В.И.Ленин атындағы №1 орта мектеп
Ашық сабақ
« Денелердің өзара әрекеттесуі.Дененің массасы.Заттың тығыздығы »
7 сынып
Физика пәні
Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Успанова Зәуре Темірбайқызы
2015-2016 оқу жылы
«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Күні:
Сыныбы: 7а
Пәні:физика
Сабақтың тақырыбы
|
§23,24 Денелердің өзара әрекеттесуі.Дененің массасы.Заттың тығыздығы
|
Сілтеме
|
Жоспар, В.И.Лукашик «Физика сұрақтары мен есептерінің жинағы»,
Математика және физика журналы, №1-2002, ғаламтор, А.И.Сёмке Физика занимательные материалы к урокам
|
Жалпы мақсаты
|
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы жайлы, Заттың тығыздығы мағлұмат беру
Денелердің өзара әрекеттесуі.Дененің массасын және заттың тығыздығы күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалауға баулу
|
Күтілетін нәтиже
|
Денелердің өзара әрекеттесуі.Дененің массасы. Заттың тығыздығы.жайлы мағлұмат алады
Денелердің өзара әрекеттесуі.Дененің массасын және заттың тығыздығы күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады
|
Сабақта қолданылған көрнекі-құралдары:
|
Жаңа тақырыптарға арналған слайдтар, бағалау парақшалар, маркер, интербелсенді тақта, магнит, үлестірме парақшалар, шарлар, өлшем бірліктер, смайликтер, жұлдызшалар
|
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер:
|
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, мензурка,таразы,кірлер жиынтығы,ареометр ,«Білім ағашы», оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау, сергіту сәті
|
Негізгі идеялар
|
Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады.
Мысалдар:
Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.
Тәжірибе:
Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:
Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б.
Өлшейтін құрал – таразылар.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.
Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (физикалық шамалар арқылы 2 топқа бөлінеді
1 топ масса 2 топ көлем
ІІ. Өткенді қайталау (6минут)
Мына сұрақтарға жауап беріңдер
1.Денелер неден тұрады? Мысал келтіріңдер
2.Заттар қандай күйде бола алады?
3.Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?
4.Пішіндері әртүрлі денелердің көлемін қалай табуға болады?
5.Үстелде екі цилиндр тәрізді дене бар,олардың айырмашылығы мен ұқсастығы туралы не айтуға болады? Неліктен?Неге?
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарып алдық.
Біз ,әртүрлі заттардың тығыздықтары әртурлі болатынын түсіндік,яғни ол тығыздық физикалық шама.Ол нені білдіреді?Ол үшін қарапайым есеп шығарыңдар.
III.Жұптық жұмыс .(2 мин)Есеп: Мрамор плитасының көлемі 2м3,массасы 5400 кг. 1м3 мрамордың массасы қандай?
(Жауабы:1м3мрамордың массасы 2700кг.)
Мұғалім әрекеті:Оны қалай анықтадыңдар?
Оқушы әрекеті:массаны көлемге бөлу арқылы.
Оқулықпен жұмыс. Заттың тығыздығы деп нені айтады? Өлшем бірлігі?
Тағы нені білу керек?кг/м3=?г/см3
фомуласын жазады.
ІҮ. Топтық жұмыс (талқылау үшін сұрақтар беріледі )(15минут)
Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
Мысалдар келтіріңдер.
Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата.
Массаны қалай анықтаймыз?
5. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
6. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
7.Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
8.Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді
.Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр оқушы өз міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Топтық жұмыс :шығармашылық әрекет (5 минут) (суретпен түсіндіреді)
1 топқа
1.Топтарға суреттер беріледі,сурет бойынша әңгімелеу.
2.Жағадан бірдей қашықтықта екі қайық орналасқан.Біреуінде жүк бар,ал екіншісі жүксіз.Қай қайықтан жағаға секіру оңай? Неге?
2 топқа
1.Топтарға суреттер беріледі,сурет бойынша әңгімелеу.
2.Бала жүк таситын кемеден жағаға секіреді.Неліктен секіру мезетіндегі кеменің кері қозғалысы байқалмайды?
ҮІ.Жұптық жұмыс(5 минут)
Есеп:Ыдыстағы керосиннің көлемі 0,02м3..Керосиннің массасын табыңдар.
(жауабы :16кг)
Жеке жұмыс. (2минут)Күмістің тығыздығы 10500кг/м3.Бұл сан нені білдіреді.?
ҮІI. Бағалау (5 минут) (критерийлер бойынша) 5-толық білемін, 4-жалпы білемін,
3-білгенімнен білмегенім көп, 2-ештеңе меңгермедім.
ҮІII. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
|
Эссе жазу
|
Кейінгі оқу
|
§23. 24 107 беттегі өзін өзі тексеру сұрақтарына жазбаша жауап жазу
|
Достарыңызбен бөлісу: |