Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, практикалық. Сабақ көрнекілігі: дайын бұйымдар көрмесі бұйымдар, суреттер



бет2/9
Дата08.07.2023
өлшемі0,67 Mb.
#179358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Табиғи материалдар
5-14, 6-21, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, апталық цикл 2019-2020, апталық цикл 2019-2020, Есептер, 1 мамыр, XML тілі, 02 Лекция по менеджменту КО, тхнг 12 саг, Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері., 1590129643
Сабақтың барысы:
Оқытушының қызметі
Студенттің қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
Студенттермен амандаса отырып, сабаққа дайындау, құрал жабдықтарын дайындату.
Оқытушымен амандаса отырып, сабаққа дайындалады.
Сабаққа дайын болады.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру

Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы тексеріледі:



  1. Папье – маше технологиясының ерекшелігі қандай?

  2. Папье – маше технологиясы қалай орындалады?




  1. Папье – маше технологиясының негізгі ерекшелігі кез – келген форманы шығара алу мүмкіндігінде.

  2. Қағаз қиындыларын клейстер арқылы қабаттап жапсырмалау.

Үй тапсырмасын толық орындайды, сұрақтарға жауап бере алады.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Оқытушы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлай отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа сабақ тақырыбы «Табиғи материалдармен жұмыс».
Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.
Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Қлөнер бұйымдарын жасауда қолданылатын табиғи материалдардың түрлері көп. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері бұйым жасауда таптырмас материалдар. Табиғи материалдармен жұмыс бастауыш сыныптарда кеңінен қарастырылған. Мұндай жұмыстарды жасату барысында оқушыларға жұмыс жасатумен қатар, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелейміз. Сондықтан да елімізде табиғатты қорғау заң арқылы реттеледі.
Студенттерге табиғатты қорғау заңы жөнінде мәлімет беру.
Студенттерден тақырыпқа сай табиғи материалдарға байланысты мақал – мәтелдерді сұрау. Интерактивті тақтада берілген мақал – мәтелдерді толықтыру.Сонымен қатар жұмбақтар жасыру, шешуін айту.
Студенттер табиғи материалдар түрлерімен таныса отырып, осы техникада орындалған жұмыстарды саралайды. Табиғи материалдармен жұмыс жасау техникасының балалардың дамуына тигізетін әсерін танып біледі.

Ағаш жапырактарынан жапсырмаланған жұмыс

Жаңғақтан ермексаз арқылы орындалған жұмыс.

Табиғи материалдармен жұмыс техникасы жөнінде түсінік қалыптасып, осы техникада орындалған жұмыстар жөнінде мәлімет қорлары толығады.
Бастауыш сыныпта орындалатын жұмыс түрлері жөнінде толық біледі. Балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мәндеттерді меңгереді.
Көрсетілген жұмыс түрлерін техникасына сай талдай алады.


ІV. Машықтық жұмыс

Табиғи материалдарды, оның ішінде шырша жаңғағын қолдана отырып бұғы мүсінін құрастырады. Жұмысты жасауға қажетті материалдар:


жаңғақ, емен ағашының дәні, талдар, шырпы талы, ермексаз.
Жұмыстың орындалу реті Activstudio бағдарламасында анимация арқылы түсіндіріледі.

Студенттер бұйымды жасауға қажетті материал және құралдарды түгендеп, жасалу кезеңдерімен танысады.
Бұғы бейнесін берілген жасалу кезеңіне сәйкес орындайды.



Қажетті құралдарымен талапқа сай жұмыстана отырып, жаңғақтарды құрастыра алады. Ермексаздың көмегі арқылы бөлшектерді біріктіру жолдарын біледі. Бұғы мүсініне сәйкес пропорциясақтап, композиция құрастыра алады.
V. Қорытындылау. Үйге тапсырма.
Сабақ соңында студенттердің орындаған жұмыстары таданып, сараланады, бағаланады. Өтілген материал сұрақтар қою арқылы пысықталады:
1. Табиғи материалдардың қандай түрлері бар?
2. Табиғи материлдармен жұмыс жасата отырып балалалрға қандай тәрбие беруге болады?
3. Бұғы мүсінін жасауда қандай әдістер қолданылдлы?
Студенттер өз жұмыстарына сипаттама бере отырып, саралайды, сұрақтарға жауап береді.

  1. Шырша, қарағай жаңғақтары, ағаштардың дәндері, жапырақтары, бұтақтар, тастар, өсімдіктер, гүлдер және олардың күлтелері.

  2. Табиғи материалдармен жұмыс оқушылардың ой-өрісін дамытуға, әсемдікке, табиғатты қорғауға, психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.

  3. Бөлшектерді ермексаз арқылы біріктіру әдістері.

Берілген сұрақтарға толық жауап бере отырып, жаңа материалды толық меңгереді. Табиғи материалдар арқылы бұғы мүсінен құрастыру техникасын меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет