«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары . Сабақ №23
Мектеп: «Аманкелді атындағы орта мектебі»КММ Мерзiмі : 16.04.2016 жыл.
Мұғалiм: Баширова А.А.
Сынып: 3 Оқушылар саны :11 Тақырып : Еңбектің наны тәтті
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, шыдамдылық
Сабақ мақсаты: Еңбек туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:1. Білімдік – еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық – еңбекті бағалау, қадірлеу, еңбек қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік – еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер, дәптер, оқулық, интернет көзі)
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды топқа бөлу. 5Т-ны еске түсіру:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
2. Тыныштық сәтi. Теңізге саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінемін. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймын. Жайлы, баяу музыка ойналып тұрады. Жанды дауысыммен оқимын). – Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кетуге келді. Ол өте әдепті шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин төмен қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқысынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет! (Балалар алған әсерлерімен бөліседі)
3.Үй тапсырмасын тексеру. «Маңдай тер» мәтінін 2-3 балаға әңгімелетіп, сұраққа жауап алу.
1. Атасы Хамитке маңдай тер дегенді түсіндіре алды ма?
2. Өзіңе Хамиттің атасының бойынан қандай қасиеттерді алғың келеді?
3. Еңбектің дәмі қай кезде сезіледі?
4. Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?
ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК еңбек етуді жақсы көретін адамға тән қасиет. Адам еңбек арқылы өзін қуанта алады. Сонымен бірге еңбек өзгелерге қуаныш, бақыт сыйлайды.
|
2 мин
3 мин
8 мин
|
4. Дәйексөз. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Абай
Дәйексөз тақтаға жазылады. Алдымен хормен оқиды. Ұлдар, қыздар жеке-жеке оқып, жаттайды. Түсінгендерін өз сөздерімен талдайды. – Балалар, сендер осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Адам бойында еңбексүйгіштік қасиет болғанда ғана қуанышқа, бақытқа кенеліп, жаны жай табатын жақсылыққа жетеді. Әр халық өзіне жақын бір кәсіппен, еңбек түрімен айналысады. Мысалы, қазақтар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысса, қытай халқы бұрынғы кезде жібек құртын және күріш өсірумен айналысқан. Қазірдің өзінде Қытай елінің 70% -ы ауыл шаруашылығымен айналысады екен. Бүгін мен қытай халқының ертегісін сыйлық ретінде алып келдім.
|
7 мин
|
Оқиғаларды әңгiмелеу .
Жердің алтынға айналуы (қытай ертегісі)
Ван Сю еңбексүйгіш адам еді. Ол таңның атысы, күннің батысы тыным таппай еңбек ететін. Көршілері жерді бір рет жыртса, ол үш рет жыртатын. Өзінің жер көлемі көп болмаса да, отбасын асырауға жететін.
Бірақ, оның екі ұлы да әкесіне ұқсамаған еді. Күні бойы бос сенделіп жүре беретін. Әкесінің айтқан ақылын тыңдамайтын. Егер өзі жоқ болса, олар қайтіп күн көреді деген ой Ван Сюді жиі мазалайтын.
Бір күні әкесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Өзінің жағдайының нашарлағанын біліп, ол балаларына:
- Балаларым, менің жағдайым нашар. Мен сендерге қойнауында біраз алтын жасырынған жерімнен басқа еш нәрсе қалдыра алмаймын. Оны табу үшін сендер жерді ұқыпты, әрі терең қазуларың керек, - дейді де, қайтыс болады.
«Егер біз алтынды тауып алсақ, өмір бойы еш қиналмай өмір сүреміз», - деп ойлап, олар көмілген алтынды іздеуге кіріседі.
Сөйтіп ағайындылар бүкіл жерді қазып шығады. Бірақ алтынды таба алмайды.
-Біз мүмкін терең қазбаған шығармыз, - дейді ағасы. Олар жерді бұрынғыдан да тереңірек қазғанымен алтынды таппайды.
-Біз асыққаннан тез қазып, алтынды байқамаған шығармыз, - деді тағы ағасы. Жерді қайта-қайта қазса да байлықты таба алмады.
-Әкеміз бізді алдаған тәрізді! – деген қорытындыға келді ағайындылар.
Жерді соншалықты өңдегеннен кейін себілген егін жайқалып өсті. Басқа көршілеріне қарағанда, аз жер болса да көп өнім алды. Сонда ғана олар әкесінің сөзін түсінді. Содан бастап олар жалқаулығын тастап еңбектенетін болды.
Талдау сұрақтары:
1.Әкесі қандай адам болды?
2.Балалары әкесіне ұқсады ма?
3.Әкесін қандай ой мазалады?
4.Әкесі балаларын еңбекке үйрету үшін қандай айла ойлап тапты?
5.Балалары қазынаны табу үшін қалай еңбектенді?
6.Олар әкесінің айтып кеткенін қай кезде түсінді?
7.Еңбексүйгіштіктің адам өмірінде қандай маңызы бар?
|
8 мин
|
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
1. Дәптермен жұмыс. Өлеңді өз беттерінше оқу. Өлең мазмұны бойынша сурет салу.
2. Әр топқа жеке тапсырма. 1-топ: Түрлі түсті қағаздан гүл жасап, гүл күлтелеріне еңбектің нәтижелерін жазу.
2-топ: Есте сақтайтын еңбекқорлық ережелерін құрастырады, оқиды.
(Музыка қосылып тұрады)
Қорыту. «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» сұраққа жауап беру.
- Өйткені өз қолыңмен жасайсың.
- Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.
- Өйткені нәтижесін көресің.
- Өйткені ол саған қуаныш әкеледі.
- Өз қолыңмен істеген еңбегің қымбат.
Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбектң бағалап, қадірлейік.
|
8 мин
|
Топпен ән айту. «Болайықшы осындай». Сөзі мен әні А.Меңжанова.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай –
Болайықшы осындай!
|
5 мин
|
Үй тапсырмасы. «Алтын мүйіз» ертегісін оқып келу, 104,105-бет. Өңдеген И.Хасенұлы
|
2 мин
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. Сабақ аяқталды. Осы айтылғандардың барлығын есімізге түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз. Рахмет. Сау болыңыздар!
|
2 мин
|
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп « Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» КММ
Мұғалiм Егеубаева Г.К.
Сынып 3
Оқушылар саны 15
Тақырып : Өмірді танып білуге құштарлық
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер:Шыдамдылық, төзімділік, ынтымақтастық .
Сабақтың мақсаты:
«Өмір» туралы түсінік беру арқылы ақиқат құндылығцының мәнін ашу
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
• Өмір туралы түсініктерін кеңейту;
• Шыдамдылық, төзімділік, , ынтымақтастық қасиеттерін дамыту.
• Шыдамдылық, төзімділік, ізеттілік, ынтымақтастық жасауға тәрбиелеу.
|
Ресурстар: кітап, үнтаспа,дәптер,
маркерлер,плакат
|
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
- Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз... Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар... Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен - ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
Ал, енді «бір, екі, үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Үй тапсырмасын тексеру «Ата –өсиеті»әңгімесін оқып сұрақтарға жауап беру.
Нұртастың ойына деген көзқарастарың қандай? - Кімге таңданып қарады? Неге?
Ата мен баланын байланыс сөзі қандай? Қария «Өмірді сүю керек»дегенді не үшін айтты? Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіндер?
|
Ескерту
«Ақ көбелек»
|
Дәйексөз..
«Өзіңді танығын келсе, адамдарға, олардың ісіне қара». Фридрих Шиллер.
Дәптерге жазу.
|
|
5.Әңгiмелеу.
Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін. -Теңіз неден құралады? Барлығ жақсылықты бірден жасауға мүмкін бе? Осындағы адаммен бала әрекетінің кайсы дұрыс деп ойлайсын?
.
|
|
|
Мульфильм : «Просто так»
1 Топ :Әңгімелеу
2 Топ: Өлең шығару
|
|
7. Топпен» ән айту.
«Біз өмірдің гүліміз» әні
|
|
8. Үй тапсырмасы.
«Менің өмірімде болған қызықты кездер» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.
|
|
9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.
|
|
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Подгорное негізгі мектебі» КММ
Мұғалiм Елемесова Злиха Зейнелхановна
Сынып 6 Оқушылар саны 8
Тақырып № 24-25 сабақ. Өмірің өз қолыңда.
Құндылық Сүйіспеншілік
Қасиеттер шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірде барлық адамның өмірі өз қолында ұғымын, сүйіспеншілік құндылығы арқылы кеңейту.
Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы адамдарға риясыз қызмет етуде екендігін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың жанашырлық қасиеттерін дамытуға түсінік беру;
Тәрбиелік: Еліне, халқына абыройлы шынайы қызмет етуге тәрбиелеу
|
Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу
Тыныштық сәті.
Орманға саяхат.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру
Абайдың он жетінші қара сөзі оқулықта 87-88 бет.
Оқып өз ойларын төмендегі сұрақтар бойынша айту.
Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?
Ғылымның «жүрекке билет» дегеннің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?
Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыздар?
Өмірде жүрекке бағынып өмір сүру оңай ма?
|
Ескерту
|
Дәйексөз.
«Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ұжданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды.»
Ш. Құдайбердіұлы (1858-1931)
- Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
- Адам баласы өмірді мақсатсыз сүре ме?
- Дәйексөзден қандай ой түйдің?
- Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?
(Дәйексөзді дәптер бетіне түсіру)
|
|
Оқиғаларды әңгiмелеу
Өмір туралы аңыз
Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:
- Менің не істегеніме қарап, нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер , деп – тапсырма береді.
Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдысты алып , ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады. Данышпан шыны ыдысты үстелге қояды да, шәкірттерінен :
-Қараңдаршы, балалар, ыдыс толық па?
- Толық, толық ,- деп шуласа кетеді шәкірттері.
Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды. Ұсақ тастар ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады.
Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрады:
- Ыдыс толды ма?
Олар ыдыстың толығынан айтады.
Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырды. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан еш нәрсе шықпады.
Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып:
- Менің осы әрекеттім жайлы және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,- дейді.
Оқушылар өзара кеңесіп :
- Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, отан, сүйіспеншілік, бақыт, денсаулық, білім. Олар басқалары болмаса да әрқашанда адам өміріне мағына беріп, мінгі толтырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз адамның күнделікті өміріндегі ұсақ- түйектер, яғни күйбең тіршілік,-деп жауап береді.
Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені:
- Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты, өз өмірін кәкір- шүкірмен өткізетін болса , онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ-түйекке жұмсау үшін емес, маңызды заттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата-аналарына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп, баса назар аударып, өз денсаулығын нығайту керек. Сонда ғана ол білім алып, еңбек етіп, өзгелермен сыйластықта, бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді.
Данышпан ризашылықпен:
- Менің сендерден бір ғана тілегім бар. Ірі тастарды қадірлеп, сақтай біліңдер, тек солар ғана құнды, қалғандары –құм ғана.
-Ұстаз қандай тәжірибе жасады?
-Шәкірттер қандай жауап қайтарды?
-Шәкірттерінің жауабы ұстазына ұнады ма?
-Шәкірттері «Өмір» мектебіне дайын ба?
-«Әр адамның өмірі өз қолында»- деген ұғымға қалай қарайсыңдар?
|
|
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
«Қанағат қыл басыңдағы бағыңа» видеоролик.
Оқушыларды екі топқа бөлу:
«Қанағат қыл басыңдағы бағыңа» тақырыбына
I топ -«Қанағат»
II топ –«Қанағатсыздық»
сөздеріне постер құру және сол постерлерін қорғау.
|
|
Топпен ән айту.
Бейбарыс Серикбаев
Неткен өмір
Жер бетінде тау-орман
Бір-бірінен нәр алған.
Мына дүние о бастан
Әділдіктен жаралған
Бірде шаттық, бірде мұң
Не боларын білмедім.
Көшкен бұлттай асығып,
Өтіп барады күндерім.
Қайырмасы:
Оу, оу, неткен өмір!
Жабырқау неге көңіл?
Оу, оу, неткен өмір,
Білмеймін алда не тұр?
Шаршатты жалықтырды
Көз салсаң бұл өмірге бір.
Қала, қала, шу қала
Әсем қала, гүл қала
Қалмады ғой бұл күнде
Ешбір қызық өзіңде
Жалған ізет, жалған сөз
Бірін-бірі алдайды
Жалған үміт, жалған күз
Бар нәсіпке тоймайды.
Қайырмасы:2р
|
|
Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 90 бетінде Қ. Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер қарақтарым» деген мәтін берілген. Мәтінді оқып, мәтіннің соңында берілген сұрақтар бойынша өз ойларын дайындап келу.
|
|
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік - бар жерде!
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,-бүкіл әлемде! Сау болыңдар!
|
|
Мектеп : «Қарақол орта мектебі»
Мұғалiм: Жанабаева Динара Ж
Сынып:7
Оқушылар саны: 15
Тақырып : «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»
Достарыңызбен бөлісу: |