Сабақ Циклдiк алгоритмдi программалау Өткізген: информатика пәні мұғалімі



Дата27.04.2017
өлшемі69,18 Kb.
#15194
түріСабақ
«Ақтөбе орта мектебі» ММ

Ашық сабақ

Циклдiк алгоритмдi программалау

Өткізген: информатика пәні мұғалімі

Жұмағалиева Б.А

Ақтөбе-2015-2016 оқу жылы

Класс 8а Күні: 22.01.2016ж

Тақырып: Циклдiк алгоритмдi программалау

Мақсат:

Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы білімдерін қалыптастыру. Циклдік программалар құрып үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа

әдісі: Сын тұрғысынан ойлау әдісі Блум таксоманиясы

Көрнекілігі: компьютер, карточкалар, Т.Р ортасы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

А)сәлемдесу

ә) класс дайындығын тексеру

б)түгендеу

ІІ.Жаңа сабақ

Блум таксоманиясының категориялары:


  1. Білу

  2. Түсіну

  3. Қолдану

  4. Талдау

  5. Жинақтау

  6. Бағалау

Жаңа сабаққа көшпес бұрын өткен сабақта берілген үй тапсырмасын тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасын 6 сұрақ арқылы тексеремін. Ол үшін оқушы тақтаға шығып, шаршыны лақтырады, қай сан түссе сол санның артындағы сұраққа жауап береді.

  1. Оператор дегеніміз не?

  2. Оператордың түрлерін ата

  3. Шартты оператор деген не?

  4. Шартты оператордың жазылу пішімі

  5. Таңдау операторы деген не?

  6. Таңдау операторының жазылу пішімі?


1.БІЛУ

Жыл мезгілдері, апта күндері, ай аттары, күн мен түн. Қандай ұқсастықтарды байқаймыз?

Жауап: қайталану процесін

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қайталану операторлары». Қаай ойлайсыңдар бүгін біз не туралы өтеміз? (Цикл, қайталау)



Ендеше бірігіп сабағымыздың жоспарын құрайық:

  1. Цикл деген не?

  2. Цикл операторы

  3. Тапсырмалар шешу

Өмірдегі сияқты Паскаль ортасында да процесс нәтижесіне жеткенше қайталана береді. Жалпы грек тілінен аударғанда цикл – шеңбер дегенді білдіреді екен.

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.

2. ТҮСІНУ

Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.

FOR операторының екі түрі бар:

FOR <айнымалы>:= to do <оператор>;

FOR <айнымалы>:= downto do <оператор>;

Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> - цикл тұлғасы.

FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
3.ҚОЛДАНУ

Сабақ түсініктірек болу үшін мысалдар қарастырайық:



Мысал: 1 мен 100 аралығындағы сандар қосындысын есептейтін программа құру.

(for операторын қолдану арқылы)

Program esep3_1;

Var {айнымалыларды сипаттау бөлімі}

N, S:Integer; ,y – бүтін сандар }

BEGIN {программа басы}

S:=0;

F
Цикл денесі
or N:=1 to 100 do
{ цикл 100 рет айналады}

S:=S + N; { қосындыны есептеу}

Writeln(‘S=’, S); { нәтижені экранға шығару }

End. { программа соңы}

Программа нәтижесі:

S=__________.
Мысал2. Экранға барлық 2 орынды сандарды шығару

Program primer;

Uses crt;

VAR


i: integer;

Begin


Clrscr;

For i:=10 do 99 DO Write (i, ‘’) ;

Readln

End.


Мысал3.

Жоғарыдағы есепте кері қарай орындалу процесін жүзеге асыру.

Есте сақтайық!

Цикл операторларында while , repeat, do түйінді сөздерінен кейін және until сөзінің алдында нүктелі үтір қойылмайды.



Сөздікпен жұмыс:

Қазақша

Ағылшынша

Енгізу

Read

Шығару

Write

Үшін

for

Егер

If

Онда

Then

әйтпесе

Else

Дейін

Do

Соңы

End

Қайталау

Repeat

Бастау

Begin

әзір

While

4.ТАЛДАУ

Цикл операторының өзге операторлардан ерекшелігі қандай?

Таңдау операторы Цикл операторы




5.ЖИНАҚТАУ

Графикалық диктант



  1. Цикл операторының денесінде бірнеше операторды қатар қолдана аламыз (+)

  2. FOR n=3 TO 5 do write (n) операторы – дұрыс жазылған (-)

  3. Цикл операторында қайталану санын білу міндетті емес (-)

  4. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады. (+)

  5. Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс. (+)

6.БАҒАЛАУ

  • Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

  • Сабақ сендерге несімен ұнады?

  • Сабақты одан әрі жақсы етіп өткізу үшін не жетіспеді деп ойлайсың?

  • Бүгінгі сабақта ұнаған термин?

Өзіңе ұнаған терминге құрастыр:

  1. Бес жолдық өлең

  2. Арнау өлең

  3. Хат

  4. Эссе

  5. Сөз құрастыру

Үйге тапсырма:

Цикл операторын оқу, сұраққа жауап



Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

А) Қадақпен берілген массаны (1-50 қадақ аралығын) кг-ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0,4кг).

Б) Дюйммен берілген қашықтықты (1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендіретін (1 дюйм=2,54 см) программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.



Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.



Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет