Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) 39-жаттығу.
- Мәтінді түсініп оқыңдар.
Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.
• Сені көшеде журналист тоқтатып, Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы не білесің? деп сұрақ қойса, не деп жауап берер едің?
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Мәтін кейіпкері Әлия туралы мәліметтерді есіңе түсіріп әңгімеле.
Сергіту сәті: «Жұмбақ» ойыны.
Оқушылар кезекпен жұмбақ жасырады.
(Ж, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
40-жаттығу.
Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қосып оқы. Олар қандай етістіктер екенін айтыңдар.
Ж: жіберме, шақырма, теппе, төзбе, қазба-болымсыз етістіктер.
41-жаттығу.
Туған күн, кездесу, басқа да мерекелерге шақыру қағаздарын алып көрдіңдер ме? Шақыру қағаздары не үшін және қалай
жазылады? Досыңа арнап туған күніңе шақыру қағазын жазыңдар.
Ерсін!
Сені наурыздың 25-і күні сағат
1200-де болатын туған күніме жайылған дастарханға қонаққа шақырамын.
Туған күн иесі: Рүстем.
|
Тапсырманы орындайды.
Жұмбақ шешеді.
Тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор:
- Мәтінді түсініп оқиды-1балл.
- Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды-2балл.
Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы әңгімелейді-2балл.
Дескриптор:
- Етістіктерге тиісті жұрнақтарды қосып оқиды-1балл.
- Олардың қандай етістіктер екенін айтады-1балл.
-Досына арнап туған күніне шақыру қағазын жазады-2балл.
|
Оқулық, дәптер
оқулық, дәптер
|