(МК) Оқушыларға «Екі минутта өсу және гүлдену» атты бейне ролик көруді ұсыну. Оқушылардан бейне ролик көргеннен пайда болған эмоцияларымен бөлісу.
Ұ) Өлеңнің көмегімен дұрыс көңіл күй туғызу
Ақ көбелек ұшады
Аппақ гүлге ұқсайды
Көк көбелек ұшады
Көкшіл гүлге ұқсайды
Сары көбелек ұшады
Сары гүлге ұқсайды
Көбелек гүлдің еркесі
Барлық гүлді құшады
Сәлеметсіңдерме балалар
.Сендер де ояныңдар сөйтіп жұмысқа жұмыла кірісіңдер
(Ұ,) Бір сөзбен ата ойыны
Ағаштар ,гүлдер ,шөп-бұлар........
Қайың қарағай ,шаған ,үйеңкі-бұлар.......
Сексеуіл итмұрын ,жұпаргүл,таңқурай-бұлар......
Боз, жусан, бақбақ,бәйшешек –бұлар......
(Ұ) Өзекті мәселелер
Өсімдіктерді қалай ажыратасың?
Өсімдіктің қандай бөліктерін көріп тұрмыз? Олар қандай жұмыс атқарады.
Өсімдіктің қандай бөлігін біз көрмейміз?Олар қандай жұмыс атқарады
Т) Оқушыларға жеміс ағашының мысалында, өсімдік өмірінің әр кезеңін бейнелейтін суреттер көрсету. Суреттерді ретімен қойып шығуын сұрау. (тұқым, бүршік, көшет, гүлденген ағаш, жеміс беретін ағаш).
(Ұ) Оқушылардан өсімдік тіршілігі кезінде болатын өзгерістерді тізіп шығуын сұрау. Назар аударту: Барлық өсімдіктер біркелкі өсе ме және барлығында ұқсас өзгерістер орын ала ма?
Өсіміктердің сыртқы түрі әртүрлі болғанымен,олардың барлығының да тамыры, сабағы,жапырағы,жемісі мен дәні болады.
Ойлан!
Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады?
Өсімдікке тамыр не үшін керек деп ойлайсың? Сабақ ше ?
Жапырақ ше?
Гүлдің орнында не пайда болады?
(ОТ, Ұ) Оқушыларға сынып жағдайында бидай не үрмебұршақ тұқымдарын өндіру тәжірибесін ұсыну. Жас өсімдіктермен күн сайын болатын өзгерістерді белгілеп отырыңыз.
|