1 Практикалық сабақ
Экология пәні және қоғамдағы экологияның орны
Тапсырмалар:
1.Экологияның даму тарихындағы ғалымдар еңбегін баяндау.
2.Экологиялық кодекс. Кодекс тарауларымен танысу, талдау сөзжұмбақ негізінде .
Cабақтын мақсаты: Экология ғылымының қоғамдағы маңыздылығын түсіну.
Тапсырма 1.
Экологияының даму тарихының үш кезеңінде атсалысқан, ғалымдардың аттары, еңбектерін атап жаз:
1 кезең (1707-1924) Бұл кезең: ...
2 кезең (1924-1980) Бұл кезеңде: ...
3 кезең (1980-2009) Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Осы кезде экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси – экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Бұл кезеңде аса ірі эколог– биолог ғалымдар: ...
Тапсырма 2. Экологиялық кодексте қолданған терминдерді меңгеру мақсатында терминдерді қолданып сөзжұмбақ құрастыру
Сөзжұмбақ
Экологиялық кодекс
Сұрақтары:
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданған кодекс
Қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда жасалатын шара
Қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар
Елеулі физикалық, химиялық, биологиялық өзгерістерге ұшырамайтын, әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар
Табиғат пайдаланудың тұрақты түрі, халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін табиғи ресурстар пайдалануға тегін берілу жүзеге асырылады
Табиғат пайдалану түрі, табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін
Адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су обьектілеріне немесе жергілікті жер рельефіне ағызылатын сулар
Елді мекендерде оның ішнде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары
Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер ету термині
Тұтыну құндылығы бар табиғи обьектілер (Жер, жер қойнауы ,су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі)
3 тапсырма. Төмендегі материалды оқып, экологияның басқа биология салаларымен өзара байланысын сипаттаңыз. Ол үшін 2-сызбада, әрбір көрсеткіге қарама-қарсы ғылымның тиісті саласын көрсетіңіз.
|
Экология
|
Даму биологиясы
|
Бактериология
|
Орнитология
|
Ботаника
|
Энтомология ж.т.б.
|
Генетика
|
Молекулярлық биология
|
1 сызбанұсқа- «Қатпарлы бәліш» биология (Одум бойынша, 1975).
1. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» 2006 жыл Асқарова Н.И.
2. «Жетісу экологиясы» Ахаев. С.Т. Алматы 2003 жыл.
3.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу қуралы. А, 2000.
4.Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу қуралы. А, 2000.
5.Сағымбаев Г. Экология негіздері. А, 1995.
6.Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы, «Экономика»,2002.
7https://vikent.ru/enc/3946/
Достарыңызбен бөлісу: |