Сабақ Бөлім Жанды табиғат Педагогтің аты-жөні



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#183288
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Әліппе 11 сабақ 13.09.23 ж


жалпы орта білім беретін мектебі
Қысқа мерзімді жоспар

Әліппе 11-сабақ



Бөлім

Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні

Нұржанова А

Күні:

13.09.2023ж

Сынып:1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

11 Дыбыс. Буын. Сөз. Сөмкеңде нелер бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.2.1.1*сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»;

Сабақтың мақсаты

Көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды
Сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын оқиды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтыңбасы 3мин

Психологиялық ахуал
«Сен мен үшін кімсің?»
Өткенді қайталау.
Ойсергек. «Сөмкемде не бар?» ойынын ойнату. Сабақ мақсатын хабарлау:
– Балалар, сендер дыбыстарды қосып, сөз айтуды үйренесіңдер.
Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру



Оқушы сөмкесіндегі оқу құралдарын атайды. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

ҚБ бағалау



Сабақтың ортасы
10 мин



ҚБ 1-тапсырма Топтық жұмыс
«Пазл» әдісі
Оқылым
ОДД:білу,түсіну,қолдану
Нұсқау: Суреттерді сызбаның көмегімен буындап «оқу». Әр буындағы дыбыстарды бір-бірінен ажырату.
ЕББҚ ететін(ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма Кі-тап сөзін буындап айтады


Оқушылар алдымен кітап, дәптер суреттерін сызбаның көмегімен буындап «оқиды».
Сонан соң кітаптар, дәптерлер суреттерін «оқиды». Соңғы суреттегілердің көптік мағынаны білдіріп тұрғаны сандарына сәйкес танытылады. Сөздің әр буынындағы дыбыстарды бір-бірінен ажыратады.

Жетістік критерийі: Көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды

Әр алған мадақтауға бір кітаптан беріп отырады




суреттер

5 мин

ҚБ 2-тапсырма Жұптық жұмыс
ОДД:білу,түсіну,қолдану
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы бойынша «Жалпы әлемдік және аймақтық мәселеріді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы» құндылықтарын дамыту.
Табиғатты қорғау баулу
«Көкөністер жинаймыз» ойыны
Нұсқау: Суретке сәйкес сызбаны табу. Сөздегі қай дыбыстар кедергіге ұшырап, қысқа айтылатынын табу.



ЕББҚ ететін(ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма Дәптер сөзіндегі дауысты дыбыстарды айтады

Сызғыш, қалам, қарындаш, ермексаз суреттеріне сәйкес келетін сызбаларды табады. Осы сөздердегі кедергіге ұшырап, қысқа айтылатын дауыссыз дыбыстарды айтады: с, з, ғ, ш, қ, л, м.
Оқушылар әр суреттің дыбыстық сызбасын қызыл және көк дөңгелекшелермен толықтырады.


Жетістік критерийі:
Сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын оқиды
Әр алған мадақтауға бір кітаптан беріп отырады




10 мин



ҚБ 3-тапсырма Жеке жұмыс
ОДД:білу,түсіну,қолдану
«Көркем жазу» әдісі
Жазылым
Нұсқау: Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
– жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
– заттарды сызықтар арқылы қосу;
– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;
– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;
– әріп элементтерін бастырып жазу.


Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.
Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.
Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.
Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.

Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, көркем жазу талаптарына сай жазады ҚБ Әр алған мадақтауға бір кітап беріп отырады


Дәптер




2 мин



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет