Аралас Сабақ
Дөңесова Гүлнұр
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті
№249 мектеп-лицейдің
биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың
алдын алу және емдеу жолдары
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жаңа көзқарастарын дамыту, оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты ояту, бір-бірінің пікірлерін бағалай білу,денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап,қорғауға, өз ата – тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарды дұрыс құра білуге,түрлі тұқым қуалайтын аурулардан сақтануға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың
алдын алу және емдеу жолдары тақырыбында 10 сыныпқа сабақ өткіздім.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үйтапсырмасын сұрау.
§46.Адам генетикасы
«Жас генетикті» анықтау
1.Адам генетикасын зерттеудегі қиыншылықтар
2.Адам генетикасын зерттейтін әдістер
3.Кесте толтыру
«Ой шақыру» әдісі арқылы оқушыларға сурет көрсету.
Сұрақ: 1.Суретті сипаттау
2.Тұқым қуалайтын аурулар неден пайда болады?
ІІІ.Жаңа сабақ
§47. Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың
алдын алу және емдеу жолдары
Жоспары:
1.Медициналық генетика әдісіне сипаттама
2.Тұқым қуалайтын аурулар: а)хромосомалық аурулар
ә)гендік аурулар
3.Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу
4.Қан топтарының тұқым қуалауы
5.Туыстық некенің тиімсіздігі
6.Медициналық-генетикалық кеңес
Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді.Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің, шамамен,7-8 %-ы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады.Сондықтан сол ауруларды жан-жақты зерттеу, олардың алдын ала сақтандыру және емдеу жалпы адам генетикасының, соның ішінде медициналық генетиканың негізгі проблемасы болып табылады.генетиканың бұл саласы ьойынша зерттелетін келесі маңызды бір мәселе – адамда тұқым қуалайтын өзгерісті қандай факторлардың тудыратынын және адамзатты көптеген ауыр зардаптардан құтқару үшін оларға шара қолданудың жолдарын зерттеу.
Медициналық генетиканың негізінде хромосомалардың өзгеруіне байланысты болатын бірнеше тұқым қуалайтын аурулар анықталды.
Тұқым қуалайтын аурулар
хромосомалық гендік
Клайнфельтер Гемофилия
Шерешевский – Тернер Альбинизм
Даун Брахидактилия
Эдвардс Фенилкетонурия
Мысалы:1)Хромосомалық ауру
Даун синдромы
Достарыңызбен бөлісу: |