Күтілетін нәтеже. Бұл бағдарлама бүгінгі талаптарға сай қажетті көрнекіліктер мен жабдықталып іске қосылған кабинетте жүзеге асырылады.
Сонымен қатар дидактиқалық материалдар,суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа қолданылады.
Қолөнер үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.
Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді
Сонымен бірге оқушы салт –дәстүрімізддегі қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсіне білуі керек.
Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршен қолөнерін жасап үйренеді.
Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан қолөнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.
Қолөнерге қызықтыру үшін кез-келген бұйым туындыларының жасалу құпия тарихын ашып көрсетейік, «Жас келсе іске» дегендей -
«Еңбек- ширатады,
Өмір - үйретеді».
«Білім - асыл қазыналы сандық,
Оны ашатын кілті - еңбек».
Қолданбалы қолөнер үйірмесіне 5-8 сыныптардағы оқушыларға арналған бағытта қолөнерге, техникаға бейімі бар оқушыларды жинақтап, үйірме жұмысы жүргізіледі. Үйірме жұмысы 2 бағытта жүргізіледі.
Сәндік- қолданбалы өнері
Техникалық - шығармашылық өнері
Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, ағаш, су моншақ, тоқыма құрастыру т.б. әсем, түрлі бұйымдарын жасауға қызығады.
Мектепішілік баяндама: «Адамгершілік асыл қасиет».
Оқушылармен мектепішілік «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Ата-аналардың қатысуымен 8-сынып аралығында «Арқан тарту» сайысы өтті. Мектепішілік 5-7 сыныптар аралығында «Көктем аруы» сайысы өткізілді.
5-8 сыныптар аралығында «Оқушылардың салауатты тамақтануы» тақырыбында әңгіме қозғалды.
1-қыркүйек «Білім күнінде» мектепішілік көрме ұйымдастырылды.
Аудандық 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне байланысты көрме ұйымдастырылды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты көрме ұйымдастырылды.
2012 оқу жылында қосымша білім беру балалар шығармашылық үйірмесі «Балалардың қолданбалы шығармашылығының халық қолөнері бастауы мен байланыстыру арқылы дамыту» атты аудандық семинарға қатысып, тыңдалды.
2013 жылы 24 қаңтар қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйірмесі
«Шығармашылық дәстүр және осы заман» атты қосымша білім беру үйірмесі жанында семинарға қатысып, тыңдаушыларға тақырыбы
«Жүн бұйымдарын өңдеу тәсілі» мастер-класс жұмысын көрсетіп өткізді.
2012 жылы БҚО орта білім беру саласын ақпараттандыру пәндері семинарына қатысып, «Қазіргі кездегі тұлғаны қалыптастырудағы технология пәнінің рөлі мен мүмкіндіктері» тақырыбында баяндамасын оқыды.