Сабақ ортасы
| 1-тапсырма.
«Көне түркі жазбалары» тақырыбында бейнефильм көреді. Тыңдалым мәтініне байланысты болжамдарымен салыстырады.
Төмендегі сұрақтардың көмегімен жұпта диалаог құрып, ой бөліседі.
Сұрақтарды қойып, жауап беруде сұрақ қоюшы мен жауап беруші рөлдерін алмастырып отыруды ескеру қажет.
-Көне жазбаларға Страленбергтің қатысы туралы не білесің?
-Көне жазбалар қандай себептен «Руно» жазуы аталған?
-1893 жылдың 25 қарашасында қандай оқиға болды?
-«Тәңірі», «Түрік» сөздері туралы не білесің?
-«Күлтегін» жыры туралы мәтінде не айтылды?
-Көне түркі ескерткіші туралы алғашқы мәлімет берген ғалым кім?
Бағалау критерийі:
Т/А8.1.3.1 – Мəтіннен алынған дəйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мəселені болжау
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы:
|
Дәйексөздерге сүйеніп, мәселені анықтау
|
3
|
Тірек сөздердің қызметін түсіну
|
3
|
Сұраққа дәлелді әрі дұрыс жауап беру
|
2
|
Сөйлеу мәдениеті
|
2
|
Барлығы 10
|
2-тапсырма.
Оқушылардың жұптық тапсырмасы:
Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, төмендегі кестені толтырады.
Үлгі:
Көтерілген мәселе
|
Себептері
|
Менің пікірім
|
Орхон Енесей өзендерінің бойынан табылған ескерткіштер шамамен 7-8 ғасырларда табылған
|
Әдебиетші ғалымдар арасында екі түрлі көзқарастың болуы
|
Ежелгі түркілердің жазба әдебиеті сақ-ғұн дәуірлерінен басталады
|
---
|
---
|
---
|
---
|
---
|
---
|
---
|
---
|
---
|
Дифференциация: Әдебиетші ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастың болуына зерттеу жүргізеді және өзіндік тұжырым жасайды
Грамматикалық тапсырма.
Оқушыларға бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу талаптары түсіндіріледі.
Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ырғақ жағынан бірыңғай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексикаграмматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз.
Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар
• Халықаралық ұйымдардың аттары;
• жеке мемлекет ретіндегі республика аттары;
• мемлекеттік мекемелердің, жоғары ұйымдардың күрделі атаулары;
• жоғары дәрежелі қызмет атаулары мен берілген атақтардың әр сөзі бас әріппен жазылады.
Бас әріппен жазылатын сөздер:
Мысалы Жалқы есімдер: Теміртау, Айболат
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет атаулары: Президент Әкімшілігі
Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атаулары: Қазақстан Республикасы
Қысқарған сөздер: БҰҰ, ТМД
Мекемелер, білім орындарының күрделі атауларының бірінші сөзі Қазақ Ұлттық университеті
Кітап, газет, журнал аттары «Айқап»,«Асыл арналар»
3-тапсырма:
Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) оқушылар жалқы есімдерді тауып, атауларын анықтайды.
4-тапсырма:
Сынып оқушылары төмендегі шығармаларды емле ережесі бойынша жазып, авторларын анықтайды.
«асыл арналар»,«кең өріс», «ақбілек», «жапандағы жалғыз үй», «шұғаның белгісі», «бақытсыз жамал», «үркер», «жас түлектер», «құлагер», «бай баласы мен жарлы баласы», «москва үшін шайқас», «оянған өлке», «ақ жайық», «көшпенділер», «батыр баян», «қызыл жебе», «каһарлы күндер», «ботагөз», «қилы заман», «тар жол, тайғақ кешу», «қалың мал», «аласапыран», «инеш», «қан мен тер», «алтын сақина», «қамар сұлу».
Шығармалардың авторлары: Ғ.Сланов, Ә.Әбішев, М.Жолдасбеков, Т.Ахтанов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Шаймерденов, Б.Момышұлы, Қ.Есенжанов, І.Есенберлин, Ш.Мұртаза, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ә.Нүрпейісов, Қ.Кемеңгеров, С.Торайғыров, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, С.Көбеев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов
|
https://www.youtube.com/watch?v=e2eO_Xkkw6c
Көне түркі жазбалары
|