«Арнайы көлік иелерін тап» ойыны Арнайы көліктердің суретін көрсетіп, олардың иесін табу ұсынылады.
– Балалар, жолаушыға қандай сөз айтар едіңдер? Өлеңді оқып, сабақты бекіту.
Жолың болсын! Атам шықса сапарға
... (Жолың болсын!) – дейді апам. Апам шықса сапарға
... (Жолың болсын!) – дейді атам.
...(Жолың болсын!) – дейді олар, Үлкенге де кішіге.
...(Жолың болсын!) – дейді олар, Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым Қуат барын, күш барын.
...(Жолың болсын!) – айтамын,
Алыс жолға шықса кім! (Н.Айтұлы)
Балалардың жауабын тыңдау.
Мұғалім кідірген жерге хормен «Жолың болсын!» деп айту.
Кері байланыс
Бүгінгі сабаққа «Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді.
Мұғалім сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыны мадақтап, қалған оқушыларды да
белсенділік танытуға шақырады.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретке жапсырады.
1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану
Сабақтың мақсаты
Өлең мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа толық жауап береді.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады. Заттың сынын білдіретін сөздерді сұрақ қою арқылы ажыратады, орынды қолданады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық ахуал. Көңіл күйдіқалыптастыру. Жұмбақтар шешу.
Қолында қайшы, тарағы, Тәртіпке шашты салады. Ол кім?