Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: Жамбыл, Сүйінбай туралы білетініңді әңгімеле.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмысжүзеге асырылады.
47-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтінді көшіріп жазыңдар.
Екі бала тоғайға бардық. Қарағайдың, түрлі өсімдіктің жұпар иісі мұрныңды жарады. Аласа бұталардың арасынан сұр торғай, көк шымшықтар пыр-пыр ұшады. Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі. Тоғай іші көңілді. Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Ж: әңгімелеу мәтіні.
-Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.
Ж: жұпар, аласа, көк, сұр, ала қанат, көңілді. Олар қай заттың сынын білдіріп
тұрғанын айтыңдар.
Ж: Сын есімдер иістің, бұталардың, құстардың сынын білдіріп тұр.
48-жаттығу. Пішіндерге сәйкес әріптерді қойып оқы. Осы сөзді сын есімдерді пайдаланып сипаттап жазыңдар.