Сабақ Бөлім: 1 бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім


Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2



бет25/31
Дата27.11.2023
өлшемі1,25 Mb.
#193665
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
6- кл Әдебиет ҚМЖ 1-тоқсан ДҰРЫСЫ 2023-2024 (1) (2)

Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2
Оқылатын шығарма
Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді», Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»
Оқу мақсаты
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола,
литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
6.3.4.1 - шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау
Тапсырма
1.Өлеңді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз, үзіндінің маңыздылығына тоқталыңыз.
Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме,
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!
Қабырғадан қараған
Достым менен дұспаным:
«Апырым, ер Доспамбет!» дегей ме! ...

  1. Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құралдарды анықтаңыз

Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді,
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.
Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

  1. Өлеңдегі көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама (шамамен 5-6 сөйлем) жасаңыз.

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма
Тіпті кейді болса да әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда ал да дос, өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
Қорытындылау
1.«Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс болмаған?», – деген жолдар қандай ойларға жетелейді?
2. Толғау ақынның қандай көңіл күйін білдіреді деп ойлайсыңдар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет