйым салынған сөздер – Қасқыр – Жаман ауыз
Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі – біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
ЭВФЕМИЗМ
Мағынаны тану
Достарыңызбен бөлісу: |