Сабақ «Әдебиет сабағында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту»



бет1/3
Дата10.04.2017
өлшемі304,91 Kb.
#13686
түріСабақ
  1   2   3
Рудный қаласы

«№19 орта мектебі» КММ


Қадыр Мырза-әлінің өмірі мен шығармашылығы

(Әдебиет пәні бойынша ашық сабақ)

«Әдебиет сабағында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі: Жаксылыхова Г.Н.

2016-2017 оқу жылы

Күні: 07.12.2016ж

Сынып: 7 «А»

Пән мұғалімі : Жаксылыхова Гулназ Нурмуратовна

Тақырыбы:Қадыр Мырза- әлінің өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: білімділік: тақырып бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақынның ұрпағына қалдырған мұралар жайлы сөз етіп, жан-жақты қарастырып, қазақ әдебиетінен алатын орны жайлы білімін жетілдіру;

Дамытушылық: қазіргі таңдағы ақынның шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мәні: ақын аталарынан үлгі бере отырып, адамгершілік пен намысшылдыққа,қайсарлыққа,отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

Модуль түрлері: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, оқу үшін бағалау оқуды бағалау, АҚТ-ны пайдалану

Әдіс-тәсілдер: «Жүректен жүрекке», «топтау стратегиясы», «Тест», «Ана» тақырыбында көрініс қою, «Біз ақынбыз, өлеңге жақынбыз», «Тапқырлық таныт (ақынның жұмбақтары)», «ЭССЕ жазу», «Сатылай кешенді талдау жасау (СКТ)» бейнебаян көрсету, «Лото» ойыны; Сергіту сәті «Атамекен» әні орындалады;

Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, постер, маркер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, математика,психология

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сыныпқа келіп,оқушылармен сәлемдесіп,қатысуын тексеру, оқу құралдарын қадағалау;

2.Балалар назарын сабаққа аудару мақсатында психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке» ыстық лебіздерін білдіру; 2 мин
ІІ . Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар бере отырып топқа бөлу;

А) «Барлығы да сендердікі» кімнің өлең жолы? «Мұқағали» ауылы

Ә) «Қазақтың бас ақыны кім?» «Абай» ауылы

Б) «Қазақ әдебиетінде балалардың атасы» деген атқа кім ие болды? «Ыбырай» ауылы

В) «Ақырғы бәйге» кімнің еңбегі? «Сәкен» ауылы

Г) «Ұлт ақыны» деп атасақ артық етпейтін бүгінгі тақырыпқа байланысты ақын атамыз?.... «Қадыр» ауылы


3. Бағалау қағазын түсіндіріп өту; 3 мин

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

С.Жүнісовтың шығармасы «Ақырғы бәйге» (5-6 бөлім) қорытындылау; 2мин



Үйге тапсырманы бекіту: 10сұрақты Тест беру

  1. 1.Құлагер кімнің жылқысы?

А) Күреңбай сыншы Ә) Батыраш Б) Ақан сері

2. Ақан сері романындағы сыншының аты?

а) Сағынай ә) Батыраш б) Күреңбай

3. Сыншы Құлагердің он үшінші қабырғасын қалай түсіндіреді?

а) Күштің белгісі деді ә)Сорға біткен ұры қабырға деді б) Қанатқа теңеді

4. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп сырнай тартып жүрген өнерлі бала кім?

А) Мөңке ә) Шашубай б) Қотыраш

5.Сыншы “Мынау бір пырақ екен” дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты?

А) Құлаш кеңірдегін, тұяғын ә) Қос құлақ, кең қолтықтығын б)Бір қабырғаға артықтығы, қанатын

6. Ақырғы бәйге романынан алынған үзінді кімнің сөзі?

Бәсе, бәсе – деп таңдайын қақты. – Қанаты бар екен жануардың.


  1. А)Халық Ә)Шашубай Б)Күреңбай

7. «Ақырғы бәйге» қалай аяқталды?

А) Құлагердің қазасымен Ә) Мөңкенің жеңісімен Б) Ақан серінің Қотырашқа қарсы шығуымен аяқталды



  1. 8.«Аламан» сайысында құлагерді өз иелігіне алып жарысқа қатысқан кім?

А) Мөңке ә) Шашубай б) Қотыраш

9. Сәкен Жүнісов қай жылы қай жерде дүниеге келді?

А) 1935 жылы Қызылорда тумасы Ә)1943 жылы Алматы облысында Б) 1934 жылы Көкшетау өңірінде

10. Аламанға қатысар кезінде Мөңкеге кім ақыл айтады?



А)Ақан сері Ә)Шашубай Б)Күреңбай 7 мин
ІV. Жаңа тақырыпты ашуға байланысты сұрақ қою.

Әуенді тыңдату

«Атамекен» әнін орындап жүрген кім қазіргі таңда, сөзін жазған кім? /Қ.Мырза- әлі/

Жаралғанбыз о баста біз намыстан

Жерін аңсап оралған қыз алыстан.

Арман қымбат адамға ұлың үшін,

Сен оданда қымбатсың Қазақстан. /Қ.Мырза-әлі/


  1. Мәліметтерді таратып беру, (ресурсный қағазды)

  2. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.

Қадір Мырза Әлі ақын 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымышты кентінде туған. Көп жылдар бойы бірнеше жүлделерге ие болған.

Қадір ақынымыз біздің дәуіріміздегі әлемдік деңгейге шыққан қазақ поэзиясының көкпенегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп,мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадірі» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі еді. Қырықтан аса кітаптары, таңдамалы шығармаларының бес томдығы, 2001жылы 15 томдығы жарық көрген. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазған. Ақынның бірнеше пьесасы сахнада қойылған.

Балалар әдебиетін дамытуда да үлкен үлес қосқан, өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. «Асыл әжем», «Тамаша», «Ару қала-Алматы», «Махаббат мұңы», «Қыз Жібек», «Атамекен», т.б өлеңдері Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы әнұранының жаңа мәтінін жазған автордың бірі болды. Ол 2001жылы «Тарлан» сыйлығын иеленді. «I дәрежелі Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері. Көптеген композиторлармен қоян қолтық жұмыс жасаған. 22 қаңтарда 76 жасқа толған шағында аса көрнекті қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадір аға ауыр науқастан дүние салды. (Интерактивті тақтадан көрсету) бейнебаян көрсету; 7 мин


АНА
Бәрі де ана / бір өзіңнен басталды, /а/

Сен деп жаздым / алғаш өлең дастанды, /а/

Қуандым ба, /өзің бар деп қуандым, /б/

Жыладым ба,/ өзің жоқ деп жас тамды. /а/


Бәрі де ана бір өзіңнен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды,

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандымба, тек өзіңнен жасқандым.


Алғашқы дәм олда сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді.

Отанымның өзі сенен басталып,

Жауларыма жеткен жерден бітеді.


(3 шумақ, 12 тармақ, 2 бунақты, 12 буын, қара өлең ұйқасы)
V. Шығармашылық тапсырма

1-топқа «АНА» өлеңін оқып мазмұнын ашып «СКТ сатылай кешенді талдау» жасаймыз

2-топқа тақырыпқа «Ана» тақырыбына көрініс қою

3-топқа «Біз ақынбыз, өлеңге жақынбыз» тақырыбында 1-2 шумақты ақынға арнап өлең шығару.

4-топқа «Тапқырлық таныт (ақынның жұмбақтарын тап)» слайд арқылы көрсету

5-топқа Қадыр Мырза Әли ақынға байланысты «ЭССЕ жазу» 10мин

Сергіту сәті: сөзін жазған Қадыр Мырза-әлі, әні Ескендір Хасанғалиев «Атамекен» әнін орындату (бейнежазба) 3мин

VІ. Сабақты бекіту

«ЛОТО» ойынын жаңа тақырыпқа байланысты ойнату; 5мин


1

2

3

4

5




Бүгінгі сабағымды ақын К.Ахметованың сөзімен түйіндесем: «Қадыр Мырза – әлі ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі,түйсігі мың қатпар, қалтарысты,астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар -ұятын , үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын»


VІІІ. Үйге тапсырма: Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеу, сөзжұмбақ құрастырып келу. 2мин

І. Бағалау

Әр оқушы сабақ кезеңіне байланысты бағалап, сабақ соңында қорытынды жасау.

3мин

Рефлексия: ағашқа стикер арқылы сабаққа байланысты нені меңгерді, нені меңгермей қалды, немесе тілек жазып кету. 1мин




Каталог: uploads -> doc -> 0164
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0164 -> Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту
0164 -> Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндер
0164 -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға»,«Патша әмірі тарылды»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет