Сабақ Физика 8 сынып Сабақтың тақырыбы: §43 Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары §44 Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар Сабақтың мақстаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі62,38 Kb.
#26292
түріСабақ
Ашық сабақ Физика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: §43 Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары

§44 Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар



Сабақтың мақстаты:

Білімділік. 1.Өткен материалдарымызды пысықтау.

2.Электрқыздырғыш құралдары туралы түсінік беру, қыздыру

шамдарының құрылысы, қызметі, қысқа тұйықталу,

сақтандырғыш туралы түсінік қалыптастыру.



Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және

танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге, еңбек

суйгіштікке,шапшаңдыққа баулу, тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, құрал-жабдықтар, суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, есеп шығару, тест, т.б.

Пәнаралық байланыс: химия, тарих, математика,әдебиетпен,өмірмен байланыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. (Тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).

1-тірек-сызба

Электр тогының жұмысы дегеніміз не?





Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.




Электр тогы жұмысының формуласын жаз.




A = I U t




ХБЖ жұмыстың өлшем бірлігі немен өлшенеді?




ХБЖ жұмыс джоульмен (Дж) өлшенеді.



2-тірек-сызба


Уақыт бірлігінде өндірілген токтың жұмысы қалай аталады және қандай әріппен белгіленеді?




Электр тогының қуаты деп аталады. Қуат Р әрпімен белгіленеді




Қуатты қалай табамыз, формуласы қандай?




Токтың қуатын табу үшін өткізіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек








ХБЖ қуат бірлігіне не алынған?





ХБЖ қуат бірлігіне ватт (Вт) алынған


3-тірек-сызба


Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар және ол заң қалай аталады?




Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс ғалымы Э. Ленц зерттеді. Ол заңдылық Джоуль-Ленц заңы деп аталды.




Джоуль – Ленц заңының формуласын жаз.





Жіпке ілдім мен өзім

Кіп – кішкентай Күн көзін (қыздыру шамы)


  1. Жаңа сабақ

Қазіргі кездегі техникада электр тогының жылулық әрекеті үлкен рол атқарады.Әр түрлі типтегі электр қыздырғыш құралдарпрактикада жие пайдаланылады. Үй тұрмысында электр пеші, электр үтігі, электр шәугім, шаш кептіруге арналған фендер және т.б. қыздырғыш құралдар кеңінен қолданылады.

Өндірісте никель, тантель, молибден тәрізді меншікті кедергісі едәуір металдарды дәнекерлеу үшін контактілі электр дәнекерлеуші, тетіктердің электрқыздырғыштары қолданылады. Ауыл шарушылығының әр түрлі салаларында жоғары температура алу үшін қуатты электр пнштері пайдаланылады. Пеш ішіндегі температура 2500 0С-тан 3000 0С-қа дейін жетеді.

Барлық электрқыздырғыш құралдарында қыздырғыш элемент болады. Ол: никел мен хромның құймасы нихром немесе темір, хром мен алюминийдің құймасы – фехраль тәрізді меншікті кедергісі үлкен және балқу температурасы жоғары материалдардан жасалады.

Нихром (ρ= 1,05*10-6Ом*м) мен фехральдің (ρ= 1,1*10-6 Ом*м) меншікті кедергілері жоғары және температураға тәуелсіз болады.Бұл құймалар жоғарғы температурада аз тотығады.

Қыздыру шамын қыздырғыш құралдарға жатқызуға болады.



Александр Николаевич Лодыгин



Ең алғашқы қыздыру шамын 1872 жылы Санкт-Петербургте орыстың электр технигі және өнертапқыш А.Н.Лодыгин (1847-1923)ойлап тапты. Ол шам ішіне жуан мыс сымдардың арасына көмір шыбық бекітілген шыны баллоннан тұрады. Электр тогын жібергенде, бұл шыбық қызып, жарық беретін болған. Қыздыру шамдарын жетілдірумен Эдисон, И.Ленгмюр және т.б. айналысты.

Қыздыру шамы бөлмелерді, үйлерді жарықтандыру үшін қолданылады. Қазіргі заманғы қыздыру шамы көрсетілген. Шамның сыртқа шығарылатын (2) металл өткізгішке бекітілген вольфрам қылы (1) бар. Олар шыныға (3) дәнекерленген. Ауаны айдап шығу үшін түтікшені пайдаланып, ауаны сорып алған соң дәнекерлеп тастайды. Қыздыру шамының мойыны (5) және оған оқшауланған контактісі (6) бар, оған қыздыру қылының сымдары бекітіледі. Цоколь мен контакт шамды патронға кигізіп бұрағанда, электр желісінің сымдарымен жалғасады.



  • Қазіргі таңда қыздыру шамдарының қылдарынабалқу тепмературасы 3370 0С болатын вольфрам сымдарын қолданады.

  • Қылдың қызу температурасы неғұрлым жоғары болса, соғырлым шығатын энергияның көп бөлігі жарық түрінде таралады.

Қысқа тұйықталу – зианды құбылыс.

Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атайды. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар, ток көі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қатты қыздыратындықтан – өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін.

Қысқа тұйықталу кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштың міндеті – ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу.

Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады.




  1. Есептер шығару

1 есеп



Кедергісі 150 Ом резисторда ток күші 4 А болғанда, 10 мин ішінде қанша мөлшерде жылу бөлінеді?

Берілгені:

R = 150 Ом

I = 4 А

t = 10 мин = 600c

т/к: Q = ?
2 есеп

Кедергісі 500 Ом тізбек бөлігінде 2 А ток күшін тудыратын тұрақты электр өрісі 30 ин ішінде қандай жұмыс атқарады?

Берілгені: Шешуі

R = 500 Oм

I = 2 A

t = 30 мин = 1800 c

т/к: A = ?

  1. Жаңа сабақты бекіту

  2. Үйге тапсырма

  3. Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет