Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні:
|
Информатика
|
Күні
|
03.10.2016 ж
|
Сынып
|
8 «б»
|
Сабақтың тақырыбы
|
№5 Сабақ «Екілік арифметика»
|
Жалпы мақсаты
|
Тақырыпты Блум таксономиясы арқылы сыни тұрғыдан игере отырып, санау жүйесіндегі екілік санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қолданатын арифметикалық амалдармен танысады. Сонымен қатар жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыта отырып, берілген тақырыпты еркін игереді.
|
Түйінді идеясы
|
Білекті-бірді жығады,
Білімді-мыңды жығады
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
|
Оқушылар (ондық, екілік, сегіздік, оналтылық) санау жүйелерімен танысады. Санау жүйесіндегі екілік санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыра отырып, арифметикалық амалдарды қолдануға үйренеді. Топпен жұмыс істеп идея бөліседі. Бір-бірін тыңдайды, кеңес береді. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс жасайды.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
А4 қағаз, АКТ, стикерлер, оқулық.
|
Оқыту әдістері
|
Блум таксономиясы алты ойлау деңгейі. Оқушылардың өзара белсенділігін арттырып қызығушылығын ояту.
|
Дерек көздері
|
Кесте, мысалдар, 8 сынып оқулықтары. www.bilimland.kz сайты. Екілік сж
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
3 мин
|
Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
Үйге тапсырма. Санау жүйелерінің тарихы туралы реферат дайындаңдар.
|
Тапсырмалар:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
|
Білу 7 мин
Тапсырма №1. «Миға шабуыл» әр түрлі сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.
|
Ашық, жабық сұрақтарға жауап беру
|
1) Санау жүйесі деген не?
2) Санау жүйесінің қандай айырмашылығы бар?
3) Санау жүйесін неше топқа бөліп қарауға болады? Мысал келтір.
4) Санау жүйесі неден құралады?
|
Түсіну 5 мин
Тапсырма №2. Жаңа сабақ.
Бейне жазба
Сұрақ-жауап, мысалдарды қарастыру арқылы түсінеді.
|
Екілік санау жүйесіндегі арифметикалық амалдар ережесі
Қосу
|
Азайту
|
Көбейту
|
0 + 0 = 0
0 + 1 = 1
1 + 0 = 1
1 + 1 = 10
бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.
|
0 – 0 = 0
1 – 0 = 1
0 – 1 = 1 көрші (үлкен) разрядтан бірді қарызға аламыз.
1 – 1 =0.
|
0*0 = 0
1*0 = 0
0*1 =0
1*1 = 1
|
|
Бейне жазбада көргендері туралы ойларын ортаға салу.
Арифметикалық амалдар қосу, азайту және көбейту:
|
Қолдану 15 мин
Тапсырма №3. Топпен жұмыс тақырыпты ашу.
|
Топпен жұмыс.
Практикалық тапсырма орындау.
|
1-топ, 2-топ, 3-топ берілген мысалдарды орындау.
Тапсырма: оқулықтан 19-20 бет
|
Талдау 5 мин
Тапсырма №4.
|
Санау жүйесіндегі жүйелердің айырмашылығын салыстырмалы талдау жасау.
|
Салыстырмалы талдау жасау
|
Жинақтау 7мин
Тапсырма №5. Тест жұмысы.
|
Өткен тақырыптан білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы жинақтайды.
|
1-топ, 2-топ, 3-топ
Тест жұмысы
|
Бағалау 3 мин
|
Сұраққа жауап беру арқылы.
|
Санау жүйесінің маңыздылығы қандай?
|
Кері байланыс
|
Рефлексия
|
Мен бүгін ....................
Маған ...........................
Мен үшін......................
Егер де мен...................
Алдағы уақытта..........
|
Жана түсініктер:
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы-санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
ҚОСУ
0 + 0 = 0
1 + 0 = 1
0 + 1 = 1
1 + 1 = 10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.
Мысалы.
101
+
011
Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1 + 1 = 10. Қосындының кіші разрядына 0 жазылады да, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады,
2.Келесі сол жай разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1 + 1 = 10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келесі
үлкен разрядқа тасымалданады.
3.Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалоын бірлігі
қосылады:
1 + 0 + 1 = 10. Бұл разрядта 1 жазылады, ал бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады, т.с.с.
4. Нәтижеде
101
+
011
1000 алдық.
Сонымен, 10002 = 810.
Қосу - екілік арифметикадағы маңызды оперция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция - азайту, көбейту. бөлу, әдепе косудың көмегімен орындалады.
АЗАЙТУ
0 – 0 = 0
1 – 0 = 1
0 – 1 = 1 көрші (үлкен) разрядтан бірді қарызға аламыз.
1 – 1 =0.
Мысалы:
1010
-
101
1. Кіші разрядта: 0-1. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті карызға аламыз да, 10 -1 = 1—ді табамыз.
2. Келесі разрядта 0-0 = 0 болады.
3.Сол жақтағы разрядта тағы да: 0-1. Үлкен разрядтан 1-ді карызға алып, 10-1
1-ді табамыз.
4.Келесі разрядта 0 қалады.
5.Нәтижеде
1010
-
101
101 алдық.
КӨБЕЙТУ
0
|
*
|
0 = 0
|
1
|
*
|
0 = 0
|
0
|
*
|
1 =0
|
1
|
*
|
1 = 1
|
Мысал. 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. сандарды көбейтудің кіші разрядтан бастап бағанда орындайық.
101 Тексеру: 1012 = 1 *22+0*21+1 *2° =5
* 1102 = 1*22 +1*21 +0*20 = 6
110
000
101
+
101
11110
111102= 1*24+1*23+1*22+1*21+0*2° = 16+8+4+2+О-ЗО10, яғни 5*6=30
БӨЛУ
Екілік санау жүйесінде бөлу - ондық жүйедегі (бұрыштап) сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
30
|
2
|
|
|
|
0
|
15
|
2
|
|
|
|
1
|
7
|
2
|
|
|
|
1
|
3
|
2
|
|
|
|
1
|
1
|
2 (екілік санның үлкен цифры)
Мысал. 30 санын 5 санына бөлейік. Ол үшін 3010 санын екілік 111102 -ге ауыстырайық,
510 - 1012-ге сатылап бөлуді орындайық.
0
1102 = 610
Достарыңызбен бөлісу: |