Жеке жұмыс
Бағалау критерийі:
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: білу, түсіну.
Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Допты лақтыру»
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса , допты басқа оқушыға береді.
1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.
2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.
3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?
Жауабы: үшінші
4.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалы мәндерінің реттелген жұптарының жиыны.
5. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі деп координаталары осы теңдеудің шешімдері болатын нүктелер жиыны аталады.
6. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі (шешімі) Жауабы: қисық сызық
ҚБ: Смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау (өте жақсы, жақсы, орташа)
Үй тапсырмасын тексеру
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: қолдану
Саралау тәсілі: тапсырма
Белсенді оқу әдісі: «Өзара тексеріс»
Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, интербелсенді тақтада көрсетілген жауап арқылы тексереді.
№33
а) х = 0; у = 2;
ә) х = – 1; у = 1;
б) х = 1; у = 0 сандар жұбы 4х3 – у2 + 4 = 0 теңдеуінің шешімі бола ма?
Жауабы:
а) х = 0; у = 2;
4х3 – у2 + 4 = 0
4∙03 – 22 + 4 = 0 – 4 + 4 = 0 (теңдеудің шешімі болады)
ә) х = – 1; у = 1;
4х3 – у2 + 4 = 0
4∙(– 1)3 – 12 + 4= – 4 – 1 + 4= – 1 (теңдеудің шешімі болмайды)
б) х = 1; у = 0;
4х3 – у2 + 4 = 0
4∙ 13 – 02 + 4= 4 – 0 + 4= 8 (теңдеудің шешімі болмайды)
Дескриптор: Білім алушы:
- теңдеудегі айнымалыларды сан мәндерімен алмастырады;
- теңдеудің шешімін табады.
ҚБ: «Геометриялық фигуралар» арқылы бірін-бірі бағалау.
1.Тапсырма сауатты орындалды, жауабы дұрыс;
2.Тапсырма орындауда кемшіліктер бар, жауабы дұрыс;
3.Тапсырмада қателер орын алған, жауабы жартылай дұрыс.
Үшбұрыш, төртбұрыш алған оқушылар топтың белсенді оқушыларынан көмек алады.
Мұғалімнің мадақтамасы: «Жарайсыңдар!»
Топтық жұмыс
Бағалау критерийі:
- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімін тауып, графигін салады
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: қолдану
Саралау тәсілі: тапсырма
Белсенді оқу әдісі: суретші
Мұғалім әр топқа 3 түрлі тапсырма жазылған карточкалар үлестіреді. Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің графигін GeoGebra программасы арқылы салады, салу жолдарын талдайды, жауапты презентация арқылы тексереді.
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
у –х2+2х = 0
|
2х2 + у = 4х-3
|
х2+3х-у+7= 0
|
ху = 6
|
ху = 8
|
ху = -3
|
(х-1)2+(у+2)2=1
|
(х-3)2+(у-1)2=9
|
(х+2)2+у2=4
|
Дескриптор: Білім алушы:
- теңдеудегі айнымалыларды бірі арқылы бірін өрнектейді;
- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімін табады;
- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигін GeoGebra программасы арқылы салады.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Екі жұлдыз – жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек – бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Сергіту сәті:
Оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттыру, күш қуатын нығайту үшін сергіту сәтін ұйымдастыру.
|