Сабақ әнұранды тыңдаумен аяқталады. ҮІІ. Мадақтау. Динамикалық үзіліс ойын «Орамал тастамақ»



бет2/6
Дата25.12.2016
өлшемі2,45 Mb.
#4331
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Математика.

Тақырыбы: Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.

Білімділік мақсаты: Сызықтың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру;

сызықтарды ажырата білуге үйрету.

Ұштастыра дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дымыту.

Тәрбиелік: Сыйластыққа тәрбиелеу, бір-бірінің жауабын тыңдауға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІI. Психологиялық көңіл -күй.



-Біз бүгін математика сабағында Геометриялар елі деп аталатын фигуралардың сиқырлы патшалығына тап болдық.Бұл елде ерекше тұрғындар өмір сүреді. Ал олардың қандай екенін бүгінгі сабақта білетін боласыңдар. Саяхатшылар жолға әрқашан да мұқият дайындалады.Қазір сендердің жолға дайындықтарыңды тексереміз.

«Жұмылған көзіңмен тап» ойыны.Мұғалім оқу құралдарын атап, оларды көрсетулерін сұрайды. Оқушылар көздерін жұмған күйі аталған затты тауып, оны көрсетеді.



Тірек білімдерін жетілдіру.

Өз жұбыңды тап ойыны.

II . Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыс. Менің қолымда екі ұщынан шарғыға оралған жіп бар. 2 шарғыдан жіпті екі жаққа тарқатамын. Жіпті қатты тартайық. Қандай сызық алдық? Жіпті екі жақ бағытта да әлі тарқата беруге бола ма? Жіп пен сызықтың қандай айырмашылығы бар? Егер жіпті босатсақ, онда ол қисық сызыққа ұқсас болып шығады. Сөйлемді аяқтаңдар: Сызықтың басы да, ... . Ол - ...

Сергіту сәті

III . Оқулықпен жұмыс.

№ 1. Сендер Геометрия елінің маңызды тұрғындары сызықтармен танысасыңдар. Сызықтар түзу және қисық болады. Қалай ойлайсыңдар , суреттегі сызықтардың қайсысы түзу, қайсысы қисық?Түзу және қисық сызықтар сызыңдар?

№ 2.Оқушылардың назарын түзу жолдың ең қысқа жол екеніне аудару.

№ 3.Сурет бойынша оқушылар сызық түрлерін атайды.

№ 4. Оқушылар қай фигураның артық екенін анықтап, өз шешімдерін дәлелдейді. Фигураларды түсі, пішіні, мөлшері бойынша салыстыру.



Сергіту сәті.

IV. Дәптермен жұмыс.

№ 1. Сызықтарды түсті қарындашпен бастырып, фигураларды дұрыс атау.


№ 2. Мұғалім оқиды, балалар керекті фигураны тауып, бояйды.

№3. Алдымен кестеге талдау жұмысы жүргізіледі.Неше баған,неше қатар барын анықтайды.Салынған фигуралардың атын атайды, олардың қасиеттері пішіні,мөлшері, түсі анықталады.Ары қарай олардың баған, қатар бойынша орналасу реті талқыланады. Содан кейін ғана жетпей тұрған фигураны табады.



V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Кім шапшаң»

Тақырыбы: О дыбысы мен әрпі. Ою
Білімділік мақсаты: О дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; мазмұнды сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Ұштастыра дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

І. Ұйымдастыру сәті

ІІ. Психологиялық кезең


ІІI . Мазмұнды сурет бойынша әңгімелесу.Тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрату (қыздар, Оразкүл, Орынша, кірпі,көрді, шақырды,таңғалды).

Мазмұны бойынша кірпіні көрген қыз таңғалғандағы шығарған дыбыс ( О-О-О ! ) негізге алынады.

-О дыбысын әндетіп те, созып та, айғайлап та айта аламыз.Айтқанда ешнәрсе кедергі жасамайды.(тіл, тіс, ерін) . Осылай айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс деп айтамыз.Бұл дыбыс мынадай әріппен таңбаланады, -деп әріп таңбасы көрсетіледі.Ауада жазып көрсетеді.

Мазмұнды суреттің астындағы берілген сызбалар бойынша сөйлем құрату.

IҮ . Жазу дәптеріндегі шарға ұқсас суретті бастырып сызу , еркіне қарай шарларды бояу.



Орақ, доп, орындық сөздеріне дыбыстық , буындық талдау жасау және оларды белгілеу.О, А әріптерінің орнын анықтату.Сөйлем құрау.

Сергіту сәті.



Ұйқасын тап.

Алмастан тыным , Жағасында бұлақ,

Шабады ... құлын. Жайылып жүр .... лақ.

Уылжыған албырт, Шабақ аңдып жағада,

Дәмі ғажап ... Алмұрт. Шарқ ұрады ... шағала.

III. Дәптермен жұмыс.

О әрпінің баспа және жазба үлгілері салыстырылады. Үлгі бойынша бастыра жазу.Дыбыстық талдау.

V.Мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу.Әңгіменің тақырыбы : Ою.

Сызбаға сәйкес сөйлемдер құрау.

VІ. Оймақ сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасау, о, а әрпінің орнын анықтау.Жазу дәптеріндегі суреттерді атап (орман, жол ), талдау жасау, дыбыстарды ажыратуға баса көңіл бөлу.


VІI . Сауатты жазуы мен сөздік қорын молайтуға арналған диктанттар түрін жазу. Мысалы, мұғалім сурет көрсетеді. Оқушылар заттың атын атап, сызбасын сызады, буынға бөліп белгілейді.Дәптердің 19-20 беттерінде орын қалдырылған.

VІІІ. Сабақты қорытындылау.

ХI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Орамал тастамақ»


Тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі.
Білімділік мақсаты: Р р дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Ұштастыра дамыту: сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.

Тәрбиелік: Тілалғыштыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:


I. Мазмұнды түсіндірме жұмысы. Ағаштың адам өміріндегі пайдасы көп. Біздің жазуға пайдаланып жатқан қағазымыз, отырған партамыз ағаштан жасалады.

- Ағашты отын ретінде де қолданамыз. Ол үшін ормандағы өсіп жетілген ағашты электр арамен кеседі. Егер ағаш кесу кезіндегі дыбысты естігендерің болса, қандай дыбыс шығарады екен? Естеріңе түсіріп көріңдерші (Р-Р-Р!).

Р р дыбысының әрпін көрсетіп, таныстыру. Дауыссыз дыбыс екенін анықтап, оның көк түспен белгіленетінін естеріңе түсіру.

Р дыбысымен өткен дыбыстарды байланыстыра отырып, буын құрауға жаттықтыру.( А-Р-р , Р-р-А, О-Р-р, Р-р-О).


II . Жазу дәптеріндегі Р р әрпінің жазба және баспа түрлерін салыстыр, Ауада жазу, үлгі бойынша жазу, Арпа, радио, орманның суреттеріне байланысты берілген тапсырманы орындау.
Сергіту сәті.

Бала, бала, балақан,

Қане , қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай былай ойнап.

III. Шортан, арба, тырна сөздеріне буындық талдау жасалады. Сызбамен берілген буындар мен сөздерді оқуға жаттықтыру. Осы сөздерді тұтас оқуға үйрету.

IV.Айтылуы бір, ұғымы түрлі болып келетін сөздермен таныстыру.(ара- жәндік, ара - сайман), сөйлем құрату. Дәптердегі берілген жолдарға сөйлемдердің сызбасын жазу.

V. Арпа, радио, орман суреттерімен талдау жұмыстарының түрлерін орындау.Ондағы а, о, р дыбыстарының орны анықталады.

Логикалық тапсырмалар орындалады ( аю, орындық, тағы не?)

Буындық диктанттар жазу. ( ар, ор, ра, ро)

Жұмбақ шешу.

Бірі - ағаш кесу құралы,

Бірі - шырынды бал бұлағы. (Ара)

VI . Сабақты қорытындылау.



VII . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Өз жұбыңды тап»


Тақырыбы: Л л дыбысы мен әрпі. Лақ
Мақсаты: Л л дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I . Әңгіме:

Ләйләнің кішкентай ақ лағы секіріп ойнап келе жатып, есік алдында жатқан күшікті басып кете жаздады. Қорыққан күшік үре бастады. Шошып қалған лақ жүгіріп барып, Ләйләні паналады. Ләйлә оның қылығына күліп жіберді де мынадай өлең шығарды:


Жалт жұлт етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ.

Секірем деп бір ақ,

Қала көрме құлап.


Осы өлең арқылы лақ сөзіне талдау жасалады.( л-л-л- ақ, Л-л-л-ләй-л-л-лә)

Л л дыбысының таңбасын таныстырады.Дыбыстық әдіс бойынша буындар, сөздер оқытуға арналған жаттығумен жұмыс.


II . Жазу дәптеріндегі л әрпін жазудың элементтерімен таныстырып, үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Сергіту сәті.
III. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу.Сызба бойынша сөйлем құрастыру. Бұзау мен күшіктің суреттеріне байланысты сөйлемдер талданады.
IV.Лақ, балапан сөздеріне байланысты шығармашылық жұмыс жүргізу.

Дыбыстық, буындық талдау жасау.


V. Шығармашылық тапсырма. (Олар доп ойнады. Олар биледі. Ол қармақ салды.)
VI. Оқулық бетіндегі буындар мен сөздерді оқып жаттығу жұмыстарын жүргізу. Әріп диктантын жазу. А, о,р,л.
VII . Көшіріп жазу. Ол, ор, ло, ро, ар, ра, ала, ара, ора, олар, орал, арал.

VIII . Сабақты қорытындылау.

. мадақтау.

Динамикалық үзіліс бой сергіту жаттығулары


Математика.
Тақырыбы: Нүкте. Кесінді.Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеу.
Мақсаты: нүкте, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды сантиметрмен таныстыру, кесінділердің ұзындықтарын салыстыруды үйренуге дайындау.
I. Психологиялық көңіл -күй.

Тірек білімдерін жетілдіру. Санау, заттардың кеңістікте орналасуы туралы түсініктерін бекіту үшін ауызша жұмысқа ойындар мен жаттығулар енгізу.
II . Жаңа материалмен таныстыру.

Карточкаға жазылған СЫЗЫҚ, КЕСІНДІ, НҮКТЕ сөздерін оқып береді.

Сызық түрлерін еске түсіру. Ал енді сендер қайшыны алып, түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан кесіп алдыңдар дейік. Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген, яғни оның басы мен ұшы бар. Суреттегі сызықтың басы мен ұшы бар ма?Сызықты біз екі жағынан шексіз соза береміз.
III . Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы, қандай ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше?
№ 2.Бізге өлшеу үшін қандай да бір өлшем керек. Әлия өлшемдерге бөлінген алып, кесіндіні өлшеді. Кесіндіге неше өлшемді сыйғызуға болады? Дәнияр осы кесіндіні көк жолақпен өлшеді. Оның өлшемі неше рет сыйды. Неге Әлия мен Дәнияр бір кесіндіні өлшеген кезде әртүрлі өлшем шықты? Балалардың назарын бірдей кесіндіні түрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығатынына аудару керек.
№ 3.Оқушылар ұзындығы оқулықтағыдай өлшемді алып, кесіндіні өлшейді. Кесіндіні әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде шамаларының бірдей болмайтының түсіндіреді.

№ 4.


№ 5.Логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

Сергіту сәті.

IV. Дәптермен жұмыс.

№ 1. Өлшеу жұмысы көз мөлшермен жүзеге асырылады.


№ 2. №3. геометриялық фигуралардың атауларын бекіту үшін берілген.
V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Ұшты-ұшты»


Әліппе

Тақырыбы: Ш ш дыбысы мен әрпі.


Білімділік мақсаты: Ш ш дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Ұштастыра дамыту: сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Түрі: аралас, жұппен

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық кезең

Жаңа тақырып.

ІІI . Жұмбақ шешу.


Үрлеп алып ойнауға болады,

Жинап алып, байлауға болады.

(Шар.)

Шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алу.

(Ш-ш-ш- ар ). Суреттерге байланысты сөздермен жұмыс.Сөздің алғашқы екі дыбысын жалғастыра оқу арқылы келесі дыбыстарды табу.


ҮI . Жазу дәптеріндегі Ш ш әрпінің жазба, баспа түрін салыстыра отырып, графикалық талдау жұмыстарын жүргізу.
Сергіту сәті.

Отырып –ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең, егерде

Былай ескек есемін.
III. Буындар мен сөздерді оқыту.Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау. Логикалық тапсырма.

Сергіту сәті

V. Ш ш әрпін жазуды үйрету. Шапан, шие сөздеріне байланысты шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс.

VІ. Баған түрінде берілген буындар мен сөздерді оқыту.

VІ I .Суретке қарап –ақ жасырынған сөздерді табу.

VII. Көшіріп жазу. Текшелерден сөз құрау.

VIII . Әліппе серігі . «Шие тергенде» мәтінін оқу, талдау.

IХ. Сабақты қорытындылау.

Х . мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Бұл кімнің даусы»



Математика.
Тақырыбы: Ұзындықты өлшеу.
Білімділік мақсаты: ұзындық түсінігін қалыптастыру; әртүрлі өлшемдердің көмегімен ұзындықты өлшеуді үйрету; өтілген материалдарды бекіту.

Ұштастыра дамытушылық: Ой-өрісін, логикалық ойлау дығдыларын жетілдіру

Тәрбиелік: Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІI. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша жаттығуларға санау, кез келген саннан бастап сандарды тура және кері санауды қайталау.
ІII . Жаңа материалмен таныстыру.
Практикалық жұмыс. Балалардың бойын салыстырып, қорытынды жасаңдар.Мұғалім мен оқушының бойы, қағаздан дайындалған жолақтардың ұзындықтары, парталардың биіктіктері, қуыршақтың бойы салыстырылады.Содан кейін парта мен мұғалім үстелінің ұзындықтарын салыстыру.

IҮ . Оқулықпен жұмыс.



Сергіту сәті

№ 1. тапсырма бойынша практикалық жұмысты орындайды.


№ 2. Реттік санауды бекіту. « Шеңбер бойында неше бала тұр?Бас киім киген баладан, бұрымы бар қыздан бастап сана, т.б. Көзілдірік таққан бала бұрымды қыздан бастап санағанда нешінші тұр?Егер оң жағынан бастап санасақ ше?Сол жақтан ше?Бантигі бар қыздан бастап санағанда үшінші кім тұр? т . б.

Сергіту сәті.

V. Дәптермен жұмыс.
№ 1. Екі нүктені қосу арқылы кесінді сыз.Пайда болған кесінділерді санайды.

№ 2. Өздік жұмыс.

№3. Кеңістікте бағдарлай алу.

Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.

№ 4. Балалардың бірі тақтаға шығады және кестенің бір бөлімін іштей таңдайды. Қалғандары оған мынадай сұрақтар қояды:

-ол заттың пішіні дөңгелек пе?

-ол зат төменгі қатарда орналасқан ба? т . с.с.

№ 5.Оқушылардың зейінін арттыруға арналған.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Дүниетану.

Тақырыбы: Өлі, тірі табиғат. Адам қолымен жасалған заттар. ( 2 сағат)

Мақсаты:

Қоршаған дүниедегі өлі табиғат заттарымен таныстыру; оқушыларды өлі табиғатта болатын өзгерістерді бақылап жүруге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу; оқушының дүниетанымын дамытуға жағдай жасау; көптеген заттардың адам қолымен жасалатындығын түсіндіру; кез келген затқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.


Сабақтың жабдығы: бейнелі суреттер , бейнетаспа, өлі табиғат заттары (су, құм, тас, т.б.), әр түрлі адам қолымен жасалған заттар.
Сабақтың барысы:
1. Оқулықты пайдаланып, суреттер мен тапсырмалар арқылы оқушылардың өлі табиғатты өздерінің анықтауына жағдай туғызу.

2. Бейнелі суреттерді, не бейнетаспаны пайдаланып, өлі табиғат туралы түсініктерін тиянақтай түсу.Көріністерді талдап, өлі табиғат заттарын ажырату.

3. Оқушылардың өмір тәжірибесін пайдалану.

-Маңайды қарап, өлі табиғат заттарын ата.Неге өлі табиғат дейміз?

4. Табиғи заттармен жұмыс: түрлі өлі табиғат заттарын таратып беру.

- Алдарыңдағы заттарды қара. Оларды ата. Оларды қайдан кездестіресің?



Сергіту сәті

5. Ойын ұйымдастыру. Мұғалім тірі және өлі табиғат заттарын араластырып айтады. Өлі табиғатты атағанда оқушылар қол соғу керек.Сонан кейін оның неге өлі табиғат екенін дәлелдейді.


6. Логикалық ойын дамытуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар беру:

- Су қыста қандай түрде кездеседі?

- Суды қолға үйіп ұстауға бола ма?

- Су қайнағанда неге айналады?

- Мұз ерігенде не пайда болады?

-Осының негізінде өлі табиғатқа енетін су туралы не айтуға болады?


7. 1)Оқулықпен жұмыс.

2) Оқушылардың өмір тәжірибесімен байланы20.09.2010стыру. Сынып ішіндегі заттарды атап, олардың бәрінің де адам қолымен жасалғанын айтады. Мәселен, парта неден жасалған? Ағаш қайда өседі?Адам партаны не үшін жасайды? т.б.

№ 1. Дәптермен жұмыс.

Бояу, жұмбақтар шешу. Берілген суреттердің ішінен адам қолымен жасалған заттарды қызыл нүктемен белгілету.



  1. Сабақты қорытындылау.

IX . Бағалау.

Динамикалық үзіліс ойын «Тапқыр болсаң табарсың»

Математика.

Тақырыбы: Фигураны бөліктерге бөлу және құрастыру.


Мақсаты: геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын қалыптастыру, фигураларды бөліктерге бөле алуға және құрастыра білуге үйрету.
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.

« Менің не ойлағанымды тап» Тақтада кесінді, шаршы, дөңгелек, түзу сызық, қисық сызық бейнеленген. Мұғалім бір фигураны сипаттайды, оқушылар оның қандай фигура екенін табады.Мысылы: Мен үш бұрышы бар бір фигураны ойладым. Мен қандай фигураны ойладым? т.б. Тура , кері санау.


II . Жаңа материалмен таныстыру.
Практикалық жұмыс. Таныс екі фигураны көрсетеді. Мысалы шаршы мен үшбұрыш. Фигураның қалай аталатынын , оның түсін, мөлшерін, т.б. нақтылайды. Содан кейін алдын ала белгіленген сызық бойынша фигуралардың бірін балалар жеңіл ажырата алатын шаршы үшбұрыш сияқты бірнеше бөлікке бөледі. Жаңа неше фигура пайда болғанын , олардың қалай аталатынын сұрау.Осы жаңа пайда болған фигуралардан қайтадан алғашқы фигураны құрастыруға болады.
III . Оқулықпен жұмыс.
№ 2. Адамның денесі қандай фигуралардан құрастырылған? Неше дөңгелек бар? Неше үшбұрыш? Кран қандай фигуралардан құрастырылған? Неше шаршы? Неше төртбұрыш? Үшбұрыштар ше?
Сергіту сәті.
IV. Дәптермен жұмыс.
№ 1. Көрсетілген фигураны құрастыруға болатын бөлікті бірнеше бөліктердің арасынан табады. Тиісті бөліктерді тапқаннан кейін көрсетілген фигурамен бірге бір түспен бояйды.

№ 2. Графикалық дағдыларын арттыру.

№3. Денелердің неше геометриялық фигуралардан құрастырылып тұрғанын санау.

V.Сабақты қорытындылау.

VI. Мадақтау.

Әліппе

Тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі.


Білімділік мақсаты: С дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау.

Ұштастыра дамытушылық: сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: С әрпінен басталатын суреттері бар карточкалар


Оқу үрдісінің тәртібі:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық сәт

ІІІ.Жаңа тақырып.

Әңгіме:

Самат секіріп ойнап, өзенге қарай келе жатты. Жол бойында өзіне қарай айбат шегіп тұрған жыланды көріп , тоқтай қалды. Жылан басын көтеріп, ысылдап тұр. Балалар, сонда жылан қандай дыбыс шығарып тұр?

Балалар: -С-с-с-с! С дыбысының әрпін көрсетеді.

Жылан, сағат, сабын суреттеріне байланысты сөздермен жаттығу жасау.

Дауыссыз дыбыс екенін айтып, түрлі буындар құрап, жаттығу жүргізу. (С -с -с -а, с-с-с-о,а-с-с,о-с-с)

Сергіту сәті.
II . Жазу дәптеріндегі C c әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Жел улейді: у- у,

Құйын келіп билейді: зу- зу,

Қатты - қатты жел соқты: гу- гу,

Жапырақтар қол соқты: ду- ду.
III. Буындар мен сөздерді оқыту. Сөйлемдерді толықтыру.Сөзден сөйлем құралады, сөйлемнің сөзден тұратындығы талданады.

Сергіту сәті.


IV. С дыбысының бас әрпін жазу, сөздердегі әріптерді үзбей жазу.

V. Тапқышбектің қолындағы шарларда жазылған буындарды тұтас оқу.

V I .Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құратып, Шара мен Ораштың арасындағы сыйластық туралы әңгіме жүргізіледі.

VII. Ойнайық та, ойлайық! ойыны.

VIII . Көшіріп жазу. Өткен әріптердің баспа түрі жазба түрінде жазылады.

IХ. Сабақты қорытындылау.

Х.Мадақтау

Динамикалық үзіліс
Математика.

Тақырыбы: Пысықтау.Білімдерін тексеру.


Мақсаты: Өтілген материалды бекіту және қорытындылау.
I. Психологиялық көңіл -күй.
II . Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Сурет бойынша жұмыс.
№ 2. Бірінші , үшінші тұрған қыздардың шелектерінің түсі қандай? Көк шелек нешінші қыздың қолында?
№ 3. Заттар тобы қандай белгісі бойынша топтастырылған?
№ 4. Қандай фигураларды олар да сонша деп айтуға болады?Қандай фигуралар кесіндіден қарағанда артық? Қандай фигуралар бірдей?
Сергіту сәті.
III . Дәптермен жұмыс.
Өзіндік жұмыс. 15 мин.
Мұғалім тапсырмаларды оқып, түсіндіргеннен кейін балалар өздері орындайды.Дәптердің шетінде екі бағдаршамның суреті тұр. Бір бағдаршамды балалар өздері бағалап, тиісті түспен бояйды, ал екіншісін мұғалім бояйды. Бағалауды салыстырады.
I – нұсқа, II - нұсқа
№ 1. Боялған дөңгелектер мен үшбұрыштар тең болатындай дөңгелектерді көк түспен, үшбұрыштарды жасыл түспен боя.
№ 2.Оң жақтан санағандағы үшінші жұлдызшаны боя.
№ 3. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар сыз.
№ 4.Бағандарда, қатарларда қайталанбайтын әр тор көзге қалдырылған фигураларды сал.
IV.Сабақты қорытындылау.

IV. Мадақтау.


Әліппе

Тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі. Сушылар.


Мақсаты:

Ы ы дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау; бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру;


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.

Жұмбақ шешу

Кесе, шыны, пиала.

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? ( Ыдыс )

Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтқызады. (Ы – ы- ы- ды- ы- ы- с)

Оның таңбасын көрсетіп, әрпімен таныстырады. Кеспе әріптердің көмегімен буындар құрастырып, оларды оқыту. (ыл, ыс, ыр, ыс, ыш,)



Шыбын, сыпырғыш, қарлығаш, сиыр сөздеріне дыбыстық талдау.
II . Жазу дәптеріндегі Ы ы әрпінің баспа , жазба түрлерін салыстыру.

Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау.Ы дыбысының орнын тап.


Сергіту сәті.
III. Мәтінді оқыту. Сөз тіркесін толықтыру. Сыр деген сөзді бояу деген сөзбен алмастыру.
IV. Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасау, сөзді көркем етіп үлгідегідей көшіру.
V. У, ы дыбыстарын қосып, буын, сөз құрау.
V I .Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құратып, Шара мен Ораштың арасындағы сыйластық туралы әңгіме жүргізіледі.
VII. Ойнайық та, ойлайық! ойыны. Логикалық тапсырма. Өздері білетін кісі аттарын жазуға мүмкіндік жасап, шығармашылыққа баулу.
VIII . Көшіріп жазу. Өткен әріптердің баспа түрі жазба түрінде жазылады.

IХ. Сабақты қорытындылау.

Х.Мадақтау

Динамикалық үзіліс ойын «Тапқыр»

Әліппе

Тақырыбы: Д д дыбысы мен әрпі. Аула.


Мақсаты:

Д д дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау; бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру;


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.

Жұмбақ шешу

Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап. Ол не? Доп

Доп сөзін қайталап айтқыза отырып, д дыбысының орны анықталады.

Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атау. Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табу.(дауылпаз, домбыра, дуадақ)


II . Жазу дәптеріндегі д әрпінің баспа , жазба түрлерін салыстыру.

Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту сәті.
Ду , ду, ду! Дүк –дүк! Ду , ду, ду! Дүк –дүк! Ду , ду, ду! Дүк –дүк!

Пойыз келеді. Жүгіріп өтпе Пойызды өткіз.

Ду , ду, ду! Дүк –дүк! Ду , ду, ду! Дүк –дүк! Қол бұлғап қалайық-

Бәрі жол береді. Тұра тұршы шетте. Жол болсын ! -деп біз.


III. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрап, Дос әңгімесін оқып, толықтыру.

Бас әріппен жазылатын сөздерге мән беріледі. Мәселен, Асыл сөзі неге бас әріппен жазылған.


IV. Сөйлемді сызбаға салып, талдау жұмысы жүргізіледі. Көркем жазу.
V. Дыбыстардан жеке буын жасалады. Келесі бағандар бойынша буындардан сөздер құралады.Олардың қатысуымен суреттерге негізделген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрылады.
V I .Жаңылтпашты жатқа айту.

VII. Ойнайық та, ойлайық! ойыны. Көшіріп жаз.

VIII. Сабақты қорытындылау.

.Мадақтау


Тақырыбы: Т т дыбысы мен әрпі. Шал мен түлкі.

Мақсаты:

Т т дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау; бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру;
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа тақырып.
Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі)


Түлкіні көрсете отырып, түлкі сөзіне талдау. Т әрпінің орны анықталады.

Тау, тарақ, тоқылдақ сөздері оқытылып, дыбыстық талдау.

Баған түрінде берілген буындарды оқушыларға бір бірлеп оқыту арқылы әріптердің орын ауыстыруына қарай сөз мағынасының өзгеруіне көңіл аударту.

II . Жазу дәптеріндегі Т т әрпінің баспа , жазба түрлерін салыстыру.

Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту сәті.


Тырс тырс , тырс тырс!

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады,

Тырс тырс , тырс тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс тырс , тырс тырс!

Жаңартып ауаны

Жаңбыр көп жауады.

III. Мазмұнды сурет бойынша сөйлем құрап, әңгіме құрылады. Шағын мәтіндегі сызбалардың орны сөзбен толықтырылып, сөйлемдер талданады.

IV. Ертегі мазмұны бойынша әңгіме құрайды.

V. Сөздерді көпше түрінде айту.

VI . Жатқа айту.

Төрде тұрған тақтадан,

Түрлі бейне тапты ағам

Тоқылдақ , торай, тырнаны,

Торпақ, тышқан, тұлпарды,

Терек, тауық, тырманы.


VII. Сабақты қорытындылау.
VIII .Мадақтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет