Сабақ ерекшеліктері. Көркем мәтінмен жұмыс жүргізу ерекшеліктері Орындаған: Уайділдә Айдын 302-топ студенті



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,75 Kb.
#82302
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ.әдебиеті оқ.УАЙДІЛДӘ Айдын 302-топ

Мәнерлеп оқу.
Мәнерлеп оқу орысша выразительное чтение — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімінекпініндауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді. Мәнерлеп оқуға қатысты негізгі ой-тұжырымдарды бүгінгі заман талаптарымен үндестіріп және сөз мәдениетін арнайы сала ретінде тұжырымдап берген іргелі еңбектер Н.Уәлидің “Сөз мәдениеті” және “Сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері” атты зерттеулері болды. Бұл еңбектерде сөз мәдениетінің категориялары, сөз мәдениетінің ғылым саласы ретіндегі маңызы, мәнерлеп оқуды теориялық тұрғыда дәйектелген.
Сөз мәдениетін оқу пәні ретінде қарастыру үшін “тіл мәдениеті” мен “сөз мәдениеті” деген терминдердің аражігін, олардың қарастыратын нысандарын анықтап алу қажет болды. Ғалымдар арасында пікірталас тудырған бұл терминдер туралы Т.Қордабаев: “Өмірде мәдениетті тіл, мәдениетсіз тіл деген болмайды, мәдениеттілік те, мәдениетсіздік те тілді қолдануда, сөйлеу (жазу) процесінде болады. Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айырылмастық бірлікте болатындарына қарамастан, бұл екеуінің бірлігі – тепе-теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар диалектикалық бірлік. Тіл дегеніміз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтығы. Ал сөйлеу – сол жансыз материалдардың өзара қарым-қатынасқа келуі, тілдің қимыл үстіндегі күйі. Тілге жақсы, жаман, мәдениетті, мәдениетсіз деген сын жүрмейді. Осы себептен “тіл мәдениеті” дегеннен гөрі “сөйлеу мәдениеті” деу өз мазмұнына сай келеді”,- деп көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет