Тақырып бойын- Сабақтағы керек Бүгінгі ақпа- ша алған керекті емес болған раттың ішінде ақпаратты шаба- артық дүниені әлі оқуым керек
данға сал. қоқыс жәшігіне дегендері болса,
сал. еттартқышқа сал.
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды шабаданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады.
1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Сабақтың мақсаты
Мәтінді түсініп оқиды.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ой қозғау. «Топтастыру» – Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айтып, топтастырып жазайық.
Ой қозғауға берілген тапсырманы бірге орындайды.
Ортасы
Оқулықпен жұмыс Әңгіменің авторы жайлы қысқаша мағлұмат береді.
1-жаттығу ауызша орындалады. «Нан – тіршілік тірегі» мәтінімен жұмыс ұйымдас-
1-жаттығу. Мәтінді дауыстап, тізбектей және іштей түсініп оқиды. Әр оқушы өз түсіні-
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Таныстырылым
158
тырылады. Мәтінді мұғалім дауыстап оқиды. Оқушылар өз ойларын айтып, мәтінді әрі қарай жалғастырады.
гінше әңгімені әрі қарай қалай болжайтыны жайлы айтады.
Өз ойларын айтады.
Тақтадағы жазу үлгісі
Дәптермен жұмыс жаттығуда Ермек Өтетілеуұлының өлеңін көшіріп жазады.
жаттығу. Жасырын тұрған дәнді дақыл атауларын тауып оқиды.
Көркем жазу Көркем жазуға берілген сөздерді жазады.
ысырап ысырап ысырап тіршілік тіршілік тіршілік 2-жаттығу. Өлеңді қатесіз, көркем етіп көшіріп жазады. 3-жаттығуда дәнді дақылдар- дың атауын табады.
Арпа, күріш, жүгері, бидай, тары сөздерін тауып оқиды. Тәтті тоқашты қандай ұндардан жасауға болатынын айтады. Жүгеріден жасалатын тәтті үлпектерді жақсы көретіндерін айтады.
Кері байланыс «Бағдаршам» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
Жасыл түс – барлығын түсіндім.
Сары түс – маған көмек керек.
Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.
Сабаққа, бір-бірінің жасаған жұмыстарына кері байланыс береді.
Кері байланыс тақтайшасы
159
48-сабақ
Бөлім:
Мәтін және сөйлем
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Алғашқы хат. Сөйлем
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу
Сабақтың мақсаты
Өлеңді түсініп оқиды.
Мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат) жазады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық дайындық. «Хат тасушы көгершін»
Балалар, бүгін бізге аппақ көгершін хат алып келіпті. Хаттың ішінде не жазылған деп ойлайсыңдар? Хатты кім жіберуі мүмкін? Көгершін қандай құс?
Көгершін – бейбітшілік құсы. Достық пен татулықтың, бірліктің белгісі. Әлемді аралап хат таситын бақыт құсы деп есептеледі.
Көгершін – кептердің қолға үйретілген түрі.
Балалар, бұл хат ауылдағы ата-әжелеріңнен келіпті. Сендердің амандықтарыңды, сабақ-
Балалар өз ойларын білдіріп, түрлі пікірлер айтады.
Көгершін туралы білетіндерін әңгімелейді.
тарыңды қалай оқып жүргендеріңді сұрап- ты. Сабақ аяқталғанда ауылға келіп, көк
шалғында аунап-қунап демалып, тауға шығып, атқа мініп, асыр салып ойнағандарыңды қалайтынын жазыпты. Сендерді сағынғанын жеткізіпті (мұғалім алдын ала қалташа ішіне
хат жазып дайындап қоюына болады).
Ортасы
Оқулықпен жұмыс. Кіріспе әңгіме. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Автор жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.
Автор туралы. Оразақын Асқар – ақын. 1933 жылы Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағында дүниеге келген. Балаларға арналған өлеңдері көп.
1-жаттығу ауызша орындалады. Мұғалім өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқып шығады.
«Алғашқы хат» өлеңін тізбектей, дауыстап мәнерлеп оқиды. Өлең соңындағы сұрақтарға жауап береді.
Хатты қалай жазу керек?
Өзің хат жазып көрдің бе?
Хатты неліктен қайта-қайта көшірді деп ойлайсың?
Автор жайлы қысқаша мағлұматты тыңдайды.
1-жаттығуды ауызша орындайды. Барлығы тізбектей дауыстап, мәнерлеп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Сөздік жұмысы Сергіту сәті «Бұлт үстіндегі саяхат» – Балалар, мен сендерді бұлт үстіне саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денелерің осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталды. Бұлт жайлап, көк аспанға көтерілді.
Сөздік жұмысы жүргізеледі.
Қамдану – дайындалу. Баяу әуенмен айтылған сөздерді тыңдай отырып жасайды.
Балалар бір сәт өздерін ғажайып әлемге барып қайтқандай демалып алады.
Бірінші тапқан оқушыны мадақтап,
«Шапалақ» арқылы бағалайды.
Самал жел беттеріңнен сипап жатыр. Биік таулардан, көк теңіздің үстінен өттіңдер. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізді. Бұл жерде сендер өздеріңді өте жайлы сезінесіңдер. Осы жерде досыңа, құрбыңа жазған хатыңды шарға байлап ұшырып жібердің (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар. Бұлт ақырындап ыдырай бастады. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар.
Дәптермен жұмыс
2-жаттығуды жазбаша орындайды. Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табады.
3-жаттығу. – Ал, балалар, біз бұлт үстіне саяхат жасадық.
Ата-апаларыңды сағындыңдар ма? Олай болса, ата-апамызға хат жазайық. (Хат жазу үлгісімен таныстыру.)
Көркем жазу Көркем жазу жұмысын орындайды:
хабарлама хабарлама хат хат хат хат хат жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табады.
Жұмбақтың шешуі: хат. жаттығу. Ата-апаларына хат жазады.
Соңы
Жазған хаттарын оқып, тілектерін, ұсыныстарын ортаға салады.
Жазған хаттарын оқып береді. Тілектерін, ұсыныстарын ортаға салады.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Жұлдыздар
Кері байланыс
«Бағдаршам» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
Жасыл түс – барлығын түсіндім. Сары түс – маған көмек керек. Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.