Тағамдарды ұсын
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма;
1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Төменгі және жоғарғы дыбыстарды естиді, орындайды. Шығармашылық ойын түрінде берілген тапсырмаларда белсенділік танытады. «Ауылдың дәмі» әнін үйренеді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі\уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
1-тапсырма. Зерттеу.
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы суретте көрсетілген үстел үстіне қойылған тағамдарға аударады. Оқушылардың таңдаған тағамдарының қаншалықты пайдалы екені жөнінде зерттеушілік сипаттағы әңгімеге тартады.
-Халқымыз қонақ келсе, дастарқаннан дәм татқызбай жібермеген. Қонағына ең дәмді тағамдарын ұсынған. Сен өз достарыңа суреттегі дастарқаннан қандай тағамдарды ұсынар едің?
-Ұсынған тамақтарыңды не себептен таңдағаныңды айт (дәмді, денсаулыққа пайдалы).
2-тапсырма. Шығармашылық (ән-ойын).
Оқушылар сабақта «Дастарқан» әнінің әуенін еске түсіріп, оқулықтағы суретке назар аударады. Мұғалім оқушыларды «Тағамдарды ұсын» ән-ойынына шақырады. Тапсырманың басты мақсаты-оқушыларға ойын түрінде жоғарғы және төменгі биіктіктегі дыбыстарды көрсету.
Ойын шарты:
Суреттегі дастарқанның жоғарғы және төменгі жағына қойылған тағамдарға қара. Сыйлы қонағыңа қандай дәмді тағам ұсынар едің?
Дастарқанның жоғарғы бөлігіндегі тағамдарды сыныптастарыңа әндете ұсын. Әуеніне «Дастарқан» әнінің қайырмасының бірінші жолын қолданады.
|
«Тағамдарды ұсын» ән ойынына қатысады. Жоғарғы және төменгі дыбыстарды әндетіп көрсетеді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы
|
Ортасы
|
Енді сыныптастарыңа дастарқанның төменгі жағына қойылған тағамдар мен сусын түрлерін ұсын. Әуеніңде «Дастарқан» әнінің қайырмасындағы бірінші жолды пайдалан.
Үлгі: «Жанар, міне, төрт алма».
Сабақта ноталық сауаттылық ретінде он алтылық нота ұзақтығы жөнінде қысқаша мәлімет беріледі.
3-тапсырма. Орындау.
Сабақта үййретілетін жаңа ән – «Ауылдың дәмі» (әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов, өлеңін жазған: А.Рахметов).
Ән 2/4 өлшемінде до-мажор тональдылығында жазылған. Жұмыс диапазоны өте қолайлы. Ән жолдарының мағыналық мазмұнына көңіл бөлу керек.
-Әнді үйрен, сөзіне көңіл бөл.
-Әнде қандай пайдалы тағамдар аталған?
|
Оқушылар «Ауылдың дәмі» әнін үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
|
Соңы
|
Әнді толығымен үйренгеннен кейін оқушыларға: «Қалай ойлайсың, ән әуенінің қайсысы жоғары, қайсысы төмен орындалады?» деп сұрақ қоюға болады. Бұл Мұғалімге есту толық қалыптаса бастаған балалардың дыбыс биіктігін қаншалықты қабылдап жатқанын бақылауға қолайлы.
Бағалау.
-Ән әуенінің қайсысын жоғары, қайсысын төмен орындадым?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
|
|
|