Сабақ бір әлем қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы


Әдебиет - өмірдің көркем шежіресі



бет9/11
Дата05.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16786
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әдебиет - өмірдің көркем шежіресі

Рухани өмірдің басты саласы саналатын жергілікті әдеби-көркемдік, шығармашылық дәстүрлердің түп-тамыры аймақта кең таралған халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алады. Әсіресе, «Еділ-Жайық» ертегісі, әйгілі Аққұм туралы әңгімелер, Байұлы мен өңіріміздегі белгілі әулие, батыр бабаларымыз туралы аңыз әңгімелер, жырлар мен толғаулар – халықтың сөз мәдениетінің, ұлттық әдебиет өнерінің қайнар бұлақтары. Осынау әдеби мұралар өлкемізде өткен тарихи оқиғалардың, алмағайып кезеңдердің сөзбен зерленген ескерткіші тәрізді. Түбі бір, тегі ортақ ру-тайпалардың қазақ хандығына бірігіп, ұлт болып ұйысуына негіз қалаған әлеуметтік-саяси себептері мен тарихи алғышарттардың сырын аңдататын шығармалар да, оларға арқау болған оқиғалар да осы аймақта өрбіген. Мысалы, ұлттық бірліктің көркем баянындай халықтық туындылар – біздің Аққұмымызбен байланысты «Қобыланды батыр» сынды жыр-дастандар ерлікті ардақтап, елдікке үндейді.


Қаратөбеде туып, «Үш жүзге ән оздырған сал Мұхиттың» кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасты.
Шығыстың әдеби дәстүрлерімен қатар еуропалық реализм нақыштарын зейіндеген тәржімашы қаламгерлердің легінен орыстың ұлы ақыны Пушкиннің «Капитан қызы» шығармасын қазақ тілінде тұңғыш сөйлеткен жерлесіміз Молданияз Бекімов те орын алды. Ол сонымен қатар этнографтық, қаламгерлік секілді сан қырлы талантымен туған халқына қызмет етті.
Қаратөбенің киелі топырағынан нәр алған ақын, драматург Рақметжан Малабаев, ұлттық әдебиеттану ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қаламгер Қажым Жұмалиев, жазушы, драматург, ақын, махамбеттанушы ғалымдардың бірегейі Берқайыр Аманшиндердің де қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орындары бар.
Дауылпаз ақын, қажырлы жазушы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында да біздің өлкеміздің қазақ тарихындағы елеулі орны көрсетілген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында батыстық қаламгерлердің де бейбіт құрылыс тақырыбынан уақытша қол үзіп, бірыңғай әскери өмірді көрсетуге ден қойғаны белгілі. Қолына қару алып, майданға аттанған ақын-жазушылардың қатарында майдан газеттерінің бетінде басқыншылардан кек алуға шақырған, отаншыл отты жырларымен танылған жерлесіміз Сағынғали Сейітов те болды.
Жерлес ақынымыз Қадыр Мырзалиев – сан ғасырлық қазақ поэзиясының дамуына елеулі үлес қосқан дара тұлға. Оның қаламынан туған «Күміс қоңырау», «Ой орманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Бұлбұл бағы» жинақтары - қазақ әдебиетінің бір биік белесі.
Жерлес ақын-жазушылар Жұрғали Ертілесов, Құрманғазы Қараманұлы, Айсұлу Қадырбаева немесе туған топырақтан табан аудармай еңбек етіп, бірнеше кітаптарын жариялаған өлкетанушы Қайыржан Хасановтардың шығармалары көпшілікке кеңінен таныс.
Жазба әдебиетінің қан тамыры халық поэзиясы десек, ғасырдан-ғасырға ұласқан төкпе жыр ағыны бүгін де тоқталған жоқ. 50-60 жылдары тоқырап қалған айтыс жанры соңғы жылдары қайта түрленіп сала берді. Қаратөбелік әкелі-балалы Қыдырниязовтар үрдісі, Қ. Ғұбайдуллин, Д. Айтжанов, А. Қауенов, Е. Бимұқановтардың айтыстағы жолы Қаратөбенің құнарлы топырағында өз жалғастарын табады.
«Өнер алды – қызыл тіл» иелері – ақын-жырауларын ардақ тұтып, өнерпаздарын құрметтеген еліміз бұл күндері тәуелсіздік рухымен арқаланып, еркіндік ауанымен қуаттануда. Алашқа аты тараған небір өнер саңлақтарының кіндік қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық мәдениет, ұлағатты дәстүрлер жаңара жарасымын тауып, ұрпақтар сабақтастығының тіні ширай берері анық.
(Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы, «Арыс» баспасы)


Түсіну
Екі жақты күнделік



Қаламгерлер

Шығармалары









Қолдану
Т кестесі



Шығармалар

Өмір шежіресі









Талдау
Үш жақты күнделік



Қаламгерлер

Шығармалары

Сұрақтар










Ой толғаныс


Жинақтау
Бес жолды тұжырым

  1. Бір зат есім

  2. Екі сын есім

  3. Үш етістік

  4. Төрт сөзді сөйлем

  5. Синоним

Үй тапсырмасы
Бағалау
Үй тапсырмасы
Жерлес қаламгерлеріміздің шығармаларын оқып,
мүмкіндігінше үзінді не толықтай жаттап,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет