Шығарманы көркем қабылдау тәсілдері.
«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек. Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді.» М..А. Рыбникова.
«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
Оның ұлттық қазына екендігі;
Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту;
Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |