Басы
|
(М.Ұ. ОТ)
1-тапсырма. Орындау.
Сабақта «Сәлем, досым менің!» (өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Н.Мирманов) атты жаңа ән үйретіледі. Мұғалім ән жолдарының мазмұнына тоқталады.
-«Сәлем, досым менің!» әнін тыңдағанда қандай әсерге бөлендің?
-Сыныптастарыңмен бірге дос туралы ойларыңды ортаға сал.
-«Достар» әнінің мазмұнына назар аудар, орында. Мұғалім әнді үйреткенде ладтық өзгерістерге ерекше мән беруі керек. Қайталамалы секвенциялы әуен шумақта минорлы, ал қайырмада мажорлы тональдылықта жазылған.
|
Оқушылар әнді үйрену барысында өзінің досы туралы ойын білдіреді, пікір алысады. Балалар әнге байланысты көңіл күйін оқулықтағы смайликтер арқылы білдіреді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия
|
Ортасы
|
(М.Ұ.ОТ)
Мұғалім әнді үйретіп, орындатқаннан кейін динамикалық белгілер жөнінде түсінік береді және әнді осы көркемдеуші құралдар арқылы орындауға шақырады. Мұғалім оқушылар музыкалық шығарманың орындалу ерекшелігін сезінгеннен кейін, әннің бастапқы төрт жолын динамикалық белгілерге сәйкес орындауды ұсынады.
Piano
|
Асыр салып, ойнап,
|
Forte
|
Бірге күліп, жайнап
|
Piano
|
Жүре
|
Forte
|
|
Мұғалім келесі кезеңде әнді динамикалық белгілер көрсетілген карточкалар арқылы орындатуына болады. Көрсетілген үлгі оқушыларға вокалдық орындау барысында көркемдік және техникалық бірлік ұстанымын айшықты көрсетуге мүмкіндік береді. Сабақта басымдық орындаушылық әрекетке негізделгендіктен, мұғалім әуен тазалығына жете назар аударуы керек.
2-тапсырма. Шығармашылық. Мұғалім оқушыларды «Сәлем, досым менің!» ән-ойынына қатысып, достарына музыкалық сәлем жолдауға шақырады. Үйретілген әуен до, ре, ми, фа, соль аралығындағы дыбыс қатарын қамтиды. Сұрақ-жауап түріндегі қысқа әуен түрленімін мұғалім өзі таңдауына да болады.
|
Оқушылар «Сәлем, досым менің!» әнін үйренеді. Қайта орындау барысында әннің бірінші шумағын оқулықтағы берілген динамикалық белгілерге қарап орындайды.
Оқушылар екі топқа бөлініп, «Сәлем, досым менің!» ән-ойынына қатысады. Қысқаша әуенді сөзімен орындайды. Орындағаннан кейін, әуеннің ноталық жазбасына назар аударады.
|
|
«Музыка» оқулығы
Фа, ре ноталарының жазылымын анықтайды, скрипка кілті ұғымымен танысады.
|
Соңы
|
3-тапсырма. Суырыпсалма.
«Сәлемдесу» суырыпсалма ойынында оқушылар мектептегі ұстаздарымен терциялық (до-ми) мелодиялық биіктікте берілген ноталарға қарап әуендетіп амандасады. Мұғалімнің өзі де түрлі әуен ұсынуына болады.
Бағалау:
-«Сәлем, досым менің!» әнін қалай орындадым?
-Фа, ре ноталарын анықтауда қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Оқушылар «Сәлемдесу» суырыпсалма ойынына қатысады.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.
|
|
«Музыка» оқулығы
«Бағдаршам» әдісі туралы
|