Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, практикалық. Сабақ көрнекілігі: дайын бұйымдар көрмесі бұйымдар, суреттер



бет5/9
Дата08.07.2023
өлшемі0,67 Mb.
#179358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Табиғи материалдар
5-14, 6-21, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, кадр менедж оәк, апталық цикл 2019-2020, апталық цикл 2019-2020, Есептер, 1 мамыр, XML тілі, 02 Лекция по менеджменту КО, тхнг 12 саг, Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері., 1590129643
VІ. Практикалық жұмыс (өз таңдауы бойынша қолөнер бұйымын бастау, қауіпсіздік ережесін сақтау)
V. Сабақты бекіту. Сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма беру: қазақтың қолөнер бұйымдарының біреуін жасап әкелу


Бағдарламаның мақсаты:
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 
Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.
Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Бұл авторлық бағдарлама, бұл бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 5– 9 сыныпта оқитын оқушыларға арналған. Бағдарлама 2 оқу жылына арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, лексия, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге жұмыстарды шығару.
Бұл бағдарлама 11 бөлімнен тұрады.
Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыру үйретіледі.
Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру үйретіледі. 
Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы үйретіледі.
Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.
Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.
Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.
Сәндік қолданбалы – өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасау үйретіледі.
Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен кестелеу жұмыстарына үйретіледі.
Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.
Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.
«Қолөнер - еңбектің қайнар көзі» үйірмесінің бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне, байланысты орта 5– 6 сыныпта, ересек 7-9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептердің және қосымша білім беру мекемелерінің технология пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді.
Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-
әрекеттерімен көрсетуде.
Оқушыларға арналған қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйінің оқу жоспарына сай үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы 216 сағатқа, аптасына 3 сағаттан 2 рет өтілу берілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет