«Үздік интербелсенді сабақ әзірлемесі» Тақырыбы: «Жасуша-тіршілік негізі.» Сынып: 5 «А» Биология пәнінің мұғалімі: Танабергенова Г.
2022-2023 оқу жылы
Сабақ жаспары
Пән:Биология
Сынып: 5 «а»
Күні: 22.10.2022 ж.
Сабақтың тақырыбы:
Өсімдік жасушасының құрылысы мен атқаратын қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жасуша жөніндегі білімдерін кеңейте отырып, кеңірек мағлұмат беріп, білім дәрежелерін тереңдетіп жетілдіре түсу, тұқым қуалау заңдылықтарымен таныстыру
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттілігін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту, материалдың негізгісін ажырата білу
Тәрбиелік: Сабақ барысында шәкірттерді адамгершілікке, жауапкершілікке, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу
АКТ қолдану, «Бой сергіту», «Миға шабуыл», «Мағынаны тану», ДЖИК СО стратегиясы,
Күтілетін нәтижесі:
Оқушылар жасушаның құрылысын біле отырып, оның негізгі қасиеттерін түсінеді. Тіршілік қасиеттерінің жасуша үшін маңыздылығын ұғынады. Адам ағзасы үшін осы тіршілік қасиеттерінің маңыздылығын ажыратады.Оқушылар өз ойын жүйелі жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.
Түйінді идея
Жасуша туралы мағлұматтар бере отырып, сынып оқушыларын топпен жұмыс жасауға, ойларын жинақтап айтуға үйрету. Сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне ықпал ету.