Басы
|
1-тапсырма.Тыңдау.
(МК, Ұ) Мұғалім «Су туралы ән» тақырыбымен танысу үшін оқушыларға композитор М.Сағатовтың «Бұлақ» фортепианолық пьесасын тыңдатады. Оқулықта пьеса атауына байланысты шағын әңгіме мен сурет ұсынылған. Балалар әңгіме мәтінін оқығанда мұғалімнің көмегіне сүйенуіне болады. Мәтінде судың пайда болуына ықпал ететін күн, бұлт, желдің рөлі де айтылған. Әңгіме мәтіні: «Бірде шағын ауылда таудағы тастар құлап, кішкене бұлақтың көзін жауып тастайды. Бір тамшы су қашып құтылып, не болса да бауырларын құтқаруға бел буады. Ол Күннен, бұлттан, желден көмек сұрап, адамдарға жеткізуін өтінеді. Көмекке келген адамдар бұлақтың көзін ашып, су тамшыларының қуанышын қызыға бақылайды».
«Бұлақ» пьесасы – шағын болғанымен, ерекше шығарма. Композитор жылдам екпінде орындалатын негізгі әуенді бұлақтың үдемелі қозғалысымен аса үлкен шеберлікпен үндестіре білген.
|
Оқушылар композитор М.Сағатовтың «Бұлақ» фортепианолық пьесасын тыңдайды. Музыкалық шығармадан алған әсерлерімен бөліседі.
Халқымыздың суға байланысты тағылымдық мақалдарын талдауға қатысады.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия
|
Ортасы
|
2-тапсырма. Зерттеу.
(М,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын теңіздің үш күйі бейнеленген суреттер мен өлең жолдарына аударады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-Суреттер мен өлең жолдарына назар аудар.
-Суретте теңіздің қандай күйі бейнеленген деп ойлайсың?
-Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпына сәйкес келетін динамикалық белгілерді ата (крещендо, диминуэндо). Мұғалім ертегі құрастыруына да болады.
3-тапсырма. Орындау.
(М, Ұ) Сабақта жаңа ән үйренеді: «Сылдыр бұлақ» (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов) Ән тез жатталады, шумақты, қайырмалы көңілді әуенімен ерекшеленеді. Мұғалім оқушылардың назарын әннің өлең жолдарына, ән дикциясына, әуен тазалығына аударуы керек.
|
Теңіз қалпын, толқынды, буырқанған (тасқынды) зерттеп, бақылайды. Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпына сәйкес келетін динамикалық белгілерді көрсетеді.
Оқушылар «Сылдыр бұлақ» (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов) әнінің бірінші шумағы мен қайырмасын үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы
|
Соңы
|
Сабақ соңында ән қайырмасының бірінші жолы алдымен сөзі және әуенімен, онан кейін нотамен айтылады. Мұғалім ля, си ноталарының жазылымын пысықтайды.
(М.О) Бағалау:
-Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпының қайсысын дұрыс көрсеттім?
-«Сылдыр бұлақ» әнін қалай орындадым?
-Ля, си ноталарының жазылуы туралы не білдім?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Ән қайырмасының бірінші жолын әуен сөзімен, нотамен орындайды. Си нотасының жазылымымен танысады.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.
|
|
«Бағдаршам» әдісі туралы
|