Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ ерекшеліктері. Қорытынды сабақ кіріспе сабақтармен, көркем мәтінмен жұмыс кезеңімен тығыз сабақтасты. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі болып табылады. Алдыңғы сабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітіледі.
Қорытынды сабақ -өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Қорытынды сабақтың келесідей құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалім қорытындысы. Қорытынды сабақ, еңбастысы, әңгімелеу түрінде өткізіледі.
Сабақты бекіту кезеңінің оқу-тәрбиелік міндеті - оқушылардың жадында керекті білім мен іскерліктерді бекіту барысында оқыған материалдарды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау, керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру.
Кезеңнің мазмұны:
1) Жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;
2) Кезекті білімді тексері;
3) Оқушылардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;
4) Жаңа оқу материалын тәжірбиеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту;
5) Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үй тапсырмасын берудің оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру.
Кезеңнің мазмұны:
1)Сабақтың қорытындысын шығару;
2) Оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру;
3) Үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру.
4) Жұмыс мазмұнын және оны орындаудың тәсілдерін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.
5) Үй тапсырмасының мазмұнын барлық оқушылардың түсінуі.
Қорытынды сабақ
Сабақты бекіту, үй тапсырмасын беру кезеңі (5 мин)
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (25 мин)
Кезеңнің алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер: оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды беруге әзірлеу, оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.
Кезеңнің мазмұны:
1) Жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау;
2) Жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірбиедегі пайдасын көрсету;
3) Оқушыларға осы сабақта нені үйрену қажеттігін, қандай білім алып, іскерлікке үйреніп, оның қай жерлерін шапшаң істеу керектігі жайлы айту;
4) Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талдау немесе тұжырымдау;
5) Жаңа оқу материалын дұрыс қабылдаулары және түсінулері.